Ф. Р. Жандаулетова, Ж. С. Абдимуратов экология және тұРАҚты даму


(өсімдіктер) , күн энергиясын қабылдау арқылы алғашқы азық қорын құрады;  зооценоз –  консументтер



Pdf көрінісі
бет9/45
Дата07.03.2023
өлшемі1,22 Mb.
#171433
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   45
Байланысты:
ЭжТД китап 9

 
(өсімдіктер)
, күн энергиясын қабылдау арқылы алғашқы азық қорын құрады; 
зооценоз – 
консументтер
 
(жануарлар)
, екінші ретті азық қорын құраушылар; 
микробоценоз – 
редуценттер
 
– өлі органиканы қорек қылып, оны қорыту 
негізінде өсімдіктер қоректене ала алатындай түрде минералды элементтерге 
айналдырушы ағзалар. 
Экожүйелерде энергия азық арқылы таралады, яғни өсімдіктер 
жануарларға қорек, ал жануарлар бірі біріне азық, осы жалғасты азықтық тізбе 
(трофикалдық)
дейді. Егер де азық жүйесінде тізбектер көп болса, соғұрлым 
экожүйе тұрақты болады. 
Экологиялық пирамида –продуценттер, консументтер және редуценттер 
арасындағы қатынастар, ол үш түрлі болады: 
- сан пирамидасы, жеке ағзалар саны; 


14 
1
сурет – Экожүйе құрылымы 
- энергия пирамидасы, яғни бір азық тобынан екінші азық тобына 
беріліп отыратын энергия мөлшері; 
- биомасса пирамидасы, яғни олардың құрғақ биомассасы, калориясы 
және жинақтаған энергиясы. 
Трофикалдық деңгейлер санының өте көп болмайтыны түсінікті, себебі 
биомасса пирамида ұшына қарай нөлге ұмтылады.
Экожүйенің қаситеттері
 
– гомеостаз, өсімшілдігі, өздік тазалануы, 
төзімділігі, тұрақтылығы, эмерджменттілігі, сукцессиясы, зат айналымына 
қатысушылығы.
1) 
Гомеостаз
 
– тірі ағзалардың зат алмаса алатындығы және әртүрлі 
химиялық реакциялар түзе алушылығы.

2) 
Өсімшілдігі



– бірлік уақыт аралығындағы экожүйедегі биомассаның 
артуы. Ең жоғарғы өсімшілдік тропикалық ормандарға тән, өте төмені – 
шөлдер мен тундрада. 
 
3) 
Өзіндік тазалануы
– ластаушы заттардан құтыла алуы не оны 
түрлендіре алу қабілеттілігі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет