Тыныс алу жүйесі
І нұсқа
1. Организм мен сыртқы ортаның арасындағы оттек түсіп, көмірқышқыл газының шығарылуымен байланысты жүретін газ алмасу процесі қалай аталады?
А) қан айналым В) тыныс алу С) ас қорыту Д) зәр шығару
2. Газ алмасу қандай мүшеде жүреді?
А) мұрын қуысы В) көмей С) кеңірдек Д) өкпе
3. Мұрын қуысы неше бөлікке бөлінеді?
А) 2 В) 3 С) 4 Д) 6
4. Ауаны дене температурасына дейін жылытып, шаң-тозаң мен микробтарды тұтып алу қандай мүшенің қызметі?
А) мұрын қуысы В) көмей С) кеңірдек Д) өкпе
5. Көмей .... мойын омыртқалары деңгейінде орналасқан.
А) 1-2 В) 3-5 С) 4-6 Д) 6-7
6. Сіңір, буын және бұлшық еттермен қосылған бірнеше шеміршектен тұратын мүше:
А) мұрын қуысы В) көмей С) кеңірдек Д) өкпе
7. Әйел адамдардың көмейінің ұзындығы:
А) 35 мм В) 25 мм С) 45 мм Д) 55мм
8. Кеңірдектің ұзындығы:
А) 5-7 см В) 7-9 см С) 9-13 см Д) 15-17 см
9. Кеңірдек қабырғасы неден түзілген?
А) бұлшық ет ұлпасынан В) шеміршекті сақинадан С) шеміршекті жартылай сақинадан Д) сіңірден
10. Оң жақ өкпе неше бөліктен тұрады?
А) 2 В) 3 С) 4 Д) 1
11. Өкпенің ішкі ойыс жағын не қоршайды?
А) қабырғалар В) өкпе қақпасы С) өкпе қабы Д) альвеола
12. Бронхылардың ең жіңішке тармақтары:
А) бронхиола В) альвеола С) капилляр Д) бронх ағашы
13. Тынысалғанда ауадағы оттектің құрамы:
А) 15 % B. 21 % C. 79 % D. 0.03 %
14. Өкпедегі газ алмасу – бұл ...
А) сыртқы тыныс алу В) ішкі тыныс алу
15. Тотығуға жұмсалатын газ:
А) көмірқышқыл газы В) азот С) оттек Д) аргон
16. Тыныс алу бұлшық еттері босаңсып, қабырғалар басылады, көкет көтеріліп, дөңес болып, кеуде қуысының көлемі кішірейеді. Бұл қандай әрекетке тән?
А) тыныс алу В) тыныс шығару
17. Тыныштық күйінде ересек адам минутына неше рет дем алады?
А) 10-12 В) 12-14 С) 16-18 Д) 20-22
18. Тыныштық күйде тыныс алу көлемі:
А) 500 мл В) 1500 мл С) 3500 мл Д) 2000 мл
19. Өкпе мен ұлпадағы газ алмасу неге байланысты?
А) фагоцитоз В) диффузия С) желдету Д) пиноцитоз
20. Өкпе көпіршіктерін түгел торлап жататын қантамырлар:
А) артерия В) вена С) венула Д) капилляр
Тыныс алу жүйесі
ІІ нұсқа
1. Тыныс алу жүйесінің қызметі:
А) газ алмасу В) қан тарату С) көмірқышқыл газын шығару Д) оттекті сіңіру
2. Мұрын қуысының ішкі беті:
А) 100 см2 В) 500 см2 С) 1000 см2 Д) 1500 см2
3. Дыбыс түзу қызметін қандай мүше атқарады?
А) мұрын қуысы В) көмей С) кеңірдек Д) бронхылар
4. Көмейдің жалғасы:
А) аңқа В) жұтқыншақ С) кеңірдек Д) бронхылар
5. Ер адамда көмейдің орташа ұзындығы:
А) 34 мм В) 24 мм С) 44 мм Д) 54мм
6. Дыбыс сіңірлерінің арасындағы кеңістік:
А) көмей қақпашығы В) дыбыс саңылауы С) бидайық Д) шеміршек
7. Өкпенің сыртын қаптайтын қабықша:
А) өкпе қақпасы В) (өкпеқап) плевра С) көкет Д) альвеола
8. Тыныс шығарғандағы көмірқышқыл газдың мөлшері:
А) 15 % B. 21 % C. 79 % D. 4 %
9. Өкпенің тіршілік сыйымдылығын өлшейтін құрал:
А) тонометр В) манометр С) спирометр Д) фонендоскоп
10. Кеңірдектің жалғасы:
А) жұтқыншақ В) көмей С) бронхылар Д) аңқа
11. Тыныс орталығы қайда орналасқан:
А) өкпеде В) мишықта С) сопақша ми Д) аралық ми
12. Диаметрі 0,2-0,3 мм, тереңдігі 0,06-0,3 мм, ауаға толы өкпе көпіршіктері:
А) бронхиола В) альвеола С) плевра Д) диафрагма
13. Сәйкестігін анықта: «сілемейлі қабықта сілемейлі бездер бар тербелмелі эпителий болады»
А) мұрын қуысы В) көмей С) кеңірдек Д) өкпе
14. Сол жақ өкпе неше бөліктен тұрады?
А) 2 В) 3 С) 4 Д) 1
15. Ұлпалардағы газ алмасу:
А) сыртқы тыныс алу В) ішкі тыныс алу
16. Қабырғааралық бұлшық еттер жиырылып, қабырғаларды көтереді, көкет жайпақ болып құрсақ қуысындағы мүшелерге қысым түсіреді. Бұл қандай әрекетке тән?
А) тыныс алу В) тыныс шығару
17. Өкпенің тіршілік сыйымдылығы неге тең?
А) 500 мл В) 1500 мл С) 3500 мл Д) 2000 мл
18. Тынысты жиілететін гормондар
А) адреналин, тироксин В) вазопрессин, ацетилхолин С) тимозин, паратгормон
19. Қан оттекпен қай жерде қанығады?
А) жүректе В) өкпеде С) бауырда Д) мида
20. Өкпе көпіршіктерінен оттек қанға қашан өтеді?
А) тыныс алғанда В) дем шығарғанда С) сергектікте Д) үнемі
Тест жауаптары
№
|
І нұсқа
|
ІІ нұсқа
|
1
|
В
|
А
|
2
|
Д
|
А
|
3
|
А
|
В
|
4
|
А
|
Д
|
5
|
С
|
С
|
6
|
В
|
В
|
7
|
А
|
В
|
8
|
С
|
Д
|
9
|
С
|
С
|
10
|
В
|
С
|
11
|
В
|
С
|
12
|
А
|
В
|
13
|
В
|
А
|
14
|
А
|
А
|
15
|
С
|
В
|
16
|
В
|
А
|
17
|
С
|
С
|
18
|
А
|
А
|
19
|
В
|
В
|
20
|
Д
|
Д
|
Достарыңызбен бөлісу: |