7.2 Табиғи қорларын тиімді пайдалану
Табиғи қорлар
- адамның өз мақсаттары мен өмір сүруін қамтамасыз
ету мақсатында қолданатын табиғи заттар және құбылыстар жиынтығы. Оған
ауа, күн, жел, су, жер, ормандар, табиғи құрылыс материалдары, пайдалы
қазбалар және басқаларды жатқызуға болады.
Табиғи қорлар түрі бойынша табиғи құбылыстар (күн энергиясы, жел,
теңіз суының қайтуы мен келуі), жануарлар әлемі, өсімдіктер әлемі, табиғи
заттар (су, ауа, топырақ) және пайдалы қазбалар (мұнай, алтын, темір және
т.б.) болып бөлінеді. Сонымен қатар, пайдалы қазбалар пайдалануға дайын
(көмір, қымбат тастар мен минералдар, тұз) және өңдеуді қажет ететіндер
(мұнай, руда, тыңайтқыштар) болып бөлінеді.
Табиғи қорлар таусылатын және таусылмайтын болып бөлінеді.
Таусылмайтын табиғи қорлар - бұл ұзақ мерзімді табиғатты
пайдаланғанда мөлшері мен сапасы өзгермейтін немесе өзгерісі сезілмейтін
табиғи физикалық құбылыстар мен заттар. Мұндай қорлар күн энергиясы, жел
энергиясы, қозғалыстағы су энергиясы, жер қойнауының энергиясы және
тағы басқалар.
Таусылатын табиғи қорлар
- бұл ұзақ мерзімді табиғатты пайдаланғанда
мөлшері мен сапасы өзгеретін табиғи физикалық құбылыстар мен заттар.
80
Сонымен бірге табиғи қорларды төмендегідей тұрғыда бөлуге болады:
- өзіндік орнын толтыра алатын (өсімдік пен жануарлар әлемі,
микроағзалар әлемі);
- өзіндік орнын толтыра алмайтын (қазба байлықтар);
- салыстырмалы өзіндік орнын толтыра алатын (құнарлы топырақ,
кесілген ағаш және т.б. лар).
Қазақстанда сан-алуан пайдалы қазбалар бар. Менделеев кестесінің 105
элементінің 99-ы Қазақстанда табылған, оның 70-нің қоры анықталған, қазір
60-тан астам элемент өндіріске енгізілген. Қазіргі кезде 493 кен қазба орны
белгілі болып отыр, минералдық шикізаттың 1225 түрі бар.
Қазақстан дүние жүзі бойынша мырыштың, вольфрамның және бариттің
зерттелген қорлары бойынша – бірінші орын, күміс, қорғасын және хром
қорлары бойынша - екінші орын, мыс пен флюорит қорлары бойынша –
үшінші орын, молибден қорлары бойынша - төртінші орын, алтын қорлары
бойынша - алтыншы орын алады.
Қазақстанның пайдалы қазбалар қорын геологиялық-экономикалық
бағалау нәтижесі бойынша экономикалық маңызы жағынан көмір, мұнай,
мыс, темір, қорғасын, мырыш, хромит, алтын, марганец алдыңғы қатарда тұр.
Табиғатты қолдану - бұл адамның өмірін қамтамасыз етуі үшін
қоршаған ортаның заттары мен құбылыстарын пайдалануы. Адамның
табиғатты қолдануы төрт түрлі формада жүреді: өмірін қамтамасыз ету,
шаруашылық-экономикалық, денсаулықты түзеу, мәдени.
Адамның табиғатты қолдану формалары екі түрде жүзеге асады: жалпы
және арнайы табиғатты қолдану
.
Жалпы
табиғатты қолдану ешқандай
рұқсатты талап етпейді (суды, ауаны пайдалану).
Арнайы табиғатты қолдану
мемлекеттік
рұқсатты талап етеді.
Ал шаруашылықты жүргізу нәтижелері негізінде табиғатты қолдану
тиімді
және
тиімсіз
деп бөлінеді.
Табиғатты
тиімсіз пайдалану
табиғи қорлардың азаюына, экожүйедегі
тепе теңдіктің бұзылуына, ал ең соңында экологиялық дағдарыс пен апатқа
алып келеді. Бұның бәрі басшылардың қызықпаушылығынан, экологиялық
мәдениеттің төменділігімен, экологиялық процестерді жете білмеуінен,
қоршаған ортаны қорғаудың принциптерін білмеуден туындайды.
Табиғатты тиімді пайдалану
мына ерекшеліктермен сипатталынады:
- табиғат қорларын пайдалану оны толықтырып отырумен бірге жүруі
керек (орны толатын қорлар үшін);
- табиғат қорларын кешенді пайдалану;
- табиғат қорларын қайталап пайдалану;
- табиғатты қорғайтын шаралар жүргізу;
- қоршаған табиғи ортаға антропогендік әсерді азайту үшін жаңа
технологияларды енгізіп отыру.
Табиғи қорларды пайдалану мәселелері.
Су - жалпы планерлық масштабта
таусылмайтын қорға жатады, себебі оның жалпы көлемі мұхит, атмосферамен
құрлық арасында жүретін тұрақты айналыммен толықтырылып отырады.
81
Қазіргі кезде негізгі мәселе таза судың әртүрлі зиянды заттармен
ластануы, олар: пестицидтер мен улы химикаттар, мұнай мен оның өнімдері
және т.б., бұл мәселе барлық өндірісі дамыған елдерге тән құбылыс.
Су қорларын тиімді пайдаланудың негізгі бағыттары: қайта пайдалану;
жаңа тазартқыш технологияларды қолдану; ұйымдық шаралар.
Пайдалы қазбалар.
Минералды шикізаттарды кешенді пайдаланудың
қалып қалуы өндірістік қалдықтардан көптеген минералдар түрлерін
технологиялардың жетілген түрлерінің жоқтығынан әлі күнге дейін
алынбауынан болып отыр. Жерден қазба қорлар толығымен де алынбай отыр.
(Мысалы: факелдерде миллиардтаған кубометр мұнай газы жағылуда).
Өсімдіктер мен жануарлар әлемі.
Өсімдіктер әлемін тиімді пайдалану
орман қорларын тиімді пайдалану мен оның өсімділігін арттырудан тұрады.
Осы мәселені жүзеге асыру үшін арнайы табиғат аймақтары мен қорлары
(заповедниктер, мемлекеттік табиғи парктер, ұлттық қорлар, ормандар)
құрылған.
Жерді пайдалану.
Жерді барлық түрде пайдалану оның
деградациясына алып келеді. Топырақтың адамзат қоғамы үшін маңызын
айтып жеткізу қиын. Егер бұрынғы кезде өскен өнімді жинау кезінде
топырақтың жанама маңызы болуы, себебі ол адамды жабайы өсімдіктер
өнімдерімен қамтамасыз етті, ал жер жыртып, егіншілікпен айналысқан
кезден бастап топырақ азық өнімдерінін көзіне айналды.
Өндірістің кейбір салалары топырақты пайдалануға негізделген. Соның
бірі маңызды азық-түлік өнімдерін жеткізуші ауыл шаруашылығы. Топырақ
ауыл шаруашылығы өндірісін негізгі құралы болып табылады. Топырақтың
орман
шаруашылығында
және
құрылыс
салғанда
-
инженерлік
құрылғылардың
іргетасының
негізгі
ретінде
және
жол
салуда
гидротехникалық құрылыста құрылыс материалы ретінде маңызы зор.
Топырақта жүріп жататын күрделі биологиялық, физика-химиялық және
химиялық процестердің адамзат қоғамының түрлі тіршілік салалары үшін
мәні зор. Осы процестерді тану топырақты іс жүзінде пайдалануда жаңа
мүмкіндіктер ашады. Микробиологиялық және геохимиялық процестерді
зерттеуге байланысты топырақтың халық денсаулығы үшін маңызы анықтала
түседі.
Топырақтағы
физика-химиялық
құбылыстарды
зерттеудің
гидротехникалық құрылыс үшін және алыс қашықтыққа созылған
магистралық құбырлар салу үшін маңызы бар. Топырақтағы биогеохимиялық
және геохимиялық процестерді пайдалы қазба кен орындарын іздеу кезінде
пайдаланады. Жердің ауыл шаруашылығы үшін маңызы ерекше.
Топырақ құнарлығы деп оның табиғи және мәдени өсімдіктердің
қалыпты өсуі мен дамуын қамтамасыз ету қабілетін айтады. Топырақ
құнарлығы оны кез келген борпылдақ тау жынысынан ажыратуға мүмкіндік
беретін ерекше сапа. Бұл сапаның адамзат қоғамы үшін маңызы зор. Табиғи
топырақ құнарлылығы олардың қалыптасуы барысында топырақ түзу
факторы әсерінен болады және табиғи өсімдіктер өсімділігімен бағаланады.
82
Өңделетін жердің құнарлығы ауылшаруашылық өнімдерінің түсім
көлемімен өлшенеді және ауылшаруашылық өндірістің деңгейіне: осы
топырақтың зиянды химиялық қасиетін жоя білуге, қолайлы су мен ауа
режиміне, минерал, органикалық, бактериялық тыңайтқыштар пайдалану
мүмкіндігіне, ауылшаруашылық өндірісінің механикаландыру деңгейіне
байланысты.
Топырақ құнарлылығы тек табиғи қасиеттеріне емес, оны өңдеу
сипатына да байланысты. Табиғи құнарлылық топырақтан жаратылыс
қасиеттеріне байланысты. Тиімді құнарлылық табиғи құнарлылық бөлігі, ол
мәдени өсімдік түсімі түрінде анықталды. Тиімді құнарлылық тыңайтқыш
қолдануға, топырақты ұтымды өңдеуге және т.б. шараларға сәйкес ұлғаяды.
Осылайша жасанды тиімді құнарлылық жасалады.
Ғылым мен ауылшаруашылығындағы тәжірибе дамыған сайын жасанды
құнарлылық арта түседі. Тиімді құнарлылық адамзат қоғамының дауына,
өндіріс күштері мен өндірістік қатынастардың дауына байланысты болады.
Топырақты өңдеу, мелиорация, тыңайтқыш қосу және т.б. шаралар
географиялық жағдайларды ескеріп жоспарлануы және жүзеге асырылуы
керек. Егіншілік дұрыс ұйымдастыру үшін топырақта ғана емес, топырақты
түзуге қатысатын табиғат жағдайларын да жан-жақты зерттеу керек.
Сондықтан топырақ географиялық және жер қыртысы карта георафиялық
жұмыстар маңызға ие болып келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |