28
2,6 млн ға кеміп, өзінің 60% көлемін жоғалтты. Судың деңгейі 12-ден 2 м-ге
түсіп кетті, тұздылығы 2 еседен астам артты. Күн сайын 200 тонна тұз бен құм
желмен 300 км ара қашықтыққа таралады. Шөлдену, топырақтың тұздануы,
өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің кедейленуі, климаттың өзгеруі одан әрі
жалғасуда. Халықтың денсаулығы күрт төмендеп кетті.
Қоршаған ортаны бұза отырып, кез келген қазіргі заманғы қоғам өзінің
болашағын жояды. Болашақ ұрпақтардың дамуы үшін экологиялық
тұрақтылықты сақтап қалу қажет. Экологиялық тұрақты болашақты сақтау
үшін табиғи ортаның жағдайын бақылап, өнеркәсіптік қалдықтарды нормалау
мен алдын алу, қалдықсыз және ресурстарды тиімді пайдаланатын
технологияларды жасап, іске қосу керек. 30 жылдың ішінде Арал теңізі 640
км
3
судан айрылды, судың тұздылығы 26-27 г/л жетті. Судың деңгейі 13
метрге төмендеп, су жағалаудан жүздеген километрге шегінді. Кеуіп қалған
теңіз түбінен құмды-тұзды дауылдар көтерілуде.
Арал теңізінің су балансы бұрын жауын-шашынмен – 5,9 км
3
, өзен
ағысымен – 54,8 км
3
қамтамасыз етіліп отырды. Орташа булану – 60,7 км
3
.
Теңіз деңгейінің маусымдық ауытқуы – 25 см, ал ғасырлық – 3 м-ден
артпаған. Дүние жүзінің ірі тау жүйелері бұл орасан үлкен аумақтың
өзендерінің сулылығын қамтамасыз еткен. Аралдың су балансын Орта
Азияның ірі өзендері – Амудария мен Сырдария ұстап тұрған.
60-жылдардан бастап суармалы жерлердің кеңеюіне байланысты Арал
теңізіне келетін өзендердің суы күрт кеміп кеткен: 1970 жылы 35,2 км
3
, ал
1980 жылы – 10 км
3
. 1986 жылы Амудария мен Сырдария өзендері теңізге
жетпеген. Барлық су суармалы жерлерге жұмсалды.
Арал теңізі табиғи температура реттеуші ретінде ауа райына үнемі әсер
етіп отырады. Қазір ауа райының континенталдығы артты. Ең салқын айдың
орташа айлық температурасы 1,5
0
С - 2
0
С-ке артқан. Ауа райының қаталдығы
Арал теңізінің тартылуына байланысты одан да қаталдана береді. Бұрын өзен
суының минералдығы 0,3 гр/литр - 0,5 гр/литр болса, қазір ол 2,5 гр/литр
жеткен.
Судың сапасының нашарлауы мен оның жетіспеуі өсімдіктер жабынына
ерекше әсер етті. Бағалы орман, қамыс, өнімді жайылымдар мен
шалғындықтар жойыла бастады. Олар сортаң жерлерге айналған. 50 көл кеуіп
кеткен.
Достарыңызбен бөлісу: