230
электроқұрылғыны
салқындату және
бейтараптандыру
Электр
тогын
өткізбейтін
майлар
тобына
трансформаторда,
конденсаторда, кабельдерде
қолданылатын, майлағыштық қасиеті жоқ
арнайы сұйық диэлектрик заттар жатады. Бұлардың негізгі атқаратын
қызметі электроқұрылғының ток жүретін бөліктерін бейтараптандыру,
айырғыштардағы электр доғасын сөндіру және жылуды шығару болып
табылады. Ең көп тарағаны трансформатор майы.
Вакуумды майлар
вакуумды насостың үйкеліске түсетін бөліктерінің
майлағыштары ретінде қолданылады және пайда болған вакууммен бірге
ұшып кетпеуі керек. Олардың құрамында қосымшалар болмайды,
фракциялық құрамы қысқа, буланғыштық қасиеті төмен, тотығуға қарсы
тұрақтылығы жоғары болып келеді. Тазартылған базалық майды терең
вакуумда қайта айдап, қысқа фракцияларға айырады да, ішіндегі ең аз
буланатын фракцияны вакуумды май ретінде пайдаланады.
ВМ-1 – медициналық вазелин майының терең тазартылған фракциясы.
БН-3 типті вакуумды сорғыштардың жұмыс сұйықтығы ретінде
қолданылады. Мұндай соғыштар 1х10
-4
– 1х10
-7
мм сын. бағ. дейін вакуум
бере алады.
ВМ-3 – бұл И-12А немесе И-40А майларының фракциясы. 1х10
-2
– 1х10
-
4
мм сын. бағ. дейін вакуум беретін сорғыштарда қолданылады.
ВМ-5 майын өте жоғары вакуум (1х10
-7
мм сын. бағ.) беру үшін
пайдаланады.
ВМ-6 майын механикалық вакуумды сорғыштарда қолданады.
ВМ-1с және ВМ-5с – синтетикалық вакуумды майлар.
Бұлардың 50
о
С тұтқырлықтары (10-70 сСт) және тұтану температурасы
(180-230
о
С) әртүрлі болады.
18.7-Кестеде вакуумды майлардың негізгі сипаттамалары келтірілген.
Достарыңызбен бөлісу: