А. Т. Сағынаев МҰнай мен газдың физикасы және химиясы


Кесте 19.1. Табиғи және жасанды битумдарды жіктеу



Pdf көрінісі
бет141/153
Дата06.03.2023
өлшемі6,98 Mb.
#171314
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   153
Байланысты:
S4

Кесте 19.1. Табиғи және жасанды битумдарды жіктеу 
Топ
Топша
Түрлері
Табиғи битумдар Мұнайлар
Асфальтты негізді 
Жартылай асфальтты негізді 
Бейасфальтты негізді 
Асфальтиттер
Таза күйінде 
Экстракцияланған 
Битуминозды түрлері 
Жасанды мұнай 
битумдары 
Қалдықты
Мазуттар
Жартылай гудрондар 
Гудрондар
Крекингті
Дистилляттың термиялық крекинг 
қалдықтары 
Мазуттың термиялық крекинг 
қалдықтары 
Гудронның, жартылай гудронның және 
т.б. қалдық өнімдердің жеңіл крекинг 
қалдықтары 
Пиролиз қалдықтары 
Талғамды 
еріткіштермен 
бөлінген 
Бензиннен тазартылған мұнайдың, 
гудронның және т.б. қалдық 
өнімдердің деасфальттау қалдықтары 
Дистилляттың және май 
қалдықтарының талғамды экстрактысы 
Қышқылданған Қалдықтар және қышқылданған қоспа 
Қышқылданған битум және басқа 
фракциялар 
Араластырылған Әртүрлі талғамды еріткіштерден 
бөлініп алынған қалдықтар қоспасы
Қышқылданған битум мен талғамды 
еріткіштерден бөлінген қалдықтар 
Крекингтелген өнімдердің қалдықтары 
Сланец битумдары 
Пиробитумдар
Табиғи 
каустоболиттер 
(ерімейтін және 
балқымайтын) 
Жартылай коксты 
Коксты 
Доменді 
Газогенераторлы


236 
Кубты
Сланецты
Газогенераторлы
Шыршалы 
Жапырақты 
Дегтер мен 
пектер 
Тас көмірлі 
Стеаринді, пальметинді 
Фенолды, крезолды, канифольды 
19.1-кестенің жалғасы 
Қоңыр көмірлі 
Кумаронды
Воскні химиялық өңдеуден өткендері 
Торфты
Сульфирлеген, хлорланған, 
қышқылданған 
Майлы пектер 
Шайырлар молекулаларының көміртегі қаңқасы алифатты бүйір тізбегі 
бар конденсацияланған ароматты сақиналардан тұратын көп тізбекті жүйе. 
Шайырлардан асфальтендерге өту әрі қарай ароматты құрылымдардың 
конденсациялану үлесін жоғарылатумен жүреді, бұл сутегі мөлшерінің 
төмендеуімен және С : Н қатынасының өсуімен дәлелденеді. Шайырларды 
құрайтын қосылыстардағы көміртек атомдарының саны 80-100 дейін жетеді. 
Асфальтендермен 
салыстырғанда 
шайырлардың 
алифатты 
бүйір 
тізбектерінің саны көп және ұзын, С : Н қатынасы 0,60-0,80 болады. 
Шайырларды жұмсарту температурасы 35-90 
о
С шамасында болады.
Асфальтендерден шайырларды бөлу үшін жеңіл қаныққан С
5
–С
6
-
көмірсутектерді пайдаланады, оларда шайырлар жақсы ериді, асфальтендер 
ерімейді. Майларды шайырлардан бөлу үшін хроматография әдісін 
қолданады. Адсорбенттерді таңдау, десорбциялаушы сұйықтарды жинақтау 
мен қолдану реттілігі қойылған мақсатқа байланысты шешіледі. 
Асфальтендер шайырларды тығыздау өнімі ретінде қарастырылады. 
Асфальтендер бос күйінде қара немесе күрең түсті қатты балқымайтын 
заттар, олар қалыпты құрылысты қаныққан С
5
–С
7
-көмірсутектерде, сондай-ақ 
аралас полюсты еріткіштерде – спирттер пен эфирлер қоспаларында және 
төменгі температурада қайнайтын спирттерде, мұнай газдарында (метан, 
этан, пропан және т.б.) ерімейді, бірақ беттік керілуі жоғары сұйықтарда, 
күкіртті сутегінде, хлороформда және төрт хлорлы көміртегіде жеңіл ериді. 
Асфальтендерді мұнайлардан және мұнай қалдықтарынан петролейн 
эфирінің 40 еселік көлеміндегі, 
н
-гептандағы мұнай өнімдері ерітінділерінен 
тұндырып, бөліп алады, ал асфальттар мен шайырлы-асфальтты заттардан 
бөліп алу үшін төменгі парафинді С
5
–С
6
-көмірсутектерді, петролейн эфирін 
немесе жеңіл бензинді қолданады. 
Бөлініп алынған асфальтендердің үлесі мен құрамы қолданылатын 
еріткіш пен тұндыру шарттарына байланысты. Асфальтендердің тығыздығы 
1 г/см
3
жоғары қарапайым құрамы (% масс): С 80-84; Н 7,5-8,5; О ˂6; S 4,6-
8,3; N 0,4-1,0. Асфальтендердің молекулалық массасы 1200-2000.


237 
Асфальтендердің химиялық құрамы оның күрделілігіне байланысты 
толық зерттелмеген. Шайырлар және асфальтендер молекулаларының негізгі 
бөліктері ретінде көп тізбекті құрылымдардың бірнеше түрі ұсынылады. 
Асфальтогенді қышқылдар мен олардың ангидридтері – қоңырқай-сұр 
түсті, қою шайырлы консистенциялы заттар. Асфальтогенді қышқылдар 
спиртте және хлорофомда жақсы ериді, ал бензинде қиын ериді, олардың 
тығыздығы >1 г/см
3
. Асфальтогенді қышқылдар мен олардың ангидридтері 
битумның коллоидты құрылысын тұрақтандырады. 
Карбендер мен карбоидтар мұнай және оның қалдықтарының жоғары 
температурада өңделген көміртекті өнімдері болып табылады. Карбендер 
CCl
4
, ал карбоидтер CS
2
ерімейді. 
Битумның құрамы мұнайдың табиғатына, бастапқы шикізат құрамына, 
мұнай қалдықтарынан өңдіру технологиясына байланысты болады.
Әртүрлі мұнайлардан алынған жұмсару температуралары бірдей 
битумдардың құрамы әртүрлі болып келеді. Мысалы, жұмсару 
температурасы 49 
о
С тең болғанымен, Лисие кенорны мұнай қалдықтарынан 
алынған битумдардың құрамында 48% көмірсутектер, 51% майлар және 1% 
асфальтендер болса, Нагиленгиель кенорнынан алынған битумдарда 53% 
көмірсутектер, 32% майлар және 15% асфальтендер болады. 
Битумдарды өндіру технологиясы олардың құрамына едәуір әсер етеді. 
Мысалы, колонналақ аппараттарда және иректі реакторда үздіксіз тотықтыру 
арқылы алынған битумдардың құрамында шайырлар аз болады, ал кубта 
периодты түрде тотықтыру арқылы алынған битумдарда асфальтендер мен 
майлардың мөлшері біршама жоғары болады. 
19.2-Кестеде тұтқырлы жол битумдарының көрсеткіштері берілген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   153




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет