А. Т. Сағынаев МҰнай мен газдың физикасы және химиясы



Pdf көрінісі
бет128/153
Дата06.03.2023
өлшемі6,98 Mb.
#171314
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   153
Байланысты:
S4

 
17.2. Авиация бензиндері 
Авиация бензиндері кіші қалақты ұшақтар мен тікұшақтардың поршенді 
двигательдерінде қолданылады. Авиация бензиніне қойылатын талаптар 
автобензиндердікінен гөрі қатаңдау болып келеді. Сондықтан авиация 
бензинінің құрамына мұнайды тура айдау, каталитикалық риформинг, 
алкилдеу, ароматтау, кейде изомерлеу өнімдері ғана кіреді. Құрамында 
олефинді көмірсутектері бар өнімдер авиация бензинін дайындау үшін 
қолданылмайды. Авиация бензинінің негізгі сапа көрсеткішіне мыналар 
жатады: детонациялық тұрақтылығы, екшеленген фракциялық құрамы, 
кристалдану 
температурасының 
төмендігі, 
шайырлы 
заттардың, 
қышқылдардың және күкіртті қосылыстардың аздығы, жану жылуының 
жоғары болуы және сақтау кезіндегі тұрақтылығы.
Авиация бензинінің мынадай маркалары шығарылады: Б-91/115, Б-
95/130 (ГОСТ 101272), Б-100/130 (ТУ 38.401-58-197–97), Б-92 (ТУ 38.401-58-
47–92) және Б-70 (ТУ 38.101913–82). Бұл бензиндер жыл мезгілдеріне сәйкес 
сорттарға бөлінбейді, себебі ұшу ортасының температурасы жыл бойы көп 
өзгермейді. Бұл бензиндерге 2,5-3,3 г/кг мөлшерінде тетраэтилқорғасын 
қосады, қышқылдылығына, шайыр мен күкірттің мөлшеріне деген талаптар 
қатаң сақталады. Детонациялық тұрақтылығына, жану жылуына, ароматты 
көмірсутек-тердің мөлшеріне деген шарттарды сақтау мақсатында базалық 
авиа-бензиндерге алкилбензин, изомеризат, толуол (20 көлемдік пайыздан 
артық емес) және пиробензол (10 көлемдік пайыздан артық емес) қосады. 
Тотығуға қарсы препарат ретінде 
п
-оксидифениламин 0,004-0,005 массалық 
пайыз мөлшерінде қолданылады. 
17.3. Реактивті отындар 
Реактивті отындар ұшақтардың, тікұшақтардың және ракеталардың 
реактивті қозғалтқыштарына арналған. Реактивті отындардың әлемдік 
өндірісі өңделетін мұнай көлемінің орташа алғанда 5
%
құрайды (шамамен 
Еуропада және дамушы елдерде 2%, Солтүстік Америкада 7%. Бейбіт өмірде 
әскерилер реактивті отындар ресурсының шамамен 10% жұмсайды. 
Отынның массасы ұшақтың массасының 30
%
-дан 60% дейінгі массасын 
құрайды. Бұл отынға ерекше маңызды роль береді. 
Реактивті отындарға қойылатын талаптар төмендегідей: тығыздық 775-
840 кг/м
3
(20 
о
С); кристалданудың басталу температурасы -50-60 
о
С; 
ароматты көмірсутектердің мөлшері 22 массалық пайыздан артық емес; 
жалпы күкірттің мөлшері 0,1-0,2 массалық пайыздан артық емес; 
меркаптанды күкірттің мөлшері 0,001-0,003 массалық пайыздан артық емес. 
Бүгінгі таңда кең қолданыстағы реактивті отындардың екі маркасы бар: 
РТ (сапасы жоғары категориялы) және ТС-1 (жоғарғы және бірінші сортты). 
Реактивті отындар өндірісінің негізгі шикізаты – мұнайдың 140-280 
о
С 


216 
қайнайтын фракциясы. Реактивті отындарды алу үшін сапалық көрсеткіштері 
талапқа сай келетін мұнайларды ғана қолданады.
17.1-Кестеде РТ және ТС-1 маркалы реактивті отындардың техникалық 
сипаттамалары келтірілген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   153




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет