Ол бұл тақырыпты терең меңгерді.
Ол бұл тақырыпты терең меңгерген екен.
Ол бұл тақырыпты терең меңгеріпті.
Ол бұл тақырыпты терең меңгерген шығар.
Ол бұл тақырыпты терең меңгерген болуы керек.
Бір модальділік мағынаның
осыншама көп синонимде-
рінің болуы қазақ тілі синтаксистік құрылымының, сөйлемде-
рінің стильдік мүмкіншілігінің молдығын, болымды сөйлем-дер-
дің стильдік бояуының әр алуан екендігін көрсетеді. Тек бұл
синтаксистік бірліктерді таңдап, талғап өз орнында жұмсай білу
керек.
Ал қазақ тілінде болымсыз
сөйлем жасаудың бірнеше
амалдары болатындықтан, оларды талғап жұмсаудың стильдік
мәні бар, өйткені болымсыз мағынаның эмоционалды-экспрес-
сивті реңктері күшті сезіледі. Зерттеу еңбектерде негізінен мұн-
дай реңктегі болымсыз сөйлемдердің жасалу тәсілдеріне мына-
лар жатқызылады:
-
аналитикалық тәсіл арқылы;
-
лексикалық тәсіл арқылы;
-
интонация арқылы.
Айтпа, айтпа деймін, анаған!
– болымсыздық мағынаның
аналитикалық тәсіл арқылы берілуі, болымсыз мағынада күшей-
ту мәні басым.
Үйіне келгелі әлі түк бітірген жоқ
– лексикалық
тәсіл арқылы жасалуы. Бұл сөйлемде түк болымсыз есімдігі
бі-
тірген жоқ
болымсыз баяндауышпен тіркесе отырып мағынаны
күшейтуге қызмет етіп тұр.
Жо-о-оқ!
Мен жай кетпеймін
– сөй-
лемінде
сөйлемнің экспрессивтілігі, болымсыздықтың күшей-
тілуі интонация арқылы жеткізіліп тұр. Бұл жерде болымсыз
тұлғада келген сөз стильдік талапқа сай эмфативті екпінмен
айтылады.
Болымсыз тұлғалы сөйлемдерді болымды етіп айтудың да
стильдік қызметі ерекше:
Мен енді айтамын – мен енді айтпай
тұра алмаймын
. Мұндай жағдайда айтылатын хабар өткір тілді,
эмоциялы сезімі күшті болады.
Кейбір
Достарыңызбен бөлісу: