50
а) құбыр электродты электрофильтр; б) пластинкалық эдектродты
электрофильтр (1-корондық, 2-шөгу электродтары).
10 сурет - Электрофильтрдің құрылымдық сұлбалары
Өткел түрлері бойынша барлық фильтрлер төмендегідей болып
бөлінеді:
- зернистік қабатты (қозғалмайтын, еркін жайылған зернистік
материалдар);
-
кеуекті өткелден жасалған (мата, войлок, резина, пенополиуритан
және т.б.);
-
жартылай қатты кеуекті өткелден (тоқылған торлар, престелген
спиралдар және т.б.);
- қатты кеуекті өткелден (кеуекті карамика, кеуекті металдар және т.б.)
Фильтр элементтерін әртүрлі маталардан және киіздерден жасайды.
Жақсы фильтрлеу қабілетіне ие мақта қағазды және жүн маталар болып
табылады, соңғы кездерде синтетикалық маталар да қолданылады. Оның
химиялық және жылулық төзімділігі жоғары және жоғары берікті болып
келеді. Синтетикалық матаның құны басқа маталарға қарағанда арзан болады
және оны ыстық газдарды тазалау үшін қолдануға болады.
Ауаны қышқыл, майлы тұманнан және басқа сұйықтықтардан тазалауда
талшықтық фильтрлер
(тұман аулағыштар) қолданылады.
Тұман аулағыштар төмен жылдамдықты (
15
,
0
ф
м/с ) және жоғары
жылдамдықты (
5
,
2
2
ф
м/с) болып екіге бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: