систің стилистикалық мүмкіндігі мол.
Өйткені тілдік қарым-
қатынас сөйлем, оның әр түрлі мақсаттық түрлері, үлгілері не-
гізінде жасалатыны белгілі. Сондықтан сөйлемнің құрылымдық
түрлері, сөйлем мүшелерінің әр түрлі қолданысы, инверсия-
ланып жұмсалуы, жай сөйлем, құрмалас сөйлем түрлері,
синонимдік қатарлары - бұлар бай стилистикалық ресурстардың
қатарына жатады. Мұны зерттейтін стилистиканың саласы – тіл
құралдарының (ресурстар) стилистикасы деп аталынады. Көп-
теген орыс тілі ғалымдары стилистиканы тіл білімінің аталған
салаларымен тығыз байланысты екендігін баса айтады. Мәселен,
Г.О.Винокур: «Стилистика обладает тем свойством, что она
изучает язык по всему разрезу его структуры сразу, т.е. и звуки,
и формы… но зато с особой точки зрения. Это особая точка зре-
ния и создает для стилистики в чужом материале ее собствен-
ный предмет»
3
десе, В.Виноградов: «Стилистика общенарод-
ного национального языка охватывает все стороны языка: и лек-
сику, и грамматику, и фонетику»
4
- деп баға береді.
Қарым-қатынастың әр түрлі
саласында, пікір алысудың
мақсат-міндеттеріне сәйкес, ойдың мазмұнына лайық осы
аталған тұлға-бірліктерді таңдау мен ұйымдастырудың жалпыға
ортақ принциптері қалыптасады. Бұл жағдай тілдік құралдардың
қызмет ету процесінде әр түрлі функционалды стильдердің
жасалуына негізделеді. Белгілі бір салада, қарым-қатынастың
белгілі бір түрінде осы тілдік құралдардың қызмет ету ерек-
шеліктеріне қарай функционалды стиль түрлері ажыратыла бас-
тайды. Бұл – функционалды стилистиканың міндетіне жатады.
Жалпы тіл білімінде жаңа бағыттардың пайда болуы
стилистика ғылымының да дамуына ықпал етіп, стилистикада
тілдің функционалды қырлары көбірек назарға іліне бастады.
Стилистика ғылымының даму
бағыты басқа ғылымдармен
сабақтас. Қазіргі стилистиканың негізгі кезеңдері ертедегі
антикалық риторика және поэтика, көркем әдебиет, шешендік
өнер ғылымдарымен өзара байланысып жатыр.
3
Винокур Г.О. Избранные работы по русскому языку. М., 1959, с. 223
4
В.В.Виноградов. Итоги обсуждения вопросов стилистики//Вопросы
языкознания, 1954. № 1.
Қазіргі стилистиканың жалпы филологиялық, тілдік
немесе әдебиеттік тұрғыдан жіктелуі де оның мазмұны мен даму
бағыттарының әртүрлі екендігін көрсетеді.
В.В.Виноградов стилистиканың өзара бір-бірімен байла-
нысты, бірақ өзіндік мәселелері,
мақсат-міндеттері, өлшемдері
мен категориялары бар басты үш түрін бөліп көрсетеді. Олар:
1) «жүйелердің жүйесі ретіндегі» тілдің стилистикасы
немесе құрылымдық стилистика, ол тілдің функционалды стиль-
дерін де зерттейді;
2) сөйлеу (сөз) стилистикасы, ол ауызша және жазбаша
сөздің қоғамдық шартталған түрлері мен жанрлары арасындағы
мағыналық және экспрессивтік-стилистикалық сипаттағы айыр-
машылықтарды зерттейді (мыс: дәріс, пікірталас, баяндама,
әңгімелесу, мақала, ғылыми пікір, құттықтау хат т.б.);
3) көркем әдебиет стилистикасы, ол көркем шығарманың,
жазушының стилін құрайтын барлық элементтерді зерттейді.
М.Н.Кожина стилистиканың
төрт бағытын немесе
аспектісін көрсетеді:
1) тілдің стилистикалық байлығын (қорын) зерттейтін ба-
ғыт, бұл сипаттама стилистикаға жатады, өйткені ол тілдегі бар-
лық бояулы құралдарды, сөздер мен тілдік тұлғалардың, құры-
лымдардың бейнелеуіш қасиеттерін, мағыналық-функционал-
дық мүмкіндіктерін зерттейді. Бұл бағыттың негізгі бір ныса-
нына тілдің стилистикалық синонимиясы жатады;
2) функционалды стилистика. Ол функционалды стиль-
дерді зерттейді;
3) көркем әдебиет стильдері туралы ғылым немесе көркем
әдебиет стилистикасы;
4) практикалық стилистика.
Қазіргі қазақ тіл ғылымында стилистиканың қалыптасқан
дәстүрлі салалары төмендегідей:
- тіл (ресурстар немесе құрылымдық) стилистикасы;
- функционалды (қолданыстық) стилистика;
- көркем әдебиет стилистикасы;
- практикалық стилистика.
Тіл құралдарының (құрылымдық) стилистикасы тілдік құ-
ралдардың стилистикалық сапа-қасиеттерін олардың нақты қол-
дану жағдайына
қатыссыз тұрғыда зерттесе, қолданыстық
(функционалды) стилистика, керісінше, тілдік құрылымдардың
қызмет ету ерекшеліктерін олардың белгілі бір жағдайларда
(мысалы, белгілі бір жанрлық ерекшеліктері, ауызша, жазбаша
т.б.) қолдануымен байланысты қарастырады. Көркем әдебиет
стилистикасы тілдік құралдардың
ерекше эстетикалық салада,
ерекше жағдайдағы қолданысын: көркем шығармада өнер құ-
былысы ретіндегі қызметін зерттейді. Ал, практикалық стилис-
тиканың міндеті – стилистикалық тілдік мәдениетті қалыптас-
тыру. Бұған негіз болатын тілдің стилистикалық қорын және
оның қызмет ету заңдылықтарын меңгеру, мұның өзі сөз қол-
данудың стилистикалық нормаға сәйкес дағдысын қалыптас-
тырады.
Жоғарыда көрсетілген стилистика салаларына қатысты
ой-пайымдауымыздан
қысқаша мағлұмат берер болсақ, стилис-
тиканың басты дәстүрлі саласы –
Достарыңызбен бөлісу: