М.Қанабекова



Pdf көрінісі
бет60/138
Дата03.03.2023
өлшемі1,98 Mb.
#170987
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   138
 
4.2. СИНТАКСИСТІК СТИЛИСТИКА 
 
4.2.1. Синтаксистік стилистиканың жалпы мәселелері 
Тіл құралдары стилистикасының үлкен бір тармағы – 
синтаксистік стилистика екендігі мәлім. Тілдік құралдардың 
стилистикалық жұмсалу мүмкіншіліктері өте кең. Ғалымдардың 
пікірінше, синтаксистің стилистикалық мүмкіндігі өте зор. 
Өйткені, тілдік қарым-қатынас сөйлем, оның әр түрлі үлгілері, 
құрылымдық түрлері негізінде жасалатыны белгілі. Сондықтан 
сөйлемнің құрылымдық, мақсаттық түрлері, сөйлем мүшелері-
нің әр түрлі қолданысы, инверсияланып жұмсалуы, жай сөйлем 
мен құрмалас сөйлем түрлерінің стилистикалық жүйесі, сино-
нимдік қатарлары – бұлар бай стилистикалық құралдардың қата-
рына жатады. Сөйтіп, стилистика синтаксистік тұлғалардың да 
жұмсалу аясын, экспрессивтік мағынада қолданылу ерекшелік-
терін тіл жұмсау шеберлігі тұрғысынан қарастырады. Яғни, сөй-
леуде не жазуда сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі, сөйлемнің 
құрылысы арқылы берілетін әр түрлі стильдік рең, мағына-
бояуларды, оны дұрыс пайдалану тәсілдерін қарастырады. 
Сөйлеу тілінде де, жазуда да ой айқындылығы шарты 
сақталуы керек, ол үшін сөйлем жатық, түсінікті құрылуға тиіс. 
Өзара логикалық әрі синтаксистік байланысқа құрылған сөйлем-
дерде ой дәлдігі, сөз образдылығы болса, оның эстетикалық 
әсері айрықша, әсіресе, көркем шығармаларда сөйлем түрлері, 
инверсия, сөйлем мүшелерінің қайталануы стильдік мақсатта 
жиі қолданылады. Ал сөз бен сөздің байланысу тәсілдерінен, сөз 
тіркестерінен, сөйлем құрастырудан жіберілген кемшіліктер 
стильдік-синтаксистік қате боп есептеледі 
(Интернатқа 
Бораштың апасы келіп, апасы оны көріп, сүйтіп, айқайлап 
жылап, құшақтады).


Стильдік мақсатта жұмсалған синтаксистік құрылымдарға 
назар аударалық:
Алтайдың аязды қысында, суық автобуста тоңып отырған 
екі жас жолаушының диалогі төмендегідей: 
Менің осындай мүшкіл халімді сезді ме, қыз: 
-
Пима киіп шықпаған екенсіз, – деді. 
-
Сол құрғырың жоқ қой. 
-
Не? Ақша ма, пима ма? 
- Екеуі де. 
- Түрмеден босап шығып па едіңіз? – Әзілдеді ме, шыны 
ма – айыра алмадым… 
- Не десем екен… Алматы жылы болған соң… 
- Ә, түсінікті. Бұдан былай есіңізде болсын, Алтай, 
Алматы емес, қатал. 
- Өзің қайдан келесің? 
- Мен де Алматыдан. 
- Оқисың ба? 
- Иә. 
- Қайда? 
- Қыздар институтында. 
- Факультеті? 
- Тіл-әдебиет. 
- Қайда барасың? 
- «Өркен» аулына
(О. Бөкеев). 
Бұл жерде диалогтің қысқа сөйлемдермен (көбі толымсыз 
деп аталатын бастауыш, баяндауыш немесе өзге сөйлем мүше-
лері түсіріліп айтылған конструкциялармен) берілуі, біріншіден, 
тоңып, берекелері қашып отырған адамдар үшін нанымды, шы-
найы болса, екіншіден, әңгімелесушілердің бірі журналист (қыс-
қа сұрақтар қойып, сұхбат алып дағдыланған) болғандығына 
байланысты туған стильдік құбылыс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   138




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет