М.Қанабекова



Pdf көрінісі
бет8/138
Дата03.03.2023
өлшемі1,98 Mb.
#170987
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   138
ортостилистика, мәтін стилистикасы, прагмас-
тилистика, экспрессивтік стилистика, диахрондық (тарихи) 


стилистика және синхрондық стилистика, салыстырмалы-сал-
ғастырмалы стилистика, жалпы стилистика, дара стилис-
тика, кодтау стилистикасы, декодтау стилистикасы
жатқы-
зылады. Жалпы тіл ғылымында стилистиканың даму бағытта-
рының жоғарыдағыдай түрлерінің пайда болуы стилистика 
табиғатының өте күрделі ғылым саласы екендігін айқындайды. 
Жалпы тіл ғылымында 
тарихи стилистика
көп зерттеле 
қойған жоқ (орыс тіл ғылымында осындай көзқарастар кезде-
седі). Қазақ тіл ғылымында қазақ әдеби тіл тарихы бойынша 
функционалды стильдердің қалыптасуына байланысты зерт-
телген Р.Сыздықова, Б.Әбілқасымов, С.Исаев т.б. еңбектерін 
атауға болады. Демек, тарихи стилистика диахронды зерттеулер 
негізінде функционалды стильдердің пайда болу, қалыптасу 
дәуірін, олардың даму тарихын толық басшылыққа ала отырып 
зерттеуді мақсат етеді. Диахронды аспектіде зерттеулер қазақ 
тілі стилистикасында енді зертеу нысанына алына бастады, бұл 
тұрғыдан қазақ әдеби тілінің даму тарихында функционалды 
стильдердің алатын орны, рөлі мен маңызы көбірек сөз болады. 
Қазақ стилистикасы үшін де бұл әлі күрделі мәселе болып отыр.
Ғалым Д.Әлкебаеваның пайымдауынша, кез келген ғылым 
саласы үшін диахрондық аспектіде зерттеу тарихи тұрғыдан сол 
ғылым саласы үшін өте қажет екендігі баса айтылады
5
. Қазіргі 
уақытта қазақ тілі үшін тәжірибеде пайдалы нәтиже бере ала-
тын, ғылымның бар мүмкіндік тұғырын айқындайтын, прагма-
тикалық мақсат көздейтін синхрондық сипаттағы стилистика
мәселесі маңызды орынға ие болып отыр.
Стилистиканың жаңашыл да маңызды бағыттарының бірі 

экспрессивтік стилистика. 
Экспрессивтік стилистика
– тілдегі экспрессивтік құрал-
дар мен әдіс-тәсілдердің ерекшеліктерін, қызметін қарастырады. 
Қазіргі стилистикада көріктеу, шеберлік тәсілдері көркем әде-
биет стиліне ғана тән деп қарауға болмайды, ол барлық стиль 
түрлерінде коммуникативті-прагматикалық мақсатпен жүзеге 
асатын шеберлік тәсілдері экспрессивтік стилистикада жан-
жақты көрініс табады. Сөйлеушінің сезім-күй әрекеті арқылы 
ойды көркемдеп жеткізудегі ұтымды экспрессиялы құралдар-
5
Әлкебаева Д.
 
Қазақ тілінің прагмастилистикасы. А., 2007.- 8 б.


дың қызмет ету ерекшеліктерін қарастыратын стилистиканың 
маңызды саласы екендігі С.Қоянбекованың
6
зерттеуінде дәлел-
деніп, теориялық негіздері дәйектеліп беріледі. Яғни экспрес-
сивтік стилистиканың мазмұны мен ұғымдары, жалпы стилис-
тикалық жүйедегі орны анықталып, сөз мәдениетіне ықпалы 
көрсетіледі, экспрессивтіліктің әр түрлі стилистикалық амал-
тәсілдер жүйесі арқылы жасалатыны талданады. 
Зерттеушілер М.Серғалиев, Д.Әлкебаева стилистиканың 
қазіргі бағыттарының қатарына автор мен қабылдаушының ара-
сындағы 
кодтау
және 
декодтау стилистикасы
да жататынды-
ғын дәлелдейді. Ғалымдардың пайымдауынша, кодтау стилис-
тикасы – қолданыс тіліне қатынасушылардың қызметіне қарай 
тілді айтушы не жазушының стилистикасы. Бұл туынды ав-
торының шығармашылық стиліне баса көңіл аударуды қажет 
етеді. Ал декодтау стилистикасы – қабылдаушының (тыңдар-
манның, оқырманның) стилистикасы. Декодтау стилистикасы 
мәтінді түсіндірудің теориялық базасы болып табылады. Шы-
ғарманың контексіндегі коннотациялық мағынаға баса назар ау-
дару, тілдік бірліктердің көркемдік ерекшелігін көрсету мәселесі 
т.б. қарастырылады. 
Стилистика бағыттары арасынан 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   138




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет