65
Қазақстанның Алматы, Ақтөбе және Оңтүстік облыстарында да осындай
өнім деңгейі байқалған. Алматы облысының «Бұрындай» шаруашылығында 6
рет суғарудан кейін сүрлемдік жүгерінің түсімі 560 ц/га, ал жоңышқаның
түсімі 8 рет суғарудан кейін, 673 ц/га дейін жетті. Жамбыл облысының
тұрмыстық-шаруашылықтық ақаба суының 1 литрі қант қызылшасының
тамыр жемісіне 11,7 кг салмақ қосады, ал өзен суларының 1 литрі 9,1 кг
береді. Болгарияда тиісінше 14,4 және 9,8 кг.
Ақаба сулармен суғару кезінде өндірілетін өнім сапасы туралы мәселе
туады, ол көбіне ақаба суының түріне, топырақ құрамына, климатқа және
басқа факторларға байланысты. Тұрмыстық ақаба сулардың өсірілетін
дақылдың сапасына тигізер әсері жеткілікті түрде зерттелген.
Суғармалау мөлшері қаншалықты көп болса, топыраққа тұздың түсуі
соншалықты көп болады. Минералды ақаба суларының едәуір бөлігін суғару
мөлшерімен таза су ретінде берген дұрыс. Бізге белгілі, Қазақстанда
дақылдарды суғару топырақ жағдайына байланысты минералдылығы 0,2 ден
3,0 г/л-ге дейінгі сумен іске асырылады. Сонда да топырақтың сорға айналуы
мен топыраққа тұз жиналуын жүйелі түрде қадағалау қажет. Ақаба суын
пайдаланғанда, натрийдің көбеюіне байланысты, жыл сайын топыраққа гипс
енгізу орынды. Ол сіңіру кешенінде тұздың енуіне кедергі жасайды.
Шаруашылық-тұрмыстық ақаба сулармен суғарғанда топырақта
біріншіден азот, одан соң аз мөлшерде калий жиналады. Фосформен
жеткіліксіз түрде қамтамасыз етіледі. Сол себептен, әсіресе қоректік
бағалылығы төмен ақаба суларымен суғарғанда топыраққа мезгіл-мезгіл
органикалық және минералдық тыңайтқыштар енгізіп отыру керек.
Ақаба сулармен суғарғанда топырақтың тұз құрамы өзгереді. Осындай
өзгерістер топырақтың ерекшеліктеріне, ақаба суларының құрамындағы
тұздардың мөлшері мен сапасына байланысты болып келеді. Құрамында
натрий тұзы бар күшті минералданған сулар өте қауіпті, олар топырақтың
сорға айналуына бірден-бір себепші.
Ақаба сулармен топыраққа түсетін микротыңайтқыштар маңызды
орынға
ие.
Азот,
калий
және
органикалық
заттар
минералды
тыңайтқыштармен толықтырылып топырақтағы организмдердің биохимиялық
белсенділігін жоғарылатады және өсімдіктердің қажетті химиялық
элементтермен қоректенуіне мүмкіндік беріп, олардың өсіп жетілуіне әбден
қолайлы жағдай жасайды.
Ақаба сулары суғару суына деген сұранысты ғана қанағаттандырып
қоймайды, сонымен қатар ауыл шаруашылық дақылдарынан жоғары және
тұрақты өнім алудың қайнар көзі болып табылады. Ғылыми тұрғыда
негізделген, өндіріске енгізуге ұсынылатын ұсыныстар қоршаған ортаны таза
сақтауға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: