Ф. Р. Жандаулетова, Ж. С. Абдимуратов экология және тұРАҚты даму


Табиғатты қорғау бойынша тұрақты даму



Pdf көрінісі
бет40/45
Дата07.03.2023
өлшемі1,22 Mb.
#171433
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45
Байланысты:
ЭжТД китап 9

 
7.5 Табиғатты қорғау бойынша тұрақты даму 
 
Табиғатты қорғау экономика тұрғысынан басқарылуы қажет, яғни іс-
әрекетінен көрген пайдасы қоршаған орта мен басқа мекемелерге әсері 
арқылы есептелініп, құқықтық және нормативтік тұрғыдан зиян келтіруші 
кәсіпорынға үлкен көлемде салық салынуы керек. Керісінше, өнеркәсіп 
орындары зиянды шығарымдарды азайтса, оларға кейбір экономикалық 
жеңілдіктер қарастырылуы керек. 
Әрбір елде табиғатты қорғауға арналған қаржы қоры құрылуы қажет. 
Осы қор арқылы алдыңғы қатарлы технологияларды пайдалану, сүзгіштерді 
қолдану және алдыңғы қатарлы құрал-жабдықтар мен механизмдерді сатып 
алуға, зиянды әсерді азайту жолдарын қарастыратын ғылымды дамытуға 
болады. 
Қазақстандағы 
тәуелсіздік 
жылдары 
экологиялық 
қауіпсіздікті 
қамтамасыз етудің мүлде жаңа мемлекеттік жүйесінің құрылуының және 
қалыптасуының, Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау 


88 
саласындағы атқарушы органдардың жақсы ұйымдастырылған және аумақтық 
таралған жүйесін - қоршаған ортаны қорғау мен табиғат пайдалануды 
басқарудың жылдары болды. Бұл қоршаған ортаны қорғау және табиғи 
ресурстарды ұтымды пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты 
қалыптастыруды және дәйекті іске асыруды қамтамасыз етті. 
Алайда, Қазақстанда көптеген онжылдықтар бойы қоршаған ортаға 
төтенше жоғары техногендік салмақ түсіретін, табиғат пайдаланудың көбінесе 
шикізат жүйесі қалыптасты. Сондықтан әзірге экологиялық жағдайдың 
түбегейлі жақсаруы әзір бола қойған жоқ әрі ол бұрынғысынша биосфераның 
тұрақсыздануына, оның қоғамның тіршілік әрекеті үшін қажетті қоршаған 
ортаның сапасын оның қолдау қабілетін жоғалтуына апаратын табиғи 
жүйелердің тозуымен сипатталады. 
Ұлттық экономиканың барлық салаларын реформалау - табиғи қорларды 
пайдалануға көз-қарастардың өзгеруіне, қоршаған ортаны сақтауды ескере 
отырып, әлеуметтік-экономикалық дамуды жүзеге асыруға негіз болды. 
Табиғат қорларын тиімді пайдаланудың ең басты шарты олардың ақылы 
болуы және айып төлеу құны артуы қажет. Ол айыптар мынандай 
жағдайларда төленуі керек: 
-
табиғатты пайдаланудағы жалға алу және дифференциалдық 
төлем; 
-
табиғат ресурстарының орнын толтыру шығындары, айып төлемдер; 
-
табиғат қорларын қалпына келтіру шығындары; 
-
кендерді іріктеп өндіргенде, бос жыныстар араластырғанда 
төленетін айып; 
-
пайдалы компоненттерді толық өндірмегені, жоғалтқаны үшін 
айып төлеу; 
-
табиғат қорғау шығындарын қайтару, табиғи ортаны ластағаны 
үшін төлем, табиғи ортаға келтірілген зиянның орнын толтыру; 
-
табиғат қорларын пайдалану салығын төлеу. 
Табиғатты пайдалану төлемдері, негізінен, табиғат қорғау, тиімді 
пайдалану мақсатында экономикалық ынталандыру үшін қолданылатын 
басқару тетігі болып табылады. Олар табиғат қорғау заңдарының іске 
асырылуын қамтамасыз етеді және халықтың әлеуметтік жағдайын 
жақсартуға көмегін тигізеді. Ал, ең негізгі қызметі табиғатты қорғау, тиімді 
пайдалану шараларына ынталандыру, жауапкершілікті арттыру болып 
табылады.
Тұрақты дамудың алғы шарттары.
Соңғы жылдары табиғатты қорғау 
мәселелері бойынша республикада көп жұмыс атқарылуда. Қоршаған ортаны 
қорғау саласындағы заңнаманы қалыптастыру жалғасуда. Экологиялық 
кодекс, Қазақстан Республикасына тозған және “лас” технологиялар мен 
жабдықтарды әкелуге тыйым салатын және әкелуді шектейтін экологиялық 
қауіпті технологияларды, техникаларды және жабдықтарды әкелуді реттеу 
мәселесі туралы заң, дәстүрден тыс энергия көздерін пайдалануды қолдау 
туралы заң қабылданды. Президент Жарлығымен Қазақстан Республикасының 


89 
орнықты дамуға көшу тұжырымдамасы мақұлданды. Киото хаттамасы 
ратификацияланды. Экология және су сапасы, осы стратегиялық ресурсты 
кешендік зерттеу және қорғау мәселелерін шешетін Еуразия су орталығы 
құрылды. Қолданатын шара кешені есебінен Қазақстан Республикасында 
экологиялық жағдай, тұтастай алғанда, тұрақты қалыпта, эмиссияларды 
төмендетуге, экологиялық тиімді таза технологияға өтуге алғышарттар 
жасалды. 
Алайда, әлемдік экономикалық дағдарыс жағдайында экологиялық 
жағдайдың нашарлауына жол бермеу жөнінен озық шаралар қажет. Тиімді 
қоршаған ортаны қорғауға да, экономикалық тұрақтылықты сақтауға да 
мүмкіндік беретін үйлестірілген қадам болуы тиіс. Әлемдік экономикадағы 
дағдарыс құбылыстарына орай жағдайдың өзгеру есебінен құрылған 
экологиялық саладағы резервті және мүмкіндіктерді тиімді пайдалану керек. 
Министрлік Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес “Жасыл 
даму” бағдарламасының жобасын әзірледі. Мемлекеттік бағдарлама 
жобасына қазіргі таңда іске асырылып жатқан және әзірленудегі 
бағдарламалар енгізілді. “Жасыл даму” бағдарламасы қоршаған орта 
компоненттеріне және халық денсаулығына антропогендік әсерді төмендету, 
табиғи экожүйелерді сақтау және қалпына келтіру, қоршаған ортаның сапасын 
басқару жүйесін дамыту және жетілдіру сияқты бағыттардан тұрады.
Бірінші бағыт
бойынша атмосфералық ауаның сапасын арттыру, су ре-
сурстарының тапшылығын төмендету, тұрғындар денсаулығының жағдайын 
жақсарту жөнінде іс-шаралар көзделген.
Екінші бағыт
бойынша радиациялық, химиялық, биологиялық ластануға 
ұшыраған экологиялық апат аймағын және аумағын оңалту, шөлейттенуді 
және жердің тозуын болдырмау, биосаналуандылықты сақтау жөнінде іс-
шаралар өткізілмек.
Үшінші бағыт
басқарудың заңнамалық тетіктерін жетілдіру және іске 
асыру, халықаралық қатынастарды дамыту, қоршаған ортаны қорғау және 
табиғатты пайдалану экологиялық құралдары, қоршаған орта және табиғи 
ресурстар мониторингі жүйесін ғылыми қамтамасыз ету және дамыту жөнінде 
іс-шараларды қамтиды. 
Бағдарламаны іске асырудың маңызды тетіктерінің бірі - экологиялық 
активтерді құру, табиғатты қорғау іс-шараларын іске асыру және қоршаған 
ортаны қорғау саласындағы кәсіпкерлік орнын дамыту міндетін атқаратын 
“Жасыл даму” өндіріс және тұтыну қалдықтарын басқару бойынша ұлттық 
орталығын құру. Орталықтың негізгі мақсаты - қалдықтардың барлық 
түрлерін кәдеге жарататын технологиялық кешендер мен экологиялық 
жабдықтарды өндіру бойынша зауыттар құру. 
Қазақстанда тұңғыш рет экологиялық проблемаларды шешуге ғана 
бағытталатын Ұлттық қор құрылады. Экологиялық төлемдер мен айыппұлдар 
түрінде түскен қаражатты (жыл сайын 80 млрд. теңгеге жуық) Ұлттық қорда 
жинақтау жоспарланып отыр. Кейін қаражат нысаналы трансферттер түрінде 
“Жасыл даму” орталығына жолданады, одан әрі экологиялық жобалардың іске 


90 
асырылуын қаржыландырмақ. “Жасыл даму” орталығын қаржыландыру 
бюджеттік қаражат есебінен, сондай-ақ, халықаралық ұйымдардың гранттары 
есебінен жүргізілетіндігі болжануда. Сонымен қатар, жеке бизнеспен тең 
қаржыландыру сұлбалары, концессия қолданылады. 
БҰҰ Жаһандық экологиялық қоры, ЮНИФЕС, Дүниежүзілік банк, 
ЕҚДБ сияқты халықаралық донорлар гранттарды бөлуге немесе тең 
қаржыландыруға негізделген халықаралық бағдарламалар бойынша жұмыс 
жасайды. 
“Жасыл даму” орталығы Ұлттық қор қаражатын пайдалана отырып, 
түрлі жобаларды тең қаржыландыруға қатысады, ол халықаралық донорлар 
үшін олардың қызығушылығын айтарлықтай ұлғайта түседі. Қазіргі таңда 
БҰҰ Таза технологиялар қоры, Дүниежүзілік банк, Жаһандық экологиялық 
қор, БҰҰ ДБ сияқты халықаралық ұйымдардың қаражаттарын тарту жөнінде 
алдын-ала келісімге қол жеткізілді. 
Қазақстан “Жасыл даму” жолына тұруы тиіс, яғни, қоршаған орта 
тұтастығын сақтай отырып, экономикалық өсуге қол жеткізуі қажет, Киото 
хаттамасы тетіктерін іске асырудан түскен қаражат тек экологиялық 
жобаларға жұмсалуы керек. 
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы көрсетілген басым бағыттарды 
іске асыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар дағдарыс құбылыстарын 
жеңу процесінде қоршаған орта сапасын жақсартуға және қоғамның 
экологиялық орнықты дамуына қолайлы деңгейді қамтамасыз етуге мүмкіндік 
береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет