11
-
кеңістіктік-этологиялық құрылымы
– ареал аумағындағы түрлердің
таралу сипаты (біркелкі, біркелкі емес, кездейсоқ).
Динамикалық көрсеткіштері белгілі бір уақыт ішіндегі популяция ішінде
болып жатқан процесті көрсетеді:
-
көбеюі
– туылу арқылы белгілі бір уақыт аралығындағы жаңа жеке
түрлер саны;
-
популяцияның өсу жылдамдығы
– бірлік уақыттағы популяцияның
көбею қарқындығы. Популяцияның өсу жылдамдығы оң, теріс, нөлдік болуы
мүмкін. Бұл көрсеткіш көбеюдің, өлімнің және орын ауыстырудың
көрсеткіштеріне байланысты.
-
өлу көрсеткіші
– бірлік уақыттағы популяцияның жеке түрлерінің азаю
саны.
Белгілі түрдің аса көбейіп кетпеуін реттейтін физикалық және
биологиялық факторлардың жиынтығы
ортаның қарсылығы
деп аталады
.
Олар: азық тапшылығы, су тапшылығы, тіршілік ортасының тапшылығы,
қолайсыз ауа райы, жыртқыштар, ауырулар, паразиттер және бәсекелестік. Ал
тіршілік ету қабілеттілігі
биотикалдық потенциалмен анықталады
,
олар –
көбейуі, таралу қабілеттілігі, жаңа жерлерді тартып ала алу қабілеттілігі,
қорғану механизмдері, қолайсыз жағдайларға төзу қабілеттілігі.
Популяцияға әсер ететін экологиялық факторлар: биотикалық,
абиотикалық және антропогендік.
Популяцияның көбеюіне қоршаған орта әсерінен басқа, өз ара
бәсекелестік пен тіршілік ортасы үшін күрес әсер етеді. Сонымен қатар
популяция саны табиғи да реттеліп отырады, яғни аурулар, жұт, азық
тапшылығы, құрғақшылық және т.б. Осының бәрі популяция санының өз
өзінен реттелуі деп аталады.
Достарыңызбен бөлісу: