222
18. МҰНАЙ МАЙЛАРЫНЫҢ НЕГІЗГІ ҚАСИЕТТЕРІ
Өндірістің және көлік құралдарының
дамуына байланысты мұнай
майларының сапасына талап үнемі артуда. Бұған себеп, бірінші кезекте
заманауи құралдар мен құрылғыларға механикалық және температуралық
салмақтың артуы және майларды ауыстыру
мерзімінің ұзаруы болып
табылады.
Осыған байланысты тұрақтылығы жоғары, көп функциялы қосымшалар
пакеттерімен жақсы үйлесімділігі, төменгі температурада қасиеттерін және
құралдардың жұмыс жасау кезеңінде қажетті тұтқырлықты сақтауы сияқты
қасиеттерге ие жоғары индексті базалық майлардың маңызы артып отыр.
Өндірістің заманауи процестері (вакуумда айдау, деасфальттау,
талғамды
тазарту,
депарафиндеу,
гидротазалау)
мұнайдан
майлы
фракцияларды
толықтай бөліп алуға, қажетті деңгейге дейін тазалауға және
физика-химиялық қасиеттерін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сонымен
қатар, майлардың сапасы қолданыстағы мұнайдың химиялық құрамы мен
қасиеттерінен де тәуелді. Қолданыстағы катализдік процестер (гидрокрекинг,
гидроизомерлеу,
алкилдеу, полимерлеу және т.б.) белгіленген химиялық
құрамы мен қасиеттерге сәйкес майларды жоғары шығыммен алуға
мүмкіндік береді.
Майлар өндірісінде негізінен Орал-Еділ аймағының күкіртті мұнайлары
(ромашкинская, мухановская, туймазинская т.б.),
Батыс Сібір мұнайлары
(усть-балыкская, самотлорская т.б.) және Маңғыстау жарты аралының
мұнайлары қолданылады. Бұл мұнайлар химиялық құрамы және қасиеттері
бойынша жоғары эксплуатациялық сапалы майлар алуды қамтамасыз етеді.
Тауарлы майлардың сапасы төмен болған жағдайда механизмдер мен
аппараттардың бұзылуы, өндірісте
апатты жағдайлардың болуы, тіпті кісі
өлімі болуы ықтимал. Сондықтан, тауарлы майлар өндірісінде маңызды
аспект өнім мен шикізаттың сапасына қатаң тексеріс болып табылады.
Тауарлы майларды дистиллятты және
қалдық базалық майларды
араластыру арқылы алады. Барлық эксплуатациялық сипаттамаларға сай болу
үшін оларға әртүрлі қосымшалар қосады.
Мұнай майлары жоғары молекулалы парафинді, нафтенді, ароматты
көмірсутектердің және аз мөлшерде шайырлы-асфальтенді
заттардың
қоспасы болып табылады.
Қолданылатын орнына сәйкес мұнай майлары
майлағыш
және
арнайы
болып бөлінеді.
Майлағыш майлар
техниканың кез-келген саласында қолданылады және
қолдану бағытына қарай мынадай функциялар атқарады: жанасу беттерінің
арасындағы үйкеліс коэффициеттін азайтады,
істен шығу мерзімін
баяулатады, металдарды коррозиядан қорғайды, үйкеліске түскен
223
бөлшектерді салқындатады және үйкеліс нәтижесінде пайда болған өнімдерді
шығарып тастайды.
Достарыңызбен бөлісу: