10
тұрғыдан қарастырғанда ортаның әсер етуші факторлары бірінші ретті және
екінші ретті қайталанбалы және қайталанбайтын болып бөлінеді.
Бірінші ретті қайталанбалы
факторларға негізінен Жердің айналуына
байланысты күн мен түннің ауысып отыруы, жыл маусымдарының ауысуы
жатады. Бұл шарттарға ағзалар әбден бейімделіп алған және ол бейімділік
тұқым да қуалайды.
Екінші ретті қайталанбалы
факторлар бірінші ретті қайталанбалы
факторлардың салдары болып келеді, мысалы ылғалдылық,
температура,
шөптің өсу қарқыны, жауын шашынның түсуі.
Қайталанбайтын
факторларға белгілі бір уақыт аралығы жоқ,
кездейсоқ болып отыратын факторлар жатады. Мысалы, жанар таудың
атқылауы, жердің сілкінісі, дауылдың тұруы және басқа да табиғи апаттар.
Сонымен қатар тұрақты түрде әсер ететін факторлар да бар. Мысалы,
гравитациялық әсер барлық ағзаларды Жерге үздіксіз тартып отырады,
осындай әсерге Жер планетасының магнит өрісі де жатады.
Достарыңызбен бөлісу: