Ф. Р. Жандаулетова, Ж. С. Абдимуратов экология және тұРАҚты даму


 Қауымдастықтар экологиясы – синэкология



Pdf көрінісі
бет7/45
Дата07.03.2023
өлшемі1,22 Mb.
#171433
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   45
Байланысты:
ЭжТД китап 9

1.3 Қауымдастықтар экологиясы – синэкология 
 
Өзара байланысқан және бірдей жағдайда тіршілік ететін өсімдіктердің, 
жануарлардың, жәндіктердің ұйымдасқан тобы 
биоценоз
деп аталады 
(биоценоз - ортақ өмір). Биоценоз ағзадан да жоғары сатыда орналасқан 
тіршілік етудің ұйымдық түрі. Ал ортақ тіршілік ортасы уақыт пен кеңістікте 
фауна мен флорасын өзгертпей, жануарлардың белгілі бір топтарымен 
сипатталынады. Биоценоз мыналардан құралады:
 
фитоценоз 
(өсімдіктер), 
зооценоз
(жануарлар), 
микробоценоз
(микроағзалар). Бұл биоценоздың дәл бір 
шекарасы жоқ, олар кеңістікте бір біріне үзіліссіз өтіп те кетеді.
Қауымдастықтардың қосылу заңдылықтары мен олардың ортақ өмір 
сүруін зерттейтін экология бөлімі синэкология
 
немесе
 
биоценология
 
деп 
аталады.
Жалпылай біртекті жағдайларымен сипатталатын биоценоз 
биотоп
 
деп 
аталады. Биоценоз бен биотоп бір бірімен ажырамас ұғымдар.
Принциптері:


12 
1)
Әртүрлілік принципі
.
Биотоптың жағдайы шарттары алуан түрлі 
болған сайын биоценозда да түрлер көп болады. Мысалы, тропикалық орман - 
онда бір жерде бірдей өсімдікті де табу қиын, олардың түрлері де өте көп. 
 
2)
 
Жағдайлардың ауытқу принципі. Биотоп жағдайы қалыптыдан 
ауытқуы артқан сайын түрлер алуандығы азая береді, бірақ кейбір түрлер 
көбеюі мүмкін. Мысалы ластанған жерлерде ағзалардың алуандығы 
болмайды, бірақ бір түр көп болады және олар шектен тыс көбеюі мүмкін. 
3) Ортаның жайлап өзгеру принципі.
 
Орта жайлап өзгерсе және 
тұрақтылығы ұзақ уақыттық болса, соншалық биотоп бай және алуан түрлі.
 
Биоценоз бен биотоп қосыла отырып биогеоценозды құрайды. Ол 
кішкентай көлшік немесе үлкен көл де бола алады. 
Биогеоценоздың тірі құрама бөліктерін үшке бөлуге болады.
1)
Процуденттер - алғашқы өнім берушілер (жасыл өсімдіктер); 
2)
Консументтер - біріншілері өсімдік қоректілер, екіншілері етпен 
қоректенетіндер және тағы басқалар; 
3)
редуценттер (жойғыштар, ыдыратушылар) - кәдімгі грибтер мен 
микроағзалар. Олар өлі ағзаларды ыдыратып, органикадан бейорганикалық 
заттар түзейді. 
 
Бұл үш түр де өзара тығыз қарым қатынаста және байланыста болады. 
Онсыз тіршілік болмауы да мүмкін еді. 
Түрлер арасындағы өзара байланыстар тура және жанама түрде болады 
және мынандай топтарға бөлінеді: 
- трофикалық байланыс
бір бірімен қоректенуден тұрады (тірілей не 
өлімен). Тропикалық байланыс өмір сүру жағдайын тіршілік процесі негізінде 
физикалық немесе химиялық өзгертумен анықталады. Әсіресе бұл 
өзгерістерді өсімдіктер жасайды. 

форикалық байланыс
бір түрдің екінші түрдің көбеюіне ықпал етуімен 
анықталынады. Тасымалдаушылар негізінен жануарлар.

фабрикалық байланыс
өз тіршілігінде басқаларды не олардың 
қалдықтарын пайдалануын айтады. 
Бәріне ортақ байланыстар, олар: жыртқыш – азық (жем), паразит – 
қожайыны, бәсекелестік, бейтараптық және т.б. 
Биоценоздың түрдік құрылымы. 
Орта жағдайына байланысты түрлер 
көп те, аз да болуы мүмкін (тропикалдық орман мен арктика).
 
Кейбір биоценозда 
доминанттар 
бар, мысалы қарағайлы орманда 
доминант қарағай, ал предоминанттар - тиындар. Доминттар тіршілік ортасын 
құраушы, ол жойылса көптеген түрлер де жойылып кетеді. 
Биоценоздың кеңістіктік құрылымы. 
Ол негізінен өсімдік қабатымен 
анықталады (жер асты, жер беті, биікте). Жер астында бактериялар, жәндіктер 
және құрттар тіршілік етеді. Жер бетінде жәндіктер, аңдар, көптеген 
микроағзалар және т.б. тіршілік етеді. Биікте құстар және ұшуға қабілеті бар 
жәндіктер тіршілік етеді.
 
Биоценоздың экологиялық құрылымы 
макроқұрылымға жатады.
 


13 
Биоценоздағы ағзалардың қарым қатынасы 
бір біріне әсер бейтарап, 
жайлы немесе жайсыз болуы мүмкін, сонымен қатар осылардың 
комбинациялары да жатады. Ол комбинациялар мынандай: 
-
бейтараптылық 
– бір біріне ешқандай әсері жоқ; 
-
бәсекелестік


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет