А. М. Касенова. Стандарттау



Pdf көрінісі
бет166/185
Дата06.03.2023
өлшемі10,03 Mb.
#171255
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   185
3.7 Метрология саласындагы
халықаралық ынтымақтастық
3.7.1 Метрология жөніндегі халықаралық ұйымдар
Өнімнің сапасын сынау мен бақылау, метрологиялық зертха- 
наларды тіркеу өлшемінің үлттық жүйелеріне негізделеді. Өнімнің 
стандарттардың талаптарына сэйкестігін бағалау кезінде әр түрлі 
параметрлерді тексеру жүргізіледі - сақтау, тасымалдау және пай- 
далану кездеріндегі сыртқы әсерге дейін.
Егер өлшем бірліктері өнімді сынау нәтижелері жэне 
сертификаттаудың салыстырмалылығының қажетті шарты ретін- 
де сақталса, онда метрология халықаралық сауданың мүдделерін 
қамтамасыз етеді.
Бұл мақсат метрология жөніндегі халықаралық үйымдардың 
іс-эрекеттерінің маңыздысы болып есептеледі. Олардың күш 
салуымен көптеген дүние жүзіндегі елдердің көпшілігінде 
физикалық шаманың халықаралық бірліктер жүйесі (СН) 
қабылданды, салыстырмалы терминология жүмыс істейді, өлшем 
қүралдарының метрологиялық сипаттамаларын норма эдістері 
жөнінде үсынымдар қабылданды.
Халықаралық метрологиялық үйымдар стандарттау жөнін- 
дегі 
халықаралық үйымдармен 
(ИСО) 
жэне 
Халықаралық 
электротехникалық комиссиямен (ХЭК) бірге отырып жұмыс істейді.


246 Стпндарттау, сертификаттау және метрология негіздері
Халықаралық метрологиялық ұйымдардың ірілері - өлшем 
мен салмақтың халықаралық ұйымы (ӨСХҮ) және Заңдық 
метрологияның халықаралық ұйымы (ЗМХҮ).
1875 жылы 17 елде (оның ішінде Ресейде бар) метрикалық 
конвенцияға қол қойылды, оның мақсаты - өлшем бірліктерінің 
ұлттық жүйесін сэйкестендіру жэне ұзындық пен масса (метр 
мен килограмм) бірыңғай нақты эталондарын белгілеу. Осы 
конвенцияның негізінде Мемлекетаралық өлшем мен салмақтың 
халықаралық ұйымы құрылды. Бұл ұйымның ресми тілі - француз 
тілі. Үйымды құрушылардың бірі Петербург гылыми академясы. 
Метрикалық конвенция бүгінге дейін жұмыс істеуде. Әлемнің 50 
мемлекеті оған мүшелікке кірген. Конвенцияға сәйкес өлшем мен 
салмақ халықаралық бюросы (ӨСХБ) - халықаралық эталондарды 
сақтайтын жэне қолдайтын бірінші халықаралық ғылыми-зерттеу 
зертханасы. ӨСХБ Францияның Севр қаласында орналасқан, оның 
қызметін өлшем мен салмақтың халықаралық комитеті (ӨСХК) 
басқарады. ӨСХК-нің негізгі мақсаты - үлттық эталондарды эр 
түрлі өлшем бірліктерінің халықаралық эталондармен салыстыру. 
ӨСХБ 100-ден астам мемлекеттің метрологиялық комитеттерінің 
жұмыстарын үйлестіріп отыр.
Бүл ұғымның гылыми жүмыстарының басты бағыты -
өлшемнің метрикалық жүйесін жетілдіру. ӨСХБ түрақты түрде 
халықаралық эталондарды жетілдіріп отырады жэне өлшемнің 
дәлдігі жоғары жаңа әдістері мен қүралдарын әзірлейді жэне 
қолданады.
ОСХБ-ның гылыми жэне тәжірибелік жүмыстарын өлшем 
мен салмақ жөніндегі Бас конференция бекітеді. Бүл - бірліктерді 
белгілеу жөніндегі жоғарғы халықаралық орган. Оның жүмысына 
конвенцияға біріккен елдердің барлығы қатыса алады. Бас конфе­
ренция төрт жылда бір рет жиналады, бірінші отырыс 1898 жылы 
болды. Конференциялардың аралыгында ОСХБ-ның жұмысын 
ОСХК басқарады. Комитеттің қүрамына ірі физиктер мен метро- 
логтар кіреді, барлыгы 18 адам.
ОСХК-нің құрамында 8 кецестік комитет кіреді, олар бас 
конференциям материалдар мен шешім қабылдайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   185




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет