А. Т. Сағынаев МҰнай мен газдың физикасы және химиясы



Pdf көрінісі
бет126/153
Дата06.03.2023
өлшемі6,98 Mb.
#171314
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   153
Байланысты:
S4

17.1.3. Фракциялық құрамы 
Бензиннің фракциялық құрамы отынның буланғыштығын, қозғалтқыш 
цилиндрлерінің бойына таралуын, толық жануын, отынды аз жұмсауын 
сипаттайды. Буланғыштық бензин фракциясының 10, 50 және 90 көлемдік 
пайыз қайнауын көрсететін температурамен анықталады. Бензиннің 10 
көлемдік пайызының қайнау температурасы моторды іске қосу қасиетін 
сипаттайды. Бензиннің 50 көлемдік пайызының қайнау температурасы мотор 
жұмысының бір режимнен басқа режимге ауысу жылдамдығын және бензин 
фракциясының цилиндрлерге бірқалыпты таралуын сипаттайды. Бензиннің 
90 көлемдік пайызының қайнау температурасы отынның толық жануына 
және оның шығынына, сонымен қатар мотор цилиндрінде, жану камерасында 
күйенің пайда болуына әсерін тигізеді. ГОСТ Р 51105-97 бойынша (01.01.99 
жылдан бері қолданылады) бензиннің фракциялық құрамы 70, 100 және 180 
о
С температура кезінде анықталады. 
17.1.4.
 
Қаныққан булар қысымы 
Қаныққан булар қысымы бензиннің ұшқыштығы, сонымен қатар 
моторды отынмен қамтамасыз еру жүйесінде газ тығындарының пайда болуы 
туралы қосымша мағлұматтар береді. Бензиннің қаныққан бу қысымы 
жоғарылаған сайын, оның ұшқыштығы да өседі. Бензиннің фракциялық 
құрамына қарап, ұшқыштық индексін есептейді. Бензиннің ұшқыштық 


214 
индексі 70 
о
С кезінде ұшқан бензиннің көлемі мен қаныққан булар 
қысымының белгілі қатынасында бензиннің ұшқыштығын және оның газ 
тығындарын түзуге қабілетін сипаттайды. 
Жаз уақытында пайдалануға арналған бензиннің бу қысымы төмен 
болады. Сондықтан тауарлы бензиннің іштен жану двигателін іске қосу 
қасиетін арттыру мақсатында оның құрамына 30 көлемдік пайызға дейін 
жеңіл компоненттерді (қ.б.-62 
о
С фракцияны, изомеризатты, алкилатты және 
т.б.) қосады. Қаныққан бу қысымын арттыру үшін сонымен қатар бутан 
қосуға болады. Жаздық бензиннің құрамында 2-3
%
, ал қыстық бензинде 5-
8
%
дейін бутан болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   153




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет