Ф. Р. Жандаулетова, Ж. С. Абдимуратов экология және тұРАҚты даму


 Атмосферада зиянды заттардың таралуын бақылау



Pdf көрінісі
бет24/45
Дата07.03.2023
өлшемі1,22 Mb.
#171433
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   45
Байланысты:
ЭжТД китап 9

 
5.4 Атмосферада зиянды заттардың таралуын бақылау
Технологиялық процестерді жаңарту, газды тазалаудың жоғары тиімді 
жүйесін қолдану өндірістіктен шыққан зиянды заттардың ауаға таралуын 
азайтады. Сонымен бірге шаң және газ тәрізді қоспалардың ауаға таралуын 
толық түрде аулау мүмкін емес. 
Зиянды заттар концентрациясы атмосфераның жер бетіндегі қабатында 
шекті-рұқсат ететін максималды – бірлік концентрациясынан аспауы үшін 
шаң-газ қоспалары атмосферға биік трубалар арқылы тартылады. Оның 
трубадан шығып турбуленттік диффузия заңына бағынады. Таралу процесі 
атмосфера жағдайына, кәсіпорындағы зиянды (тастанды) заттардың 
физикалық қасиетіне, мұнара биіктігі және диаметріне және т.б. байланысты 
болады. 
Қоспалардың көлденең таралуы негізінен желдің жылдамдығымен, ал 
тік таралуы - температураның тік таралуымен анықталады. 
Белгілі әдістемеге сәйкес мұнараның минималды 
min
H
биіктігі
төмендегі теңдеумен анықталады: 
3
min
1
T
Q
ПДК
n
m
R
M
A
H
F







, (8) 
мұнда 
А
– атмосфераның температуралық градиентіне байланысты және 
зиянды заттардың вертикал және горизонтал түрде таралу жағдайын 
анықтаушы коэффициент. Ол метеожағдайларға байланысты жердің әрбір 
аймағында әртүрлі болады (240 – 120). Қазақстан үшін А=200 тең; 
М
– атмосферадағы тастанды зиянды заттардың саны, г/с; 
Q
– барлық трубадан шыққан газ-ауа қоспасының көлемдік шығыны,
с
м
/
3

R
– атмоферадағы тастанды заттардың шөгу жылдамдығын ескеретін 
коэффициент. Ол газ үшін 
R
=1 тең, ал шаң үшін 0,9 – 2,5 және 0,75 – 3 тең; 
Т

– газ-ауа қоспасынан шыққан және қоршаған атмосфера ауасы 
температураларының айырмасы; 
ф
V
ф
F
Q




53 
m және n - газ-ауа қоспаларының шығу жағдайын ескеретін өлшемсіз 
коэффициенттер.
Зиянды заттардың максималды концентрациясы (сол заттың) 
максималды бірлік шекті рұқсат етілетін концентрациясынан аспауы керек: 
мб
F
m
ШРК
T
Q
H
n
m
R
M
A
C








3
2
. (9) 
«Өндірістік кәсіп орындарын жобалаудағы санитарлық нормалар» 
талаптарына сәйкес қоршаған ортаға зиянды және қолайсыз иістерді 
шығаратын кәсіпорындарды тұрғын үйлерден санитарлы - қорғаныс зона 
арқылы бөлу керек. Санитарлы – қорғаныс зонасының тұрғын үйлерге дейінгі 
ара қашықтығы өндіріс орнының қуатына, технологиялық процестің 
жүргізілу жағдайына және зиянды заттардың қоршаған ортаға таралу саны 
және сипатына байланысты болады. 
Өндіріс кәсіпорындарының классификациясына сәйкес зиянды заттар 
бөлінуіне байланысты санитарлы – қорғаныс зонасының бес шамасы 
орнатылған: 
-
I
класс кәсіпорындары үшін – 1000 м; 
-
II
класс – 500 м; 
-
III
класс – 300 м; 
-
I
V класс – 100 м; 
-
V класс – 50 м. 
Санитарлы- қорғаныс зонасын кәсіпорынның резервтегі территориясы 
деп қарауға болмайды және өндіріс алаңын кеңейтуде оны пайдаланбау керек. 
Бірақ сонымен бірге, осы зонаға гараж, өрт депосын, қоймаларды, ғылыми - 
зерттеу лабораториясын, көлік тұрақтарын және т. б. орналастыруға болады. 
Санитарлы - қорғаныс зонасының территориясын таза ұстап, көгалдандыру 
қажет.
Атмосферадағы қоспалардың (шаң) концентрациясын бақылау 
әдістері.
 
Ауадағы зиянды заттардың шекті рұқсат ету концентрациясын 
(ШРК) сақтап тұру үшін атмосфера ауасындағы олардың құрамын үздіксіз 
бақылаудан өткізіп тұру керек.
 
Шаң 
концентрациясын 
бақылау 
әдістерін 
гравитациялық, 
радиоизотоптық 
және
 оптикалық
әдістер жатады. 
Гравитациялық әдіс - қоспа ағынынан шаң бөліктерін ажыратып және 
олардың массасын анықтау болып табылады. 
Шаң концентрациясы келесі формуламен анықталады: 



Q
m
C
/
, (10) 
мұнда m – шаң массасы (пробаға алған), мг; 
Q – ауаның көлемдік шығыны,
с
м
/
3
;

– проба алу уақыты.


54 
Гравитациялық әдіс көп елдерде стандартты түрде қолданылады. Бұл 
әдістің негізгі мүмкіндігі – шаңның массалық концентрациясын алу болып 
табылады. Бірақ бұл әдістің кемшілігі - өлшеу процесінің күрделілігі (үлкен 
еңбек сыйымдылығы) және шаңның химиялық және дисперстік құрамы 
ескерілмейді. 
Радиоизотоптық әдіс бойынша шаңның концентрациясын өлшеу 
радиоактивті сәулелену (негізінен, 

-сәулелері) нәтижесінде шаң бөліктерінің 
сәулені қабылдауына (өзіне сіңіруіне) негізделген. Ауланған (алынған) 
шаңдар массасын жиналған шаң қабатынан өткен радиоактивті сәулеленудің 
әлсіреу дәрежесі бойынша анықтайды. 
Шаң концентрациясының радиоизотопты әдіспен өлшеу шаңның жеке 
дисперстік құрамына тәуелді болады. Қателігі 

15 % болады. Бұл әдіс 
қарапайым және сезімталдығы мен дәлдігі бойынша гравитациялық әдістен 
қалыспайды. 
Оптикалық әдісте шаңданған газ ағынының шаң концентрациясына 
тәуелдігі немесе физикалық қасиетінің (оптикалық тығыздығы, жарық сәулесі 
немесе таралу дәрежесі) шаң қалдығына тәуелділігі қолданылады.
Шаң қалдығының оптикалық тығыздығы ауланған шаң қабатының 
концентрациясына және қалдығына байланысты. Оптикалық тығыздықты 
жарық жұту немесе жарық таралу дәрежесі бойынша өлшеу - талдаудың 
фотометрлік әдісі деп аталады. Оның көмегімен 
9
10
5


г дейін заттарды 
анықтауға болады. 
Шаңды газды ортадан өтіп жарықтың жұтылу құбылысына негізделген 
әдіс абсорбциондық әдіс деп аталады. Бұл әдіс зат бөліктерін атмосфералық 
ауада өлшеуге мүмкіндік береді. 
Шаңның концентрациясын өлшеуде электрлік әдістерде қолданысқа ие. 
Олар: индукциялық, түйіспелі – электрлік, сиымдылықтық және т. б. болып 
бөлінеді. 
Өндірістік 
шығатын 
қалдық 
заттардан 
тазалау 
әдістері.
Технологиялық және вентиляциялық түрде таралатын қалдық заттардан газ 
және бу тәріздес қоспаларды тазалау процестері кәсіпорындарда алдын-ала 
дайындауды талап етеді, өйткені қоспа жоғары температурада және көп 
санды шаң бөліктерінен тұрады, ол өз кезегінде газды тазалау процесін 
қиындатады. 
Өндірістік қалдық заттардан тазалау әдістерін физикалық және 
химиялық процестер мінездемесі бойынша 4 топқа бөлуге болады: 
1) Абсорбция әдісі. 
2) Хемосорбция әдісі. 
3) Адсорбция әдісі. 
4) Каталиттік әдісі. 
Абсорбция әдісі.
Бұл әдіс газды-ауалық қоспаны, сол қоспадағы бір 
немесе бірнеше газдың компоненттерін ертіп жұту жолы мен құрамдық 
бөліктерге бөлу арқылы жүреді. 


55 
Хемосорбция әдісі.
Газ және буларды қатты және сұйық жұтқыштармен 
аз ұшатын және аз еритін химиялық қосылысын пайда етіп жұтуға 
негізделген. 
Адсорбция әдісі
. Кейбір ультрамикроскоптық құрылыстағы қатты 
дененің өз бетінде газ қоспасының кейбір компоненттерін шығарып тастау 
және бір қалыпты деңгейде ұстау бойынша физикалық қасиетіне негізделген. 
Каталиттік әдіс.
Бұл әдіспен өндірістік тастанды заттардың улы 
компоненттерін, тазалау жүйесіне қосымша катализатор деп аталатын затты 
қосып, қоршаған ортаға зиянсыз немесе зияны аз заттарға айналдырады. 
Қоспалардың концентрациясын бақылау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет