85
-
аймақ өңірлік экологиялық жүйе көзқарас негізіндегі аумақтық даму.
Тұрақты дамуға көшудің басымдықтары мыналар:
-
өндіріс пен тұтынудың тұрақты үлгілерін енгізу;
-
жаңа және экологиялық қауіпсіз технологияларды пайдалану;
-
тұрақты көлік жүйелерін дамыту;
-
энергетикалық тиімділік және энергия жинақтау;
-
тұрақты дамудың өңірлік проблемаларын шешу;
-
халықтың әлеуметтік қауіпсіздігінің деңгейін арттыру;
-
экологиялық және гендерлік аспектілерді ескере отырып,
кедейшілікке қарсы күрес;
-
тұрақты даму үшін ғылым мен білім беруді одан әрі дамыту;
-
тарихи және мәдени мұраны сақтау;
-
халықтың денсаулығына төнетін экологиялық қауіп-қатердің
алдын алу және азайту;
-
шөлейттенуге қарсы күрес, биологиялық әралуандықты сақтау;
-
эмиссияларды, оның ішінде қызған газдар мен озон қабатын
бұзатын заттарды азайту;
-
сапалы ауыз суға қол жеткізу;
-
трансшекаралық экологиялық проблемаларды шешу;
-
радиациялық және биохимиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
-
өндіріс қалдықтарын кәдеге асыру.
Тұрақты даму концепциясын жақын болашақта Қазақстанда жүзеге
асыру - ең маңызы мақсат болып табылады. Бұл шаралардың жүзеге
асырылуы экологиялық жағдайдың, экономикалық дамудың, саяси,
әлеуметтік және жалпы қоғамның сапалы жетістігіне алып келеді.
Қазақстанда да экологиялық тұрақты даму бағдарламасы жүзеге
асырылуда. Бағдарлама келесі бағыттарды қамтиды.
Қоршаған ортаны басқару жүйесін жетілдіру.
Бұл бағытта экологиялық
жобалар өз-ара үйлестіріледі және «ҚР ның кедейшіліктен арылу
бағдарламасымен» байланыстырылады. Ол аймақтық қоршаған ортаны қорғау
іс-әрекеттер жоспары, сонымен бірге Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) тарапында
жүзеге асырылатын «Экономикалық дамудың жетістіктеріне шолумен»
бағдарламасына байланысты орындалады. Жоспарлы түрде жергілікті,
әкімшілік, ұлттық және халықаралық тұрғыдағы тұрақты дамумен
байланысты жүргізілетін бағдарламалар мен жобалар мониторингі де
орындалып отырады.
Достарыңызбен бөлісу: