Ф. Р. Жандаулетова, Ж. С. Абдимуратов экология және тұРАҚты даму


……....................  6.5 Ақаба суларды тазалаудың биологиялық әдістері



Pdf көрінісі
бет3/45
Дата07.03.2023
өлшемі1,22 Mb.
#171433
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45
Байланысты:
ЭжТД китап 9

 
…….................... 
6.5 Ақаба суларды тазалаудың биологиялық әдістері
 
…….................... 
53 
60 
63 
65 
68 
71 
7 Тұрақты дамудың бағыты және мәселелері

…...................................... 


7.1 Еліміздің тұрақты дамуына маңызды экологиялық мәселелер ...…… 
7.2 Табиғи қорларын тиімді пайдалану
 
…….............................................. 
7.3 Тұрақты дамуға көшу өлшемдерін талдау
 
……................................... 
7.4 Тұрақты дамуға көшудің негізгі кезеңдері және міндеттері .................... 
7.5 Табиғатты қорғау бойынша тұрақты даму ……................................... 
8 Экологиялық мониторинг

….................................................................. 


8.1 Мониторинг жүйесін топтастыру

…..................................................... 


8.2 Қазақстан Республикасының тұрақты дамуының 
актуалды экологиялық мәселелері ............................................................... 
Әдебиеттер тізімі……………………………………………………………. 
74 
75 
77 
80 
82 
85 
88 
89 
92 
97 
 
 
 
 
 
 
 
 



Кіріспе 
 
Экология
 
– барлық деңгейдегі биологиялық жүйелердің тіршілігін, 
түзелуін және өмір сүру заңдылықтарын зерттейтін ғылым – ағзалардан 
бастап биосфераға дейін және сыртқы ортамен олардың байланыстарын 
қарастырады. Экология география, химия, биология, физика, жаратылыстану, 
табиғаттану және басқа да ғылым салаларымен тығыз байланысты.
Экология дамуы үш кезеңнен тұрады:
Бірінші кезең
– экологияның ғылым ретінде қалыптасуы (19 ғасырдың 
60-шы жылдарына дейін), осы аралықта жиналған деректер арқылы бірінші 
ғылыми тұжырымдар жасала бастады. Мысалы, Гиппократ (біздің ғ.д. 460-377 
жж.) адам денсаулығына ортаның факторларының әсері туралы жорамалдар 
жасады, Аристотель азықтану әдісі бойынша 500-ден астам жануарларды 
топтарға жіктеді. Швед табиғаттанушысы Карл Линней (1707-1778 жж.) 
«Табиғат жүйесі» атты еңбегінде жануарлар мен өсімдіктерге ғылыми жүйе 
қолданды. Француз табиғаттанушысы Жан Батист Ламарк (1744-1829 жж.)
ортаның ағзаларға әсерін зерттеді, оны «Зоологии философиясы» атты 
еңбегінде жазды. Ламарк пен Мальтус (ағылшын дінгері) бірінші рет 
адамның табиғатқа теріс әсерінің болуын болжады. 
Екінші кезең
– экология жеке ғылым ретінде құрылды (19 ғасырдың 60-
шы жылдарынан кейін). Орыс ғалымдары А.Т. Болотов (1738-1833 жж.), И.И. 
Лепехин (1740-1802 жж.), П.С. Паллас (1741-1811 жж.), Н.А. Северцов (1827-
1885 жж.), А.Н. Бекетов (1825-1902 жж.), В.В. Докучаев (1846-1903 жж.) осы 
күнге дейін қажеттілігін жоймаған экология түсініктері мен принциптерін 
тұжырымдады. Түрлердің эволюциясы туралы Чарльз Дарвиннің «Түрлердің 
табиғи талдау жолымен пайда болуы» (1859 ж.), еңбегінен кейін неміс биологі
Эрнст Геккель биология құрамынан экологияны бөліп шығарды. Ол 1866 ж. 
ғылымға экология терминін кіргізді (грекше. 
эйкос
– ұй, отан, баспана және 
лог
ос – ғылым). 
1877 жылы жаңа экологиялық ұғым – 
биоценоз
пайда болды, оның 
анықтамасын неміс гидробиологі К. Мебиус берді. 
Биотоп
ұғымы – 
биоценоз тіршілік ететін орта шарттары – оны Ф. Даль 1903 жылы енгізді. 
Осы жылдары атақты орыс ғалымы В.И. Вернадский 
биосфера
туралы 
фундаменталдық ілім енгізеді. 1910 ж. Брюсселде өткен III Ботаникалық 
конгресте өсімдіктер экологиясы 
аутоэкология
 
және 
синэкология
бөлімдеріне 
жіктелінді. 
Экология ғылым ретінде 20 ғасырдың басында түпкілікті қалыптасты. 
Жиырмасыншы ғасырдың 30-40-жылдары экология өзінің ең жоғарғы 
сатысына көтерілді: А. Тенсли 
экожүйенің
анықтамасын береді, В.Н. Сукачев
оған жақын ұғым – 
биогеоценозді
енгізеді. Осы кезде В.В. Станчинскийдің, 
Э.С. Бауердің, Г.Г. Гаузенің, А.Н. Формозовтың, Д.Н. Кашкаревтің, В.Н. 
Беклемишевтің және т.б. ғалымдардың еңбектері жарық көрді. 
Үшінші кезең
20 ғасырдың 50-ші жылдарынан бастап осы күнге дейін 
жалғасады. Экология кешенді ғылымға айналды – география, геология, 



химия, 
физика, 
экономика, 
социология 
және 
т.б. 
ғылымдардың 
заңдылықтарын қоса ала отырып қоршаған табиғи орта мен оны қорғау 
туралы ғылымға айналды.
Экология нақты зерттеу объектісі мен зерттеу ортасына қарай жіктеледі. 
Адам, жануарлар, өсімдіктер және микроағзалар экологиясы деп бөлінсе, өз 
тарапында бұл экологиялық бағыттарды жеке түр ретінде немесе бірлестік 
ретінде қарастырып, оларға әсер заңдылықтарын космоста, суда, ауада немесе 
басқа да бір орталарда зерттеулер жүргізу арқылы алуға болады. 
Тірі ағзалар тропикалдық, қалыпты және полярлық аумақтарда, сонымен 
қатар табиғи, жасанды, антропогендік (адам жасаған) немесе өзгертілген 
орталарда тіршілік етеді, тағы ескеретін жай осы орталардың сипатына да 
(таза немесе таза еместігіне) олардың тіршілігінің тәуелділігі.
Осы күнгі экология мыналарға бөлінеді: 

зерттеу объектісінің өлшеміне байланысты
: аутоэкология, 
демэкология, синэкология, ландшафттық экология, мегаэкологияға; 

зерттеу затына байланысты
: микроағзалар экологиясы, грибтер 
экологиясы, өсімдіктер экологиясы, жануарлар экологиясы, адам экологиясы, 
ауылшаруашылық экология, өндірістік экология, жалпы экология; 

тіршілік ортасы мен құрамы бойынша
: жер экологиясы, таза су 
қоймалары, теңіз экологиясы, Қиыр шеткі солтүстік экологиясы, таулар 
экологиясы, химиялық экологияға; 

затты зерттеу бойынша
: аналитикалық , динамикалық; 

уақыт факторы бойынша
: тарихи және дамушы.
Техникалық мамандықтар дайындайтын жоғары оқу орындарында 
экология және тұрақты даму пәні өндіріспен және оның қоршаған ортаға 
тигізетін әсерімен байланыстыра жүргізіледі. Сондықтан, болашақ мамандар 
экологиядан алған білімдерін төмендегі бағыттарда қолдануы қажет: 
- қоршаған ортаға тигізетін зияны ең аз мөлшерде болатындай тиімді 
(оптималды) технологиялық және конструкторлық шешімдер қабылдауға; 
- істеп тұрған өндіріс пен жоспарланып отырған өндірістің қоршаған 
ортаға тидіретін залалын болжау және бағалай білуге; 
- қоршаған ортаға тигізетін зияны бар технологиялық процестерді дер 
кезінде анықтап, қажетті өзгерістер енгізуге; 
- өндіріс қалдықтарын қайта өңдеу жүйелерін жасауға; 
- әртүрлі зиянды заттар үшін қажетті көлемде есеп-қисаптар жүргізуге. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет