А. Т. Сағынаев МҰнай мен газдың физикасы және химиясы


Катализдік реакциялар мен катализаторлардың жіктелуі



Pdf көрінісі
бет89/153
Дата06.03.2023
өлшемі6,98 Mb.
#171314
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   153
Байланысты:
S4

11.2. Катализдік реакциялар мен катализаторлардың жіктелуі 
Катализатордың әрекеттесуші заттармен және аралық өнімдермен 
химиялық әрекеттесу сипатына қарай катализдік реакцияларды
 
және
 
катализаторларды
 
сәйкесінше
 
қышқылды-негізді
және 
тотығу-
тотықсыздану 
деп бөледі. Қышқылды-негізді реакцияларда белсенді аралық 
бөлшектер – иондар болып табылады. Катализатор олардың түзілуін 
катализатордан реагентке немесе реагенттен катализаторға протонды 


147 
тасымалдау нәтижесінде қоздырады. Катализаторлар ретінде қышқылдар 
(қышқылдық катализ) және негіздер (негіздік катализ) қолданылады. 
Тотығу-тотықсыздану реакцияларында белсенді аралық бөлшектер – 
радикалдар болып табылады. Олар катализатордың белсенді орталығымен 
гомеополюсті байланыстар арқылы әрекеттеседі және катализдік әсерлесу 
катализатор молекуласынан реагент молекуласына немесе керісінше жүретін 
электронның тасымалы арқылы іске асады. Бұл реакцияларды металдар мен 
жартылай өткізгіштер – оксидтер, сульфидтер, комплексті қосылыстар 
катализдейді. 
Катализаторлардың 
белсенді 
орталығы 
жартылай 
координацияланған атомдар немесе толық емес 
d
-орбитальдары бар аралық 
металдардың катиондары. Бұл орбиталь электрон жұптарының доноры 
болып табылатын молекулалармен координациялық байланыс түзеді. Бос 
орбитальдары бар молекулалармен ондай белсенді орталықтар π–байланыс 
түзеді. Жұптаспаған электрондары бар 
d
-орбитальдар бос валенттілік 
ретінде, белгілі бір дәрежеде бос радикалдар сияқты әсер етеді. 
Координациялық-комплексті катализде
реагенттің катализатормен 
комплекс түзуі кезінде комплекстүзуші металл ионының өрісі есебінен 
әсерлесуші 
байланысының 
иондануы 
немесе 
полюстенуі 
жүреді. 
Координациялық-комплексті катализаторлар қышқылды-негізді және тотығу-
тотықсыздану реакцияларын катализдеуі мүмкін.
Көптеген өндірістік катализаторлар бифункциональды, яғни тотығу-
тотықсыздану катализаторын қышқылды матрицаға енгізеді.Мұнай өңдеу 
өндірісінде жүргізілетін катализдік реакциялар тотығу-тотықсыздану 
(гидрогендеу және дегидрогендеу) және қышқылдық (катализдік крекинг, 
алкилдеу, алкендердің полимерленуі) реакциялар типіне жатады. 
Бифункциональды 
катализ
кең 
қолданылады 
(алкандардың 
изомерленуі, риформинг, гидрокрекинг). Негіздермен катализденетін 
процестер мұнай өңдеу өндірісінде қолданылмайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   153




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет