35
Түсті металлургияда атмосфераны шаңмен, газбен ластау көзі болып
табылады. Түсті металлургиядан атмосфералық ауаға шаңды заттар, мышьяк,
қорғасын және т.б. заттар бөлінеді. Электролиз арқылы алюминий алу кезінде
де электролиздік ванналардан көптеген шаңды және газды фтор қосындылары
бөлінеді. 1 тонна алюминий алу үшін электролиздердің түрі
мен қуатына
байланысты 33 кг - 47 кг фтор жұмсалып, оның 65% қоршаған ортаға тарайды.
Эколог мамандардың анықтауы бойынша Қазақстан жерінде өндірістік
кәсіпорындардан қалған 20 млрд тонна қатты қалдықтар жатыр. Тек ғана түсті
металлургия зауыттарынан (4 сурет) шыққан қалдықтар - 5,2 млрд тоннадан
астамын құрайды. Түсті металлургия кәсіпорындары қалдықтарының
жинақталған ауданы 15 мың гектарды құрайды.
Қазақстан территориясында түсті металлургия үш
аймақта - Орталық,
Шығыс және Оңтүстік Қазақстанда орналасқан. Оңтүстік Қазақстанда кен
орындары Жоңғар Алатауы мен Қаратауда кездеседі. Түсті металлургияның
өнеркәсіп орындарында Менделеев таблицасындағы элементтерінің 74 түрі
өндіріледі. Түсті металдарды өндіру үлкен мөлшердегі энергияны қажет етеді.
Сондықтан Мұндай өндіріс орындары электр энергиясының көзіне жақын
салынады.
Көмір өнеркәсібінде ластаушы көзі болып терриконниктер -
жыныстарда өздігінен жануынан ұзақ уақыт бойы көмір мен пириттің жануы
жүреді. Нәтижесінде күкіртті газ,
көміртегі оксиді, шайырлы заттардың
қосылыстары бөлінеді.
Мұнай өндіру, өңдеу.
Қазақстан территориясында 14 мұнай бассейні
ашылған, сонымен бірге 160 мұнай және газ орындары зерттелуде. Осы
өнеркәсіптің дамуына байланысты экологиялық жағдайда нашарлануда, атап
айтсақ: атмосфера ауасы, топырақ,
өзендермен көлдер, фауна және флора
ластануда.
Мұнай химия өнеркәсібі атмосфералық ауаға көмірсутектер, күкіртті
сутектер және басқа да иісі жағымсыз заттар бөледі. Синтетикалық каучук
заводтарынан ауаға - стирол, дивинил, толуол, ацетон, изопрен және т.б.
бөлінеді. 90-шы жылдардың соңында
жасаған зерттеулер бойынша
Қазақстанның Каспий өңіріндегі тек Мұнай өндіретін орындарынан жылына
атмосфераға 184000 тонна әртүрлі зиянды заттар бөлінеді.
Ал қазіргі кезде мұнай өндіретін кен орындарының саны да, өндіретін
Мұнайдың мөлшері де ол кездегіден көбейе түсті. АҚШ-та қоршаған ортаны
ластағаны үшін заңды тұлғалар мыңдаған доллар айып пұл төлейтін болса,
біздің еліміздегі төленетін айып пұл мөлшері одан жүздеген есе аз.
Сондықтан-да инвесторлар сүзгілерді орнату, ауыстуру және қоршаған ортаға
бөлінетін ластануды азайтудың орнына, оған қарағанда айыппұл төлеуді жөн
санайды.
Құрылыс материалдары өнеркәсібінде
цемент және құрылыс
материалдарын өндіру кезінде де қоршаған ортаға зиянды шаңдар бөлінеді.
Мұндай шаңдар негізгі технологиялық процестер - жартылай дайын
өнімдерді, шикізаттарды майдалау, температуралық өндеу кезінде бөлінеді.
36
4 сурет - Металлургия зауыттарының ластауы
Химия өнеркәсібі (пластмасса, майлайтын материалдар, тұрмыстық
химия заттары және т.б.). Бұл өнеркәсіп саласынан
бөлінетін зиянды заттар
адам организмі үшін қауіптілердің бірі. Химиялық өнеркәсіптерден қоршаған
ортаға IV валентті көміртегі оксиді, IV валентті азот оксиді, күкіртті ангидрид,
аммиак, күкіртті сутек, хлорлы, фторлы қосылыстар және т.б. бөлінеді.
Ірі күкірт қышқылды цехтар Жезқазған мен Балқаш мыс балқыту
комбинаттарында, Өскеменнің қорғасын-мырыш комбинатында, Ақтөбе және
Жамбыл суперфосфат заводтарында салынған.
Атмосферада күкіртті газдар ұзақ сақталмайды.
Ауа райы құрғақ
жағдайда 2-3 аптадан, ылғалды және атмосферада аммиак болған жағдайда
бірнеше сағаттарға дейін сақталады. Атмосферадағы ылғалмен әрекеттесіп -
каталитикалык,
фотохимиялық
реакциялардың
әсерінен
тотығып
H,SO
4
ерітіндісін түзеді. Сөйтіп, бұл қосылыстың қауіптілігі арта түседі,
күкіртті қосындылар ауа массасымен бірге жел арқылы көшіп сульфатты
формаларға ауысады. Олардың көшуі желдің жылдамдығы 10 м/сек жағдайда
750 м-ден 1500 м биіктікте жүреді, күкіртті газдардың таралуы 300 км-ден 400
км қашықтыққа дейін жетеді.
Күкіртті қосылыстар адамдар мен жануарлардың тыныс алу жолдарына
әсер етіп тыныс алуды қиындатады. Өсімдіктерде хлорофиллдердің
бұзылуына әсер етіп нәтижесінде фотосинтез процесі нашар жүреді, өсу
баяулайды, ағашты
өсімдіктердің сапасы төмендеп, ауыл шаруашылығы
дақылдарының өнімі азаяды. Атмосфералық ауа құрамында күкірттің көп
болуы металдардың таттануын (коррозия) үдете түсіп, ғимараттардың,
37
ескерткіштердің, өнеркәсіп бұйымдарының сапасын төмендетеді. Өнеркәсіпті
аудандарда, ауылды жерлермен салыстырғанда темір 20 есе, алюминий 100
есе тез таттанып бұзылады.
Достарыңызбен бөлісу: