Ф. Р. Жандаулетова, Ж. С. Абдимуратов экология және тұРАҚты даму



Pdf көрінісі
бет16/45
Дата07.03.2023
өлшемі1,22 Mb.
#171433
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   45
Байланысты:
ЭжТД китап 9

 
Қазақстан су қорларының экологиялық мәселелері.
 
Қазақстан 
Республикасының тұщы су қорлары орасан көп, алайда оның аумағы бойынша 
судың орналасу деңгейі біркелкі емес. Өзендер – республиканың негізгі су 
көздері. Ірі өзендер негізінен солтүстік-шығыста – Ертіс өзені, батыста – Орал 
өзені, оңтүстікте – Сырдария өзені ағады. Қазақстанның көптеген өзендері, 
әсіресе олардың салалары суының аздығынан жазғы уақытта кеуіп, жеке 
көлшіктерге айналады және қар еріген кезде ғана тасиды.
 
Республикада ірі көлдер (Балқаш, Теңіз, Қорғалжын, Құсмұрын, Зайсан, 
Марқакөл, Алакөл) және мыңдаған кіші көлдер орналасқан. Республикада 


29 
барлығы 50000 таяу көлдер бар, олардың 32 % тұщы сулы, қалғандарының 
суы жоғары минерализацияланған. 
Қазақстанның су артериялары шамамен 85 мың өзендерден құралған. Ең 
ірі су көздеріне: Ертіс, Есіл, Іле, Сырдария, Жайық, Шу, Талас, Асса өзендері 
жатады. Соңғы жылдары бірқатар көлдер жүйесінің кебуі байқалып отыр. Бұл 
өзендер ағысының шектен тыс реттелуі мен олардың деңгейінің табиғи 
ауытқуларына байланысты болып отыр. Экологиялық жағынан ең қолайсыз 
жағдайда Қазақстанның басты су артериясы – Ертіс өзені қалып отыр. Оның 
сулары жоғары дәрежеде ауыр металдармен ластанған. Негізгі ластаушы 
заттар – мыс, шайынды сулармен бірге келіп түседі. 
Су қоймалары мен бассейннің су ағыстарына түсетін негізгі 
ластаушыларға иондық ағыс (28 мың тоннадан астам 1994 және 1995 ж. 
шамамен 23 мың тоннаға жуық), азотты, органикалық қосылыстар (1,7 мың 
тоннаға жуық) фосфор қосылыстары (1994 жылы 1,3 мың тоннадан астам 1995 
жылы 800 тонна), цинк (42,6 және 24,9 тонна 1995ж) жатады. 
Табиғи суларды ластайтын негізгі химиялық элементтердің барлығы 
дерлік су ортасына өнеркәсіп орындарының шайынды суларымен келіп түседі.
Каспий аймағының экологиялық жағдайы.
Бұл ауданның экологиялық 
жағдайы Каспий теңізінің деңгейінің көтерілуіне және жағалаулық теңіз 
экожүйесінің антропогенді әсерге ұшырауына байланысты болады. 
Ғалымдардың болжамдары бойынша теңіз деңгейінің көтерілуі жағалаулық 
сызықтың 2400 км - 2700 км ұзарып, су астында қалған жерлерге тағы да 1,2 - 
2,2 млн га қосылуына әкелуі мүмкін. 
Су астында қалу қаупі әсіресе Каспидің Солтүстік және Солтүстік 
Шығыс жағалауындағы мұнай кен орындарына төніп отыр. Каспий теңізі 
дүние жүзіндегі бекіре тәрізді балықтардың ең ірі мекен ету ортасы болып 
табылады. Сондықтан Каспий мәселесі тек мемлекетаралық қана емес
ғаламдық мәселе болып табылады. Каспидің биологиялық алуантүрлілігін 
сақтау бүкіл әлемдік қауымдастықтың жұмысы. 1995 ж. Тегеранда Каспий 
маңындағы мемлекеттердің өкілдерінің кездесуі өтті. Бұл кездесудің мақсаты 
Каспий аймағының экологиялық тұрақтылығы мен оның ресурстарын 
пайдалануды басқару концепциясын жасау болып табылады. Бірақ кез келген 
экологиялық бағдарламаның іс жүзіне асуына, оның ірі мұнай-газды аймақ 
ретінде маңызының артуы күрделендіреді.
Балқаш көлінің экологиялық мәселелері.
Ағынсыз Балқаш көлі 
Қарағанды (Жезқазған), Жамбыл, Алматы (Талдықорған) облыстарымен 
шектесіп жатыр. Көлдің ұзындығы 605 км, ені шығыс бөлігінде 9 км - 19 км, 
ал батысында 74 км-ге дейін жетеді. Шығыс жағында Балқаш-Алакөл көлдер 
жүйесімен, батыс бөлігі Бетпақдала шөлімен, ал оңтүстік және оңтүстік-
шығыс жағы Шу-Іле және Іле Алатауымен шектесіп жатыр. Балқаштың 
суының көлемі – 112 км
3
, ең үлкен тереңдігі – 26 м. Көлдің батыс бөлігіне Іле 
өзені, шығыс бөлігіне – шағын өзендер Қаратал, Ақсу, Лепсі келіп құяды. 
Балқаш – жартылай тұщы көл. Сарыесік түбегі Балқашты батыс және 
шығыс бөліктерге бөледі. Батыс бөлігіндегі су ірі Іле өзенінің келіп құюына 


30 
байланысты тұщы болған. 1967 жылы Іле өзенінде Қапшағай ГЭС-і салынды, 
ал 1970 жылы ірі Қапшағай су қоймасы іске қосылды. Шілік өзенін бөгеу 
нәтижесінде Бартоғай су қоймасы жасалды. Балқаш көлінің бассейнінің 
өзендерінен 1965-1986 жылдар аралығында алынатын судың мөлшері 4,8-ден 
5,6 км
3
/ жылына артқан. Соңғы онжылдықта Балқаш көлінің деңгейі 2 м-ден 
астам төмендеп, су бетінің ауданы 4,7 мың км
2
кеміген. 
Көлдің тұщы бөлігіндегі судың минералдылығы артып келеді (1,2 г/л - 
ден 1,9 г/л, ал Балқаш қаласы маңында 2,2 г/л - ден 2,3 г/л-ге дейін). Судың 
минералдылығы, өндіріс орындары мен коммуналдық шаруашылықтың 
шайынды сулары, суармалы жерлердің қайтымды-дренаж суларының келіп 
түсуінің артуы нәтижесінде сумен қамтамасыз ету, адамдардың демалу 
жағдайлары нашарлап, аурулар саны артып отыр.
Балқаштағы экологиялық жағдай тек Балқаш көлін сақтап қалу ғана 
емес, бүкіл Балқаш-Іле аймағының келешегін ойлауды талап етеді. 
Кіші өзендерді қорғау мәселесі.
Республикамызда 8643 тұрақты және 
уақытша су ағыстары белгілі. Олардың жалпы ұзындығы 123 мың км. 
Қазақстанның өзендерінің ерекшелігі олардың біртекті таралмауында. Жер 
бетіндегі су қорына әсіресе, Орталық және Батыс Қазақстан кедей. 
Республикамыздың бүкіл жазық территориялары сирек өзен торымен 
сипатталады. Ойыл және Нұра бассейнінде ол бар болғаны км
2
-қа шаққанда 
0,13 км - 0,022 км. Шөлейт және шөлді аудандарда өзендер жоқ деуге болады. 
Қалың өзен торы Тянь-Шань, Жоңғар Алатауы мен Кенді Алтайдың таулы 
және тау етегіндегі аудандарында түзілген. Бірақ, осы таудың сулы 
өзендерінің өзін суаруға пайдалануға байланысты халық тұщы судың 
тапшылығын сезіп отыр. Бұл республика халқынан суды ысырапсыз 
пайдалану мен қорғау қажеттілігі туралы ойлануды талап етеді.
Кіші өзендер кіші деп аталғанмен, олардың экология тұрғысынан 
алғандағы маңызы үлкен. Себебі, ірі өзендердің жағдайы кіші өзендерге 
байланысты. Олар қан тамырлары тәрізді бүкіл Қазақстан территориясын 
торлап жатыр. Республика өзендерінің көп бөлігі Каспий, Арал теңіздерінің, 
Балқаш және Теңіз көлдерінің тұйық ішкі бассейндеріне, тек Обь-Ертіс, Есіл 
және Тобыл өзендерінің бассейні ғана Солтүстік Мұзды мұхитына барып 
құяды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет