211
Алкандардың изомерленуі
экзотермиялық процесс, алайда бөлінетін
жылудың мөлшері 6-8 кДж/моль. Катализатор
қатысында изомерлену
карбкатионды механизм бойынша жүреді.
Процестің бірінші сатысы – карбкатионның түзілуі. Катализатордың
беткейінде түзілген карбкатион
алкан молекуласын атқылап, жаңа
карбкатион түзіледі:
Келесі екі сатыда карбкатиондардың изомерленуі арқылы изоалкан
түзіледі:
Осы звеноның қайталануы нәтижесінде тізбектің өсуі жүреді.
Протонның карбкатионнан катализаторға ауысуынан тізбектің үзілуі
жүзеге асады.
Изомерлену реакциясының катализаторы.
Ең
активті изомерлену
катализаторлары А1С1
3
немесе SbCl
5
-мен қоспасы, немесе көмірсутектермен
комплексі болып табылады. Алайда бұл катализатор бірқатар қосымша
өнімдер түзеді.
Соңғы кезде изомерлену процесінде
құрамында Pt немесе Pd бар
алюминий оксиді немесе цеолит негізіндегі бифункционалды катализаторлар
қолданылады. Олардың негізгі артықшылығы талғамдылығында.