Судың ластануы
деп қатты, сұйық және газ түріндегі заттардың әсерінен
оның физикалық, химиялық және биологиялық қасиеттерінің өзгерісін
айтады. Жер асты және үстіндегі сулардың ластануын мынадай түрлерге
бөлуге болады:
- механикалық
– механикалық қоспалардың су құрамында көбеюі;
- химиялық
– су құрамында органикалық және органикалық емес улы
және улы емес заттардың болуы;
- бактериалдық және биологиялық
- су құрамында әртүрлі микроағзалар
мен су өсімдіктерінің болуы;
- радиоактивтік
- су құрамында радиоактивтік заттардың болуы;
- жылулық –
суға жылу және атомдық электр стансалардың ысыған
суларын жіберу.
Табиғатты, қоршаған ортаны ластанудан қорғау және табиғи ресурс
ретінде тиімді пайдалану мақсатында ақаба сулар қайтадан қолдану үшін
60
құрамындағы ластағыш заттардың түрімен мөлшеріне қарай әртүрлі
әдістермен тазаланады.
Әртүрлі ортаға байланысты шекті рұқсат етілетін концентрациясының
(ШРК) - сипатына қарай белгілену ерекшеліктері болады. Төменде ақаба
сулар бойынша тоқталып өтеміз:
- ШРК
су
- шаруашылық пен ауыз сулары және мәдени тұрмыстық салада
қолданылатын сулардың қоймаларындағы заттардың шекті рұқсат етілетін
концентрациясы, (мг/л). Бұл концентрация адам органдарына өмір бойы
тікелей немесе жанама әсер етпейтін және келешек ұрпақтарға әсерін тигізбей
гигиеналық шарттарды нашарлатпайтын болуы керек.
- ШМК
б.ш.
- балық шаруашылығында қолданылатын сулардағы
заттардың шекті мөлшерлік концентрациясы, (мг/л).
Су үшін интегралды көрсеткіштер:
а) судың оттектегі биологиялық қажеттілігі (ОБҚ) - органикалық
заттардың биохимиялық тотығуы кезіндегі (нитрификация процестерінен
басқа) сынаманың белгілі бір уақыт аралығындағы (2, 5, 20, 120 тәулік)
жұмсайтын оттек мөлшерін (мг) айтады.
б) судың оттектегі химиялық қажеттілігі (ОХҚ) - судағы бар барлық
тотықсыздандырғыштарды тотықтыру үшін бихроматтық әдіспен, яғни
жұмсалған тотықтырғышқа оттектің эквивалентті мөлшерде жұмсалуы
әдісімен анықталған оттектің мөлшері.
Көлдерді (су қоймалары функциясын атқаратын басқа да су қоры бар
орындарды) ұзақ уақыт бойы қалыптасқан күрделі экологиялық жүйе деп
қарастыруға болады. Олардың құрамында үнемі қоспалар құрамының
өзгерістері жүріп жатады, сөйтіп тепе-теңдікке жақын күй сақталады. Ал бұл
тепе-теңдіктен ауытқуы су организмдерінің популяциясының қырылып
кетуіне әкелуі, тепе-теңдікке келу мүмкіндігінің жойылуы, нәтижесінде
экологиялық жүйе бұзылады. Экологиялық жүйенің қайтадан бастапқы
қалпына келу процестері өздігінен тазалану процесі деп аталады. Олардың
ішіндегі негізгілеріне төмендегілер жатады:
- каллоидты қоспалардың каогуляциясы мен ірі дисперсті қоспалардың
тұнбаға түсірілуі;
- органикалық қоспалардың тотығуы (минералдануы);
- минералды қоспалардың оттекпен тотығуы;
- су қоймасының буферлік сыйымдылығы әсерінен қышқылдар мен
негіздердің бейтараптануы;
-
ауыр
металдардың
гидролизі
нәтижесінде
нашар
еритін
гидроксидтердің түзіліп, олардың ерітіндіден бөлінуі.
Су қоймалары мен бөгеттердегі суларға әсер ететін ақаба сулардың
негізгі сипаттамасы, олар: қоспалардың минералдық құрамы, температура,
оттектің мөлшері, рН (сутектік көрсеткіш), зиянды қоспалардың
концентрациясы. Өздігінен тазалануға үлкен әсер ететін оттектік режим
болып табылады.
61
«Жер беті суларын ақаба сулардың ластануынан қорғау ережелеріне»
қарай тазаланғаннан кейін су қоймаларына жіберілетін ақаба суларға
қойылатын талаптар бойынша төмендегідей сипатталады:
1) Судың лайлылығы - лайлылықты өлшейтін құралмен (мутномер)
анықтайды. Зерттелетін суды эталонды сумен салыстырады, оны каолинді
дистильденген суда (немесе инфузорлық топырақты еріту арқылы) еріту
арқылы дайындалады, өлшем бірлігі мг/л.
2) Судың түсі - зерттелетін судың түсі стандартты шкаламен салыстыру
арқылы анықталады. Стандартты ерітінділерді кобальт тұздарын еріту арқылы
дайындайды. Өлшем бірлігі түс-градусы деп белгіленген.
3) Құрғақ қалдық - суды буландырғаннан кейін қалған тұздар мен басқа
заттардың салмағымен анықталады, өлшем бірлігі мг/л.
4) Қышқылдығы - сутектік көрсеткіші рН – метр көмегімен анықталады,
табиғи су үшін – рН ›7 болады.
5) Кермектілігі - Са
2+
және Мg
2+
тұздарының концентрациясына
байланысты болады.
6) Еріген оттек - судың температурасымен барометрлік қысымына
байланысты болып, мг/л-мен өлшенеді.
7) Оттектегі биологиялық қажеттілік (ОБҚ) – ақаба сулардағы
микроорганизмдердің сіңірген оттек мөлшері.
Су айдындарын, қоймаларды химиялық заттардан басқа пестицидтер
және гербицидтерде ластайды. Ауыл шаруашылық дақылдары мен орман
алқаптарын пестицидтермен өңдегенде, олар жаңбыр және тоспа сулар
арқылы өсімдікке, топыраққа сіңеді.
Жер асты сулары микробтармен және химиялық заттармен ластануы
мүмкін. Жер асты суларында, кейбір патогенді бактериялар мен вирустар
тіршілік әрекетін ұзақ уақыт сақтайды. Егер топырақ қабаты, өзінің тазарту-
сүзгі қабілетін жоғалтса, онда жер асты суларына әртүрлі шайынды және
ақаба сулар қосылуымен қатар, олардың құрамындағы әртүрлі қоқыс заттар да
көбейеді.
Судағы еріген оттегі, ондағы балықтар тіршілігі үшін басты көрсеткіш
болғандықтан, оның судағы қызметі, оттегінің химиялық жұмсалуы (ОХЖ)
және оттегінің биохимиялық тұтынылуы (ОБТ) арқылы сипатталады.
Су нысандарындағы су сапасына қойылатын талаптардан басқа, өндіріс
орындарынан шыққан ағын, ақаба суларға қойылатын шектеулер және
нормалар бар, оларды мекеме, объекті басшылары қатаң басшылыққа алуы
тиіс. Су объектілеріне, мынадай ағын суларды қосуға болмайды:
- рационалды технологияны пайдаланып сумен қамсыздандыру
жұмыстарына қайта қолдануға жарайтын сулар;
- бөліп алуға болатын, құнды қоспалары бар ағын сулар;
- құрамында, нормативтерде белгіленген технологиялық шығыннан
жоғары мөлшері бар реагенттер, құрамында жартылай өнім мен шикізаттары
бар сулар;
- концентрациясы әлі бекітілмеген зиянды заттары бар сулар;
62
- санитарлық талаптарды сақтау арқылы ауыл шаруашылығын суғару
жұмыстарына жарамды сулар.
Су бөгеттері мен қоймалардағы биохимиялық процестердің дұрыс
жүріп, судың өздігінен тазалануын қамтамасыз етуі үшін ондағы еріген
отттектің жеткілікті дәрежеде болуы қажет. Ол жеткіліксіз болған жағдайда
судағы өсімдіктер өле бастайды.
Көптеген өндіріс орындары ақаба суларды алдын-ала тазалап, содан соң
ақаба сулардың рұқсатты дәрежеге жеткен кезінде ғана қосудың орнына (бұл
операция өте қымбат және көп уақыт қажет етеіндіктен) жай ғана таза сумен
бірнеше есе сұйылту арқылы тазалайды. Сөйтіп, сапасыз тазалаудың
нәтижесінде қоршаған ортаға, үлкен көлдер мен өзендерге түрлі металдар мен
органикалық заттар, биологиялық өндірістің қалдықтары мен көптеген зиянды
заттар барып құйылып, араласып жатады.
Сөйтіп, адамның шаруашылық қызметінің нәтижесінде судың
айналымына әсер етуінен жер бетіндегі су қоймалары азайып, олардың
өздігінен тазалануы төмендеп, тіпті кейде мүлде жоғалып, табиғи сулардың
деградациясы жүріп жатады. Бұл жағдайды жөндеу үшін қайтарымды суды
пайдаланудың жабық жүйесін енгізу қажет. Бұл әрі экономикалық жағынан
тиімді болып келеді.
Су неғұрлым көп есе қайтарыла пайдаланылса, су пайдалану жүйесі
соншалықты жетілдірілген деп саналады. Өндіріс түріне қарай еселік үлес әр
түрлі, мысалы, мұнай химиясында – 7, қара және түсті металлургияда – 5,
тамақ өнеркәсібінде – 3, жеңіл өнеркәсіпте – 1,3.
Достарыңызбен бөлісу: |