А. Т. Сағынаев МҰнай мен газдың физикасы және химиясы



Pdf көрінісі
бет6/153
Дата06.03.2023
өлшемі6,98 Mb.
#171314
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   153
Байланысты:
S4

1. Шығыс және Батыс Қашаған. 
Дүние жүзінде соңғы 40 жылда 
ашылған ең ірі мұнайгаз кенорны, сонымен қатар теңіздегі аса ірі мұнай 
кенорны. Кенорны 
XIX ғасырдағы белгілі ақын-жырау Құржымұлы Қашаған 
есімімен аталады. 
Қашағанның геологиялық қоры 6,4 млрд. тонна мұнай деп бағаланды. 
Қашағанда табиғи газдың 1 трлн м
3
астам қоры бар. Мұнайды өндіру 2012 
жылдың соңына белгіленген болатын, алайда құбырлар жүйесіндегі 
техникалық ақауларға байланысты 2016 жылдың соңына шегерілді. ENI 
корпорациясының есебі бойынша 2023 жылдары Қашағанда мұнай өндірудің 
көлемі жылына 75 млн. тоннаға жетуі тиіс. Қашағанды игеру арқылы 
Қазақстан әлемдік мұнайөндірушілердің ТОП-5 қатарына енуі тиіс.
«Қашаған» жобасында Eni, KMG Kashagan B.V., Total, ExxonMobil, 
Royal Dutch Shell компанияларының әрқайсысының 16,81%, ConocoPhillips 
— 8,4%, Inpex — 7,56% үлесі бар. Олардың барлығы бірігіп North Caspian 
Operating Company (NCOC) компаниясының құрамына кіреді. 
2. Теңіз. 
Атырау облысында Атырау қаласынан 160 км оңтүстік-
шығыста орналасқан ірі мұнайгаз кенорны. Каспий маңы мұнайгаз 


11 
провинциясына жатады. 
1979 жылы бұрғылап барлау жұмыстары басталды. 
1991 жылы мұнай өндіру өндірістік деңгейде басталды.
Мұнайдың геологиялық қорының болжамды көлемі 3,1 млрд тоннаны 
құрайды. Кенорынның игерілу қоры 750 млн тонна мұнай және 1,8 трлн м
3
табиғи газ деп бағаланған. 
1993 жылы Қазақстан Үкіметі Теңіз кенорнын игеру мақсатында 
«Chevron» компаниясымен бірігіп ЖШС «Теңізшевройл» БК құрды. Бүгінде 
төрт компаниямен серіктес болып табылады: «Қазмұнайгаз» ҰК АҚ (20%), 
«Chevron Overseas» (50%), «Exxon Mobil» (25%) және «LukArco»(5%). 
3. Өзен. 
Маңқыстау облысындағы мұнайгаз кенорны. 
1961 жылы 
ашылды.
Мұнайдың қоры 1,1 млрд. тонна. Шикізат базасына «Өзен» және 
«Қарамандыбас» 
мұнайгаз кенорындары, 
«Тасболат», «Батыс Тенге», 
«Ақтас», «Оңтүстік Жетібай» газды конденсаты кенорындары және «Шығыс 
Өзен» газ кенорны кіреді. Жалпы игерілу қоры 191,6 млн. тонна мұнайға 
бағаланған. 
Кенорынның операторы «ҚазМұнайГаз Барлау және Игеру» АҚ. 2008 
жылы мұнай өндіру 7 млн. баррель құрады. Мұнай өндірудің рекордты 
деңгейі – 16,3 млн тонна 1975 жылы, ал ең төменгі көрсеткіші – 2,7 млн. 
тонна 1994 жылы белгіленді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   153




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет