213
қуаты азаяды, мотор қызып кетеді, поршень мен клапандардың бетіне күйе
тұрады.
17.1.2. Октан саны
Октан саны – бензиннің детонацияға тұрақтылығын сипаттайтын және
изооктан
мен
қ
-гептанның
моделді
қоспасының
детонациялық
тұрақтылығына сәйкес келетін сандық шартты көрсеткіш.
Изооктанның октан саны 100, ал
қ
-гептанның октан саны 0 тең деп
қабылданған. Автомобиль бензиндерінің октан сандары екі түрлі – мотор
және зерттеу әдістермен өлшенеді. Октан санын арнайы қондырғыда
сыналып отырған бензин мен эталонды қоспаның (изооктан +
қ
-гептан) жану
сипаттамаларын салыстырып анықтайды. Сынақты екі түрлі ортада
жүргізеді: 1) иінді біліктің айналу жиілігі минутына 900 айналыс, сорылатын
қоспаның температурасы 149
о
С; 2) иінді біліктің айналу жиілігі минутына
600 айналыс, сорылатын ауаның температурасы 52
о
С. Сәйкесінше октан
сандары
мотор әдісі бойынша
(ОСМ) және
зерттеу әдісі бойынша
(ОСЗ)
анықталады. ОСМ және ОСЗ арасындағы айырмашылық
сезімталдық
деп
аталады және мотордың әртүрлі жағдайда жұмыс жасауына бензиннің
жарамдылық дәрежесін сипаттайды. Автомобильдің қала жағдайында
қозғалысы кезіндегі бензиннің сипаттамасын ОСЗ әдісі, ал ОСМ әдісі
мотордың жоғары жылдамдықпен жұмыс жасауы және күш жұмсауы
кезіндегі сипаттамасын дұрыс береді деп есептелінеді.
Достарыңызбен бөлісу: