20. Мұнайгаз кешені және экология
Жалпы кен орындарын игеру, оның ішінде мұнай өндіру Қазақстан
Республикасы экономикасы дамуының қайнар көзі. Соңғы 40 жыл ішінде
адамзаттың энергия пайдалануы 2,5 есе өсіп отыр. 2025 – 2050 жылдары
аралығында халық санының өсуі болжамына қарасақ, энергия пайдалану ең
кем дегенде екі есе өсуі мүмкін. Мұнай өндірудің 130 жылғы тарихында
дүние жүзілік қордың 1/3 бөлігі игерілген, ол оның 1/3 бөлігі тек соңғы 10
жыл ішінде өндірілген. Егер энергия пайдалану жақын арада 2 есе артады
десек, онда мұнай өндіру 2010-2020 жж аралығында, ал газ өндіру 2030-2040
жж аралығында биік шыңдарына жетпек.
Қазақстан мұнай қоры жағынан әлемдегі ең ірі мемлекеттердің алғашқы
ондығына кіріп отыр. Мемлекетіміздің Республикалық балансында 212
көмірсутекті кен орындары бар. Мұнайдың қоры жағынан қарасақ,
территориямыздың 62% жерінде мұнай кен орындары орналасқан. Тек қана
Каспий теңізі қайраңындағы мұнай қоры 13 млрд. тонна.
Мұнай және газ адамзат тіршілігінде қажетті шикізат болып табылады.
Мұнай өндіру және жаңа мұнай-газ кен орындарын ашу еліміздің
экономикасын көтеретін факторлардың біріне жатады. Дегенмен, мұнай-газ
кешендерінің қарқынды түрде дамуы елімізде экологиялық дағдарысқа қарай
бет бұрып барады.
Адамның табиғатты бүлдіруі туралы сөз еткенде ең алдымен мұнай-газ
кешені кәсіпорындары ауызға алынады. Олар ауаға зиянды газдардың 90%
таратуда. Зиянды өндірістік қалдықтар көлемінің үштен екі бөлігінен астамы
солардың үлесіне тиеді. Ал, олардың бейтараптану дәрежесі бір пайыздың
ширегіне де жетпейді.
Қазіргі кезде, экологиялық қауіпсіздік жалғыз біздің Республикамыз
үшін емес дүние жүзі жұртшылығының назарын аударып отырған ең
маңызды мәселелердің бірі болып отыр. Табиғи ортада экологиялық
дағдарыстың неғұрлым қауіпті көріністері белең алған: кейбір аймақтарда
топырақтың тозуы, су ресурстарының тартылуы, ластануы, техногендік
шөлейттену, тірі табиғаттың генетикалық қорының бүлінуі, тіршілікке қатер
төндіретін қауіпті улы қалдықтардың қордалануы. Еліміздегі осындай
экологиялық дағдарысқа химия, мұнай, металлургия, отын өнеркәсіптерінің
жедел және мөлшерден тыс дамуы үлкен әсерін тигізуде.
244
Мұнайгаз кешені бірден-бір қоршаған ортаны зиянды заттармен
жабдықтаушы екендігін қазіргі уақытта өте белгілі. Әсіресе, көмірсутекті
күрделі құрамдары жердің геологиялық жоғарғы беткі қабаттарының
ластануы тіршілік орталарының деградациялануына әкелуде, халықтың
денсаулығына залалын тигізуге алып келуде және әлеуметтік алдыңғы өте
маңызды да өткір экологиялық проблема болып қалуда. Қазақстанда мұнай
мен газ өндіруде алдыңғы қатарда орын алатын аймақтар Атырау, Батыс
Қазақстан, Ақтөбе, Қызылорда облыстары.
Мұнай кен орындарының технологиялық желісін құрастыру көптеген
міндеттерді қарастырады, оның ішінде өндірістің экологиялық талаптарды
қанағаттандыруы маңызды роль атқарады. Мұнай өндірудің технологиялық
үрдістерінде және мұнай өнімдерін өндіру, оны сақтау мен тасымалдау
кезінде өндірілген мұнайдың 7%-і жоғалады. Мұнайды бұрғылауда,
құбырлардың жалғасқан жерлерінен шикізаттың төгілуі топырақ, атмосфера,
судың ластануына әкеліп соғады және биосфераны ластап қана қоймай
адамзат денсаулығына зиянды әсерін тигізеді.
Пайдасымен қоса мұнай өндірісінің қоршаған ортаға тигізетін зиянды
әсері де аз емес. Қоршаған ортаның ластануы іздеу-барлау және мұнай, газ
өндіретін ұңғымалар (скважиналар) құрылысынан басталады. Бұл кездегі
ластаушы көздерге бұрғылау қондырғыларында орнатылған дизельдерден
шығатын түтіндер, азот пен көміртек оксидтері, шаң, бұрғылау ерітінділері
және т.б. Бұрғы мұнарасынан 800 метр алшақтыққа дейін топырақ және
өсімдіктер бұрғылау сұйығымен (құрамында 20-ға жуық химиялық
реагенттері бар) ластанып, зардап шегетіні ғылыми түрде дәлелденген.
Мұнайды өндірудің табиғатқа тиетін зардаптары мынадай: мұнайды жер
бетіне шығару кезінде әр түрлі құрылыс обьектілерін салу үшін біраз жер
ресурстарының айналымнан шеттелуі, жер сұрқының бұзылуы, ластануы.
Ластаушы заттар бөлініп, атмосфераның жер бетіндегі және жер астындағы
сулардың, топырақтың ластануы. Мұнаймен қоса жер бетіне жоғары
минералды судың шығуы. Бұрғылауда шыққан қалдықтарды көму.
Мұнайдың төгілуі.
Мұнай өнеркәсібі қоршаған ортаны ластайды. Ластанудың жалпы
бірнеше түрі бар. Олар инградиентті, параметрлі, биоценотикалық,
стационалдық болып бөлінеді.
Негативті әсерді мұнай өндіретін кәсіпорындар алдымен атмосфералық
ауаға тигізеді. Өндірістен шығатын ластаушы компоненттерге көмірсутектер
(48%), көміртек оксиді (33%), қатты заттар (20%) жатады. Осы салада
мұнаймен бірге қосыла шығатын газ әлі толығымен қолдануын таппағанына
байланысты, жыл сайын оның көлемінің 20% пайдасыз алауда жағылады,
осыған байланысты қоршаған ортаны ластаумен қатар табиғи ресурс
ысыраптанылады. Сондықтан бұл газдарды кәдеге асыру жолдарын іздестіру
қажет.
Ұңғымаларды бұрғылау қондырғыларының, магистралды мұнай мен газ
тасымалдайтын құбырлардың кездейсоқ апатты жағдайға ұшыруы мүмкін,
245
осы кезде қоршаған ортаның, әсіресе жер бетіндігі сулардың ластануы орын
алады. Апаттық жағдайдың тууының негізгі себебі бұрғылау қондырғылары
мен тасымалдау құбырларының коррозия процесіне ұшырап жарылуы
(90,5%), сонымен қатар құрылыс техникасының технологиялық және
құрылыстық ақауының болуына да байланысты келеді.
Мұнай шығаратын өндірістер басқалармен салыстырғанда суды көп
жұмсайтын болғандықтан, олардың суаттарға жіберетін ластанған ақаба
суларының көлемі де жеткілікті. Қоршаған ортаның мұнаймен ластануы
инградиентті ластануға жатады.
Өнеркәсіптік энергетикалық қондырғыларда және жылу электрлік
станцияларында мұнай өнімдерін жағу салдарынан ауа басейінің зиянды
заттармен ластануы қауіптірек болады. Мұнай өнімдерінде кездесетін
күкіртті және азотты заттар жану кезінде күкірт және азот оксидтерін түзеді,
ондай оксидтер аппаратураны коррозияға ұшыратады, атмосфераға қосылып,
ауа ағысымен таралады, олар барлық тіршілік атаулыға өте қауіпті болады.
Мұндай элементтерді бөліп шығару мақсатымен мұнай өнімдерін
гидротазалау әдісімен өңдейді – сутегіні қатыстырып, катализатор қосып,
қыздырады. Бұл кезде күкіртті және азотты қосылыстар айырылады да Н
2
S
мен NH
3
түзіледі. Ол заттарды бөліп алып пайдаланады. Мысалы, күкіртті
сутек өндірісте күкірт және күкірт қышқылын өндіру үшін жұмсалады.
Өндіріс қалдығынан алынған немесе колчедан негізінде өндірілетін күкірт
қышқылынан көп арзан болады.
Жер бетінің мұнай өнімдерімен ластануы да халықты қатты алаңдатып
отыр. Технологиялық, апаттық және басқа атаулыларды тағынған ондаған
жер қоймалары (амбарлар) бар. Мұнай коллекторларының жарылып, істен
шығуы да бізде жиі болып тұрады. Мұнай мен газға жүргізілетін бұрғылау
жұмыстарының да қоршаған ортаға зиянды әрекеттері әзірге баршылық.
Мұнда жердің беткі қабаты бұзылады, жер асты сулар ластанады. Ал
скважиналарды сынау кезінде дизельдердің жұмысы жағдайында жер улы
компоненттермен зақымданады. Табиғатта барынша аз салмақ келтіретін
іздеу жұмыстарын жүргізудің бағдарламасы жоқ емес, бар. Ұңғымаларды
бұрғылау қондырғыларын тұрғызу жобаларында қоршаған ортаны қорғау
мақсатында ең жаңа, қазіргі заманғы технологияны пайдалануда уақытылы
қарастырылған.
Топырақ мұнай қалдықтарымен аз мөлшерде ластанған жағдайда, оны
қайта қалпына келтіруге болады. Ал егер көп мөлшерде ластанса, оған қарсы
күрес жүргізуге тура келеді.
Қоршаған ортаның мұнай және мұнай өнімдерімен ластауы – ең күрделі
мәселелердің бірі. Топыраққа түскен мұнай гравитациялық күштердің
әсерінен төмен қарай сіңеді де, сыртқы және капиллярлық күштердің
әсерінен кеңінен таралады.
Топырақтың мұнай қалдықтарымен және әр түрлі химиялық
реагенттермен, өндіріс қалдықтарымен, радионуклидтермен ластануы,
246
олардың техногенезді бұзылуы, эрозия, дефляция, топырақтың тұздануы
техногенез өршуінің тікелей жолдары болып табылады.
Қатты ластанған аймақтарда топырақтың тығыз карбонатты-
иллювиалды горизонты жалаңаштанады, нәтижесінде тақырлар түзіліп,
топырақтың қуаңдануы мен тұздануына әкеліп соғады.
Қазақстанда
мұнай
қалдықтарының
ластанған
топырақ
биогеоценоздарын қайта қалпына келтіру мақсатында топырақты тазарту
және рекультивациялау технологиясын жасау үшін топырақтың қаншалықты
мұнай қалдықтарымен ластануын, құрамын білу қажет.
Топырақ құрамында гумус мөлшерінің аз болуы, құрылымсыздық, сіңіру
қабілетінің төмен болуы, сонымен қатар карбонаттылық пен тұздалуы
топырақты техногенді әсерлерге тұрақсыз етеді.
Мұнай қалдықтарының топырақ құрамына әсерін білу мақсатында
мұнай қалдықтарымен ластанған топырақты зерттеуге химиялық және
физика-химиялық талдаулар пайдаланылады.
Кен орындарында топырақты
қайта қалпына келтіру үшін
микробиологиялық, агрофитомелиоративтік әдістер, сондай-ақ сапалы мұнай
сорбенттерін пайдаланудың мәні өте зор. Топырақты қайта қалпына келтіру
мақсатында пайдаға асыру және рекультивациялау технологиясының
экологиялық және экономикалық тұрғыда тиімді жолдарын іздестіруді қажет
етеді.
Мұнай өңдейтін зауыттар ауа және су бассейндерін ластайтын көздің
бірі. Ластаушы заттар шығаратын негізгі көздерге – мұнайды күкірттен
тазарту мен катализаторларды регенерациялау процестері, қыздырғыштар
және қазандықтар жатады. Сонымен қатар, мұнай мен одан алынған
өнімдерді сақтайтын ыдыстардан, су мен мұнай сепараторларынан әр түрлі
заттар бөлініп, қоршаған ортаны ластайды. Мұнай өңдейтін өндірістің
кәсіпорындағы атмосфераны көмірсутектермен (73%), күкіртті оксидпен
(18%), көміртек оксидімен (7%), азот оксидімен (2%) ластайды. Бұл
кәсіпорындарға көп мөлшерде су қажет. Ал, олардан шыққан ақаба суларда
көп мөлшерде мұнай өнімдері, сульфат, хлорид, азот қосылыстары, фенол,
ауыр металдардың тұздары болғандықтан, су қоймалар осы заттармен
ластанады.
Мұнай өңдейтін және мұнайгаз зауыттарында айналадағы ортаны
сақтаудың басқа да қорғаныс шаралар бар.
Жер қойнауын қорғау шаралары мыналарды қамтуы қажет:
төгілуді, ашық фонтандауды, грифон түзілуін, ұңғы оқпанының
қирауын,
жуу сұйығының жұтылуын және
т.б. қиындықтырды
болдырмайтын шаралар жиынын қарастыру;
жер
асты
және
жер
үсті
құрылғыларының
максималды
саңылаусыздығын қамтамасыз ету;
коррозияға қарсы жобаланған шараларды іске асыру;
247
биогенді күкірт редукциясының түзілуін ескерту үшін айдалатын суды
оның пайда болуын болдырмайтын реагенттермен өңдеу;
қабатқа су айдау үшін ағынды (ақаба) суларды пайдалана отырып
сумен қамтамасыз етудің тұйықталған жүйесін енгізу.
Топырақты қорғаудың негізгі шаралары:
мұнайды жинау, айыру, дайындау және тасымалдау жүйелерін
саңылаусыздандыру;
ұңғыларды апат кезінде ажыратқыштар көмегімен автоматты түрде
ажырату;
ұңғы сағасына төгілген мұнайды топырақпен көму;
жер бетіне төгіліп, ластамас үшін қабаттық және кәсіпшіліктік ағынды
(ақаба) суларды қабат қысымын ұстау жүйесінде толықтай қолдану;
құбырларды 1,2-1,8 метр аралығындағы тереңдікте көміп, жер асты
арқылы төсеу;
жерге сапалы техникалық қайта қалпына келтіру (рекультивация)
шараларын жүргізу.
Мұнай және мұнай өнімдері топырақта, суда, өсімдіктерде жинақталып,
қоректік тізбек арқылы жануарлар мен адам ақзаларына түседі, ауданның
экологиялық жүйесіне және тұрғындардың денсаулығына әсер етуде.
Топырақ техногендік және улы ингредиент жинаушы және шектеулі
орта. Мұнай және мұнайгаз өнімдері ауыр металдар тобының және
тотықсыздану процесі өзгеріп, рН мәнін арттырады. Топырақ мұнаймен
ластанған жағдайда, ондағы өздігінен тазартатын микроорганизмдердің
мөлшері азаяды, ал керісінше зиянды аэробты және спера түзуші
микроорганизмдер күрт өседі.
Мұнайдың жеңіл фракциялары атмосферада біртіндеп буланады, бір
бөлігі химиялық және биологиялық өзгерістерге ұшырайды. Мұнайдың
қозғалуы жер асты суына жеткен кезде тоқталып ластайды, ауыр сазды
топырақтарда мұнай сорбцияланады, сызаттары бітеледі, топырақ және
өсімдік қабаты бұзылады.
Мұнай мен газды тасымалдау негізінен магистральды құбырлар арқылы
жүзеге асырылады. Құбырлардың тесілуі немесе оларды жаңарту кезінде
мұнай төгіліп, топырақтың, судың және атмосфераның бүлінуіне алып
келеді. Төгілген мұнай топырақтың физикалық және химиялық қасиеттерін
өзгертіп, биоценозға әсерін тигізеді, жерүсті және жерасты суларына өтіп,
бүлдіреді. Осындай ластану кезінде қоршаған ортаның өзін-өзі тазартуы
жай жүреді, содан оларды пайдалану мүмкіндігі шектеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |