дардың әсер ету сапаларын зерттей отырып, сөздік құрамдағы,
сөз таптарындағы, синтаксистік
құрылымдардағы синонимдік
эквиваленттерді, варианттарды айқындай отырып, стилистика
тілді зерттеудің өзіндік бір биік шыңы, ұлттық тілдік мәдениетті
арттырудың теориялық негізі болып табылады»
1
– дейді.
Қазіргі ұлттық әдеби тілдің даму кезеңінде халықтың тіл
мәдениетінің артуына байланысты стилистика ғылымын зерттеу
ісі де, оны оқыту мәселесі де жанданып отыр. Өйткені барлық
қарым-қатынастың түрі тілдік құралдар арқылы жүзеге асады,
стилистика сол тілдік құралдардың қызметін, қолданылу заңды-
лықтарын қарастыратын аса маңызды ғылым саласы әрі стиль
туралы ілім екендігі мәлім.
Әлемдік тіл білімінде стилистиканың
негізі қалануына
cтилистикалық талдау әдістеріне байланысты жазылған
В.Гумбольдт, А.А.Потебня, Ф.де Сюссор, Б.Д.Куртэнэ,
М.М.Бахтин т.б. еңбектерінің ықпалы зор болды. Стилистика
жеке ғылым саласы ретінде әуелі Ресейде ХХғ. 20-30 жыл-
дарында-ақ қалыптаса бастады, әсіресе 50-ж. ортасында зерттеу
ісі жанданып, функционалды стилистика деп аталатын ғылым
саласы пайда болып,
оны тілдің коммуникативтік, эстетикалық
қызметімен, қолданылу мәселелерімен тығыз байланыста қарас-
тыра бастады. Орыс тіл білімінде стилистика мәселелерін жан-
жақты зерттеп, оның мақсат-міндеттерін айқындап, функцио-
налды стиль түрлерінің ара-жігін ажыратып,
тілдік белгілерін
көрсетіп, ғылыми теориясын айқындауда стилистика ғылымы-
ның негізін салушы академик В.В.Виноградовтың, сол сияқты
А.Пешковскийдің,
Р.А.Будаговтың,
Г.О.Винокурдың,
А.И.Ефимовтың,
А.Н.Гвоздевтің,
В.П.Мураттың,
Д.Э.Розентальдің, В.В.Одинцовтың, М.Н.Кожинаның т.б. еңбек-
терін атауға болады. Бұл салада бірсыпыра еңбектер, зерттеулер,
оқулық, оқу құралдары баршылық. Мысалы, Р.А.Будагов өз
еңбектерінде
2
стилистиканың тіл біліміндегі мәні зор екендігін
аса жоғары бағалайды: «…Стилистика – душа любого развитого
1
Виноградов В.В. Итоги обсуждения вопросов стилистики // Вопросы
языкознания, 1954. № 1.
2
Будагов Р.А. Литературные языки и языковые стили. М.,1967, с.101.
языка. Поэтому ей должно принадлежать важное место как в
науке о языке, так и в науке о художественной литературе».
Жалпы орыс ғалымдары стилистиканың пайда болуы,
қалыптасуы
Достарыңызбен бөлісу: