217
РТ маркалы реактивті отынды 135-280
о
С тура айдалған керосинді
фракцияны гидротазалау арқылы алады. Гидротазалай нәтижесінде күкірт
пен меркаптандардың мөлшері азаяды, алайда
реактивті отынның тозуға
қарсы қасиеттері мен химиялық тұрақтылығы нашарлайды. Оны болдырмас
үшін отынға антитотықтырғыш және тозуға қарсы қосымшалар қосады. РТ
отыны халықаралық талаптарға толықтай сәйкес келеді,
тіпті кейбір
көрсеткіштер бойынша жоғары. РТ отынының тозуға қарсы қасиеттері
жақсы, химиялық және термототықтырғыштық тұрақтылығы жоғары,
күкірттің мөлшері төмен және меркаптандар жоқтың қасы. Отынды 10 жыл
сақтауға болады және қозғалтқыштың жұмыс ресурсын толықтай қамтамасыз
етеді. РТ реактивті отыны дыбысқа дейінгі
авиация ұшақтарында отын
ретінде қолданылады.
ТС-1 маркалы реактивті отынын тікелей айдау арқылы, әйтпесе
гидротазаланған немесе меркаптандардан
тазартылған компоненттердің
қоспасынан алады. Отынның тозуға қарсы қасиеттері кемімес үшін
қоспадағы гидротазаланған компоненттердің мөлшері 70
%
артық болмауы
керек. Мұнайдың керосинді дистилляттарында жалпы және меркаптанды
күкірттің мөлшері стандарттың талабына
сәйкес болмаған жағдайда
гидротазалау қолданылады, ал тек қана меркаптанды күкірттің мөлшері
стандарттың талабына сәйкес болмаған
жағдайда демеркаптандау
қолданылады.
Реактивті отындар біркомпонентті болуы тиіс (араластыруға болмайды).
Олар қозғалқыштың кез-келген жағдайда от алуын, тез қозғалыстағы ауа
ағымында және ауаның көп артық мөлшерінде (2 реттен көп)
тұрақты
жануын, түтінсіз және күйесіз толықтай жануын, жоғарғы жылдамдықты,
ұшудың қашықтығын және ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Достарыңызбен бөлісу: