М.Қанабекова


Синтаксистік құрылыс және стильдер жүйесі



Pdf көрінісі
бет61/138
Дата03.03.2023
өлшемі1,98 Mb.
#170987
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   138
Синтаксистік құрылыс және стильдер жүйесі 
Синтаксистің стильдік қызметі, стильдік амал-тәсілдері 
көркем шығарма жүйесінде молынан көрінеді. Орыстың тіл
маманы А.И.Ефимов
2
: «Стиль дегеніміз – құрылымдық-синтак-
2
Ефимов А.И. Стилистика русского языка. Л.,1989, с. 98 


систік категория» – деп айтады. Өйткені, көркем сөз үлгілерінде 
авторлық баяндау, ондағы кейіпкерлердің сөйлеу мәнері, баян-
даудағы экспрессивті-эмоциялы бояулар да, оқиғалар желісі де – 
бәрі көркем туындылардың синтаксистік құрылыс арқылы бері-
леді. 
Ал стильдер жүйесінде кез келген синтаксистік өлшем-
дерді жалпы синтаксистік заңдылықтарын сақтай отырып, ор-
нымен дұрыс қолданса, олардың бәрінің стильдік өңі, стильдік 
қызметі болады. Мәселен, ғылыми мәтіндердегі синтаксистік 
құрылыс, ондағы сөйлем құрылымы ауызекі сөйлеу стиліндегі 
ерекшеліктермен бірдей емес. Ғылыми мәтіндегі ойды нақты
түсінікті, жүйелі беру үшін, көбіне, құрмалас сөйлемдер қолда-
нылады. Мәтінде берілетін мол мәлімет пен күрделі ой өзара 
сабақтасып, келесі ойдың жалғастық табуына ықпал етуі тиіс. 
Көп ретте ғылыми мәтіндегі ой ереже, формулаға, анықтамаға
дәлелдемеге негізделеді. Мұндай жағдайда құрмалас сөйлемнің 
құрамындағы жай сөйлемдердің өзара байланысуы шылаулар 
арқылы жүзеге асады. Яғни, жалғаулықты құрмаластардың ат-
қарар қызметі мол 
(демек, және, сондықтан, себебі т. б.).
Ресми іс қағаздары стилінің де синтаксистік құрылымы, 
тілі ғылыми стильге ұқсас. Бұлардың әрқайсысына лайықталып 
тұрақталған белгілі сөз орамдары, дайын сөйлемдері болады. 
Оларға эмоционалдық немесе экспрессивтік қуаты бар сөз ора-
лымдарын араластыруға болмайды 
(қаулысы бекітілді, ұсыныс 
енгізілді, қуатын арттыру көзделді, жаңа технологиялық про-
грестер өндіріске енгізілді, есеп берілді т. б.). 
Экспрессиялық 
қуаты күшті сөз орамдары, көбінесе, көркем әдебиет стилінде 
жұмсалады. Мысалы, 
Ал саған сай жігіт киіз туырлықты қазақ 
баласында Әбіштен артық туған да жоқ, тумақ та емес
(М.Әуезов). Мұнда болымсыздық мағынаға үзілді-кесілділік мән 
беру үшін екі түрлі аналитикалық формалы болымсыз баянда-
уыштың тіркесі стильдік қызметте жұмсалып тұр. Бұдан функ-
ционалды стильдердің әр түрінің өзіне тән синтаксистік құры-
лысы болатындығы аңғарылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   138




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет