224
Талғамды еріткіштермен (фенол, фурфурол, N-метилпирролидон)
тазалау кезінде майлардың тұтқырлығын және тотығуға қарсы қасиеттерін
нашарлататын
полициклді
ароматты
қосылыстарды,
шайырларды,
асфальтендерді және гетероатомды қосылыстарды жоюға болады.
Дистиллятты рафинаттарды аралас еріткіштермен (метилэтилкетон-толуол)
депарафиндеу
кезінде
жоғары
температурада
балқитын
қалыпты
парафиндерді (гач), ал қалдық рафинаттарды өңдеу кезінде төменгі
температуралық қасиеттерді нашарлататын церезиндерді (петролактум)
жоюға болады. Гидротазалау немесе контакт әдісімен тазалау кезінде
майлардың түсі мен иісіне кері әсер ететін полюсты гетероатомды
қосылыстарды жояды.
Майлағыш майлар сапасының негізгі көрсеткіштеріне жатады:
тұтқырлық деңгейі мен тұтқырлық-температуралық қасиеттері;
қату температурасы;
ауадағы оттегімен тотығуға тұрақтылығы (химиялық тұрақтылық);
жұмыс температурасы кезіндегі тұрақтылық (термотұрақтылық);
майлағыштық қасиеті;
қорғаныштық және антикоррозиялық қасиеттері.
Изопарафиндер
мен
нафтендердің
тұтқырлық-температуралық
қасиеттері
жақсы болады, кіші циклді нафтендердің, нафтенді-ароматты
компоненттердің және жоғары молекулалы күкіртті қосылыстардың
химиялық тұрақтылығы жоғары болып келеді. Ароматты қосылыстар мен
шайырлырдың майлағыштық қасиеттері бәрінен жоғары, алайда олардың
тұтқырлық-температуралық және тотығуға
қарсылық қасиеттері төмен,
сондықтан оларды алып тастау керек.
Минералды майлар қасиеттеріне, тазалау әдістеріне, қолданылуына
сәйкес белгіленеді.
Қасиеттеріне байланысты: Л – жеңіл, тұтқырлығы төмен; С – орташа,
тұтқырлығы төмен; Т – ауыр, тұтқырлығы жоғары, У – жақсартылған.
Тазалау әдістеріне байланысты: А – адсорбциялық тазалау, В – сілті
ерітіндісімен өңдеу, Г – гидротазаланған, К –
қышқылмен тазаланған, С –
талғамды еріткіштермен тазаланған, П – қосымшалармен тазаланған.
Қолданыс аясына сәйкес: Д – дизельдерде, И – индустрияда, М –
моторда, Т – турбинада, трансформаторда, трансмиссияда, П – приборларда.
Майлардың маркасын белгілеу кезінде 1-3 әріп және номер көрсетіледі:
бірінші әріп майдың қолданыс орнын, екінші әріп (болмауы да мүмкін)
тазалау әдісін, үшінші әріп (болмауы да мүмкін) құрамында қосымшаның
бар-жоғын, номер майдың тұтқырлығын көрсетеді:
ТК
П
– трансформатор майы, қышқылмен тазартылған, қосымша бар;
Т
П
-22 – турбина майы, тұтқырлығы
22·10
−6
м²/с
қосымшамен тазаланған;
И-12 – индустрия майы, орташа кинематикалық тұтқырлығы
12 мкм²/с;
АК-15 – автотрактор майы, кинематикалық тұтқырлығы
150 мкм²/с артық;
Синтетикалық базалық майларды
көмірсутекті (полиальфа-олефиндер,
алкилбензолдар) және көмірсутекті емес (екі негізді қышқылдардың
225
эфирлері, көп атомды спирттердің күрделі эфирлері) деп бөледі.
Кей кезде
синтетикалық және базалық компоненттерді араластырып, біреуінің
кемшілігін көрсетпеуге болады.
Синтетикалық майлардың кемшілігі:
эластомерлермен үйлесімділігі нашар;
түсті металдар балқымаларын коррозиялауға белсенді.
Минералды майлардан артықшылығы:
тұтқырлығы температурадан көп тәуелді емес (тұтқырлық индексі 150
дейін);
қату температурасы төмен (-60 -70
о
С дейін), буланғыштығы төмен;
тотығуға тұрақтылығы мен температуралық тұрақтылығы жақсы;
қалдықтар түзуге бейімді емес;
күш түскенде және жоғары температура кезінде майлағыштық қасиеті
кемімейді;
майды ауыстыру кезеңі ұзақ;
үйкеліс кезінде шығыны аз;
отынды үнемдеуге себебі тиеді.
Тазартылған минералды және синтетикалық майларды араластыру
арқылы ж
артылай синтетикалық майлар
дайындалады. Синтетикалық
майлармен салыстырғанда олардың бағасы төмен болады және кейбір
кемшіліктері ескерілген, артықшылықтары сақталған болып келеді.
Достарыңызбен бөлісу: