238
өзгеруі, 0
о
С, жоғары емес
Пенетрация индексі
-1,0-ден +1,0-ге дейін
ГОСТ
22245-
90
Суда еритін қосылыстардың
массалық үлесі, %, жоғары
емес
0,20
0,20
0,30
0,30
0,30
ГОСТ
11510
19.1. Қышқылданған битум өндірісі
Қышқылданған битум бөлме температурасында түрлі
консистенциялы
бола алады, яғна қоймалжың және қатты күйде. Олар температураның және
қоршаған ортаның басқа да әсерлеріне тұрақтығымен ерекшелене отырып,
мұнай қалдықтарынан су буымен тазалау арқылы алынған битумдардан
сапалы болады.
Ауамен қышқылдандыру әдісі битум өндірісінде кең қолданылады. Егер
битумның құрамында
асфальтендер аз болса, онда ауамен қышқылдандыру
арқылы құрамын толықтырып, өнімнің сапасын және құрамын өзгертуге
болады.
Мұнай қалдықтарын қышқылдандырудың үлкен өндірістік маңызы бар.
Бұл процесті тас жол құрылысында қолданылатын аса сапалы битумдар алу
өндірісінде қолданады. Битумдарды қышқылдандыру
реагенті есебінде ауа,
калий перманганаты, калийдің бихроматы, олеин қышқылы,
азот қышқылы
т.б. қолданыста болғандығы туралы көптеген еңбектер белгілі. 1844 жылы
Ж.Г. Биерлеяның ұсынысы бойынша 204 және 316
о
С қыздырылған мұнай
қалдықтары арқылы ауа өткізіп алғашқы қышқылдандырылған битумдар
өндіріле бастады. Температураға және процестің уақытына байланысты
әртүрлі ерекшеліктері бар битумдар алынған. Бұл битумдар «Биерлей» деп
аталды. Ресейде қышқылдандырылған битум алғашқы рет 1914 жылы
алынды. 1925 жылы Баку қаласында қышқылдандырылған битумдар алудың
өндірістік дамуы басталды. Сол кездегі заманға
сай технология енгізіліп,
қондырғыда катализатордың қатысынсыз, 230-300
о
С температурада, ауа
ағынының жылдамдығы 0,84-1,4 м
3
/мин режимінде 12 сағатта 1 тонна битум
өндірілген.
Ауамен тотықтыру кезінде мұнай көмірсутектері бір мезгілде екі
бағытта қышқылданады:
оксоқышқылдар
оксиқышқылдар
асфальтогенді қышқылдар
Көмірсутектер
шайырлар
асфальтендер
карбендер
карбоидтер
Қышқылдану жағдайына байланысты
қышқылды және бейтарап
өнімдердің өзара бір-біріне ауысуы мүмкін. Мысалы, жоғары температурада
239
диспропорциалану
көміртек диоксиді бөлініп, асфальтогенді қышқылдар асфальтендерге
өзгереді.
Шикізаттың битумға дейін қышқылдану процесі газ (ауа + оттегі немесе
озон, ауа + көмірқышқыл газы, ауа + су буы т.б.) және сұйық (мұнай
қалдықтары) фазалар арасындағы гетерогенді реакция ретінде болады.
Осындай жағдайда төрт түрлі реакция өтеді: дистилляттың молекулалық
массасының жеңілденуіне байланысты су
мен көмірқышқыл газының
бөлінуі; судың пайда болуынан дистилляттың молекулалық массасының аз
мөлшерде өзгеруі; судың, көмірқышқыл газының және асфальтеннің пайда
болуынан битумның молекулалық массасының ұлғаюы;
концентрацияның
өсуі (дистилляттың айналуы және асфальтеннің концентрациялануы).
Шикізаттағы сутегі мен ауадағы оттегі әрекеттесіп су буларының пайда
болуына себеп болады. Сутегі мөлшерінің көп болуы жоғары молекулалы
ароматты қосылыстардың – асфальтендердің пайда болуына себеп болады.
Асфальтендер тығыздалып, нәтижесінде битумның консистенциясы өзгеріске
ұшырайды.
Мұнай қалдықтарының қышқылдануы барысында битумға айналуын
төмендегідей механизм арқылы көрсетуге болады:
Қышқылдану процесі барысында көмірсутек радикалы пайда болады:
'
Пайда болған радикал көмірсутегінің жаңа
молекуласымен әрекеттесіп
жаңа ұзын тізбекті радикал түзіледі, сөйтіп цикл бірнеше рет қайталанып
тұрақты өнім пайда болады:
Көмірсутек радикалдары азғантай дәрежеде рекомбинацияға түседі:
Сонымен қатар, азғантай мөлшерде әрекеттесіп, карбон қышқылдары
және су түзіледі:
Тізбектің жалғасы:
240
Әрине, бұл механизмді толық деп түсінуге болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: