Ф. Р. Жандаулетова, Ж. С. Абдимуратов экология және тұРАҚты даму



Pdf көрінісі
бет13/45
Дата07.03.2023
өлшемі1,22 Mb.
#171433
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   45
Байланысты:
ЭжТД китап 9

Гидросфера
– табиғи су қоймаларынан (мұхиттардан, теңіздерден, 
көлдерден, өзендерден) құралады. Бұл құрлықтың 70 % алып жатыр. 
Гидросфераның ауданы 400 млн. шаршы км. 
Литосфера
– жердің қатты қабаты. Ол екі қабаттан құралған. Үстіңгі 
қабаты граниттен, оның қалыңдығы 10 км-ден 40 км-ге дейін жетеді. Ал 
астыңғысы базальттан тұрады. Оның қалыңдығы 30 км - 80 км. 
Жоғарыда айтылғандай минералды қабаттардан басқа, жерді ерекше 
тағы бір қабат – биосфера қоршап тұрады. Ол тірі ағзалар тараған 
аймақтардың бәрін қамтиды. Биосфераның пайда болуымен бірге, жер бетінде 
тірі ағзалар өсіп-өніп, сыртқы қоршаған ортаның эволюциялық дамуына 
сәйкес қалыптасады. Биосфера теңіз тереңінен бастап, тау жоталарының 
шыңдарына дейін бүкіл құрғақ жерді алып жатыр (6 сурет). 
Атмосферадағы биосфераның жоғары шегі 20 км биіктікке дейін 
жетеді. Онда микробтардың споралары (өршігіш тұқымы) кездеседі. 
Бактериялар атмосфералардың азон қабатында да өсіп-өнеді. Биосферада мол 
кездесетін микроағзалар жер бетінен 50-70 метрге дейінгі биіктікке ғана 
тарайды. 
Литосферадағы биосфераның төменгі шегі 2000 м - 3000 м тереңдікке 
жетеді. Олар онаэробты бактериялар. 
Гидросферадағы биосфераның шегі 11 км-ге дейінгі тереңдікке жетеді. 
Теңіз жануарлары және өсімдіктері (қызыл, жасыл, қоңыр балдырлар) үшін су 
өте қолайлы орта. Таза, мөлдір болғандықтан күн сәулесі оның 200 метр 
тереңдігіне дейін тарайды. Бұдан кейінгі судың қабаттарын мәңгілік 
қараңғылық басып тұрады. Мұндай қабаттарда да тіршілік ететін ағзалар 
болады.
Биосфераның пайда болуы.
Биосфера бірден пайда болған жоқ. Ол өте 
көне заманнан бері қарай күні бүгінге дейін біртіндеп дамып келеді. 
Биосфераның ертеден бері қарай құралып келе жатқанын дәлелдейтін 
палеонтологиялық материалдар қарапайым тірі ағзалардың қалдықтарының 
жер қыртысының әрбір қабаттарынан табылуында. Осы қабаттарға сүйене 
отырып, ғалымдар биосфераның негізгі пайда болу жолдарын анықтады. 
Жер бетіндегі таралу қабатындағы атмосфералық құрғақ ауаның 
химиялық құрамы 1-кестеде көрсетілген. 


21 
1 кесте - Атмосферадағы құрғақ ауаның химиялық құрамы 
Газ
Химиялық 
формула 
Көлемдік 
концентрациясы 

Молекула-
лық 
массасы
Азот 
N

78.0840 
28,0134 
Оттек
O

20.9476 
31,9988 
Аргон
Ar 
0.9340 
39,948 
Көміртек қос тотығы 
(көмір қышқыл газы) 
CO

0.0314 
44,00995 
Неон
Ne 
0.001818 
20,179 
Гелий 
He 
0.000524 
4,0026 
Метан 
CH

0.000200 
16,04303 
Криптон 
Kr 
0.000114 
83,80 
Сутек 

0.00005 
2,01594 
Азоттың шала тотығы
N
2

0.00005 
44,0128 
Ксенон
Xe 
0.0000087 
131,30 
Күкірттін қос тотығы 
SO

0-0.0001 
64,0628 
Озон 
O

Жазда 0-ден 
0,000007-ге дейін 
Қыста 0-ден 
0,000002 ге дейін 
47,9982 
Азоттың қос тотығы 
NO

0-ден 0,000002-ге 
дейін 
46,0055 
Аммиак
NH

Аздап сезіледі 
17,03061 
Көміртек тотығы 
CO 
Аздап сезіледі 
28,01 
Йод 
I

Аздап сезіледі 
253,8038 
 
Биосфераның ең бірінші заманы Архей деп аталады. Бұл кезде биосфера 
қандай жағдайда дамығаны және қандай тірі ағзалар болғаны туралы 
ешқандай деректер жоқ.
Протерозой эрасы – биосфераның екінші дәуірі боп есептеледі. Бұл 
заман 700 млн жыл бойына созылған. Протерозойда тірі ағзаның қарапайым 
түрлері тіршілік еткен. Олардың сол дәуірде тасқа жабысқан қалдықтары 
әртүрлі тау жыныстарынан қазіргі кезде де байқалады. 
Биосфераның Палеозой эрасы немесе ертедегі тіршілік кезеңі. Бұл дәуір 
шамамен алғанда бұдан 570 млн жыл бұрын басталып, 300 млн жылға 
созылған. Бұл эра кембрий, ордовик, силур, девон, карбон және пермь 
дәуірлері болып бірнешеге бөлінеді. 
Кембрий дәуірінде барлық өсімдіктер теңіз суларында өскен. Олар көк 
жасыл балдырлар болатын. Силур кезеңінде өсімдіктер құрлыққа біртіндеп 
шыға бастап, дами түсті. Девонның аяқ кезінде бұлардан басқа 
қырықбуындылар, плаундар және папоротниктер қаулап өсе бастады. 
Өсімдіктер құрлыққа шыққаннан кейін фотосинтездің ықпалымен 


22 
атмосфералық ауаның химиялық құрамы өзгеріп, құрлық жануарларының 
дамуына жағдай туды, өйткені фотосинтез процесі арқылы ауада оттегі көбейе 
түсті. Тас көмір дәуірі (карбон) жылы және ылғалды болды. Мұның өзі 
құрлық өсімдіктерінің қаулап өсуіне мүмкіншілік жасады. Әсіресе сәнді орман 
ағаштарының көлемі үлкен аймақтарды қамтыды. Бұл дәуірдегі өсімдіктер 
негізінен плаундар, қырықбуындар және папоротниктер болды. Бұлар 
псилофиттен таралып, тас көмір дәуірінің басында солардың орнын түгелімен 
басты. 
Пермь дәуірінің бас кезіндегі өсімдіктерде тас көмір дәуіріндегі 
өсімдіктерге ұқсас көптеген белгілер болды. Бірақ пермь дәуірінің ортасында 
жер бетіндегі өсімдіктерге кенет өзгеріс кірді. Ағаш тәрізді плаундар, 
каламиттер, папоротниктер мүлдем жойылып кетті. Бұлардың орнына 
жалаңаш тұқымды өсімдіктердің тұқымынан өсіп шыққан қылқандылар, 
цикада тәрізділер және шикгалар өсе бастады. 
Мезозой эрасы немесе орта тіршілік кезеңі бұдан 135 млн жыл бұрын 
басталып, 115 млн жылдан астам уақытқа дейін созылған. Үш дәуірге 
бөлінеді: триас, юра, бор. Триаста тау құрылу процестері баяуланды. Бұл 
эраның құрлық өсімдіктері біркелкі болды. Юра дәуірі жылы болды. Теңіз 
жағалауларындағы ормандарда папоротник, қырықбуындылар, жалаңаш 
тұқымдылар – гинасомер, қылқан жапырақтылар қаулап өсіп, дами түсті. 
Мезозой эрасындағы, әсіресе соңғы кезінде – бор дәуірінде, қазіргі флора 
қалыптасудан бұрын, жер бетіндегі органикалық тіршілікке үлкен өзгеріс енді. 
Осы кезде теңіз сулары азайып, құрғақ жерлер көбейе бастады. Бор дәуірінің 
аяғында Шығыс Азия мен Америкадағы Анд аймақтары жоғары көтеріле 
түсті. Бор дәуірінде климат кенет өзгеріп кеткен. Профессор М.И. Голенкин 
бұл өзгеріс жерге түсетін күн сәулесінің интенсивті болуымен байланысты 
деп жорамалдайды. 
Ауа райының бір мезгілде кенет өзгеруі өсімдіктер эволюциясында жаңа 
ароморфоз пайда болуына себеп болды. Бұларда көптеген жаңа прогрессивті 
белгілер жетіле түсті. Мәселен, аналықтың, сондай-ақ жеміс дамитын 
жотынның 
болуы, қосарлы ұрықтану, гүлдің пайда болуы және тағы басқа. 
Кайназой эрасы бұдан 70 млн жыл бұрын басталған. Осы уақыттан бері 
барлық эралар бойынша қазіргі кезден флораның қалыптасу процесі жүрді. 
Кайнозой эрасы екі дәуірге бөлінеді. Ол үштік және төрттік кезеңдер. 
Үштік дәуірде тау құрылу процесі дами түсті. Жер бетіндегі ең биік 
Альпы-Гималай таулары пайда болды. Осы кезде Қара теңіз бен Жер Орта 
теңіздері оқшауланып өз алдына бөлініп қалған.
Төрттік дәуір жер бетінде тіршілік дамуының ақырғы және ең қысқа 
дәуірі болып саналады. Ұзақтығы 1 млн жылдай ғана болды. Бұл дәуірге тән 
жағдай – сол суық кезеңдер және мұз дәуірі жылы ылғалды ауа райымен 
алмасып отырғаны байқалады. Өйткені өсімдік әлемі мен жер қыртысының 
даму процесі біркелкі емес. Мұздар жер бетін басқан кезде жылылықты 
сүйетін өсімдіктер оңтүстікке қарай ығысып кетті. Бірте-бірте ауа райы 
жылынып, өсімдіктердің өсуіне қолайлы жағдайлар туды.


23 
Биосфера – белсенді өмірдің аумағы, Жер қабатының құрамы, 
құрылымы және энергетикасы өткен заман мен қазіргі кезде ағзалардің 
тіршілігімен байланысқан. 
Осы күні Жерде тірлік пайда болуының бірнеше гипотезалар бар, олар:
Идеалистік – тіршілік жаратушымен, құдаймен жасалған; 
Стационарлық күй гипотезасы – әлем әрқашан болған және мәңгілік болады 
да; Панспермия гипотезасы – тірі Ағза космостан келген және жер 
жағдайына бейімделген. Бірақ осы күнге дейін бірде бір гипотеза дәлелденген 
жоқ.
Ғалымдардың басым көпшілігі бойынша жердегі өмір дамуы үш этаптан 
тұрады:
1) Биологиялыққа дейінгі - Жердің пайда болғанынан өмір пайда 
болғанға дейінгі аралық. 
2)
Биосфераның пайда болуы.
3) Ноосфераның құрылуы – ақыл ой сферасының пайда болуы 
(эволюция негізінде адам пайда болды). 
Биосфера жердің ерекше қабығы, сондықтан біз жердің құрылысымен 
танысуымыз керек. Жер ортасынан бастағанда химиялық құрамы және 
тығыздығы әртүрлі сфералық қабаттардан тұратын геосфераларға бөледі. Жер 
ортасынан бастағанда олар жер ядросы, жер мантиясы, жер қабығы 
литосфера, атмосфера және магнитосфера.
1) Магнитосфера 64000 км-ге дейін созылады. Күн сәулелерімен әсерге 
түсіп, ионизация мен қызу болады.
2) Атмосфера Жердің газ қабығы ол әртүрлі газдар, шаң және су 
буларынан тұрады, Жермен бірге тартылыс күші салдарынан айналымға 
түседі. Биіктеген сайын тығыздығы азайып, атмосфера біртіндеп космостық 
кеңістікке ауысып кетеді. Ол тропосфера, стратосфера, мезосфера, термосфера 
және зкзосфера қабаттарынан тұрады. Жерге жақын аймақтарда атмосфера су 
буларымен және жылумен әсерлесе отырып климатты анықтайды. 
3) Гидросфера ол өмір көзі, мухиттар, теңіздер, көлдер, басқа да су 
көздері оның құраушылары. 
4) Литосфера жер қабығы, беткі қабаты осадочные породадан тұрады, 
орташа қабаты граниттік қабат, төменгі қабаты базальт. 
5) Мантия жер қыртысының өзгерісіне ықпал етеді, таулардың 
құрылуын және вулкандар тудырады. 
6) Литосфера 50 км - 200 км-ге дейін жетеді, ал беткі 2 м - 3 м қабаты 
450 млн жыл бұрын басталған тіршіліктің әсерінен топырақты құрайды. 
7) Жер ядросында қысым 140-350 ГПа құрайды (1,4 – 3,5 млн атм.) 
температура + 2000 – 5000 градус.
3,5 – 4 млрд жыл бұрын пайда болған биосфера кұрамына тірі 
ағзалардың 3 млн түрі, олардың қаңқалары, атмосфера, гидросфера және 
литосфера зоналары да кіреді. 
Тірі ағзалардың денесінде химиялық барлық элементтер бар. Олар 
микроэлементтер, макроэлементтер және ультрамикроэлементтер болып 


24 
бөлінеді. Жер бетіндегі өсімдіктер бойында 340 млрд т. дейін химиялық 
элементтер өмір сүру цикліне қатысады. 
Тірі ағзалардың ең басты ерекшелігі энергияны пайдалану әдісінде. 
Олар күннен түскен энергияны өмір сүру процесінде механикалық, химиялық, 
жылу, электр және т.б. түрлерге айналдыра алады, тасымалдайды және бір 
біріне бере алады. Ал тірі емес заттар бұлай істей алмайды, олар сол жатқан 
жерінде жата береді. Тірі ағзалардың екінші бір ерекшелігі олар көбейе 
алады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет