83
Қазіргі әлемде өмір сүру сапасы негізгі құрамдас бөліктермен: өмір
сүрудің ұзақтығымен, әл-ауқатының деңгейімен және қоршаған ортаның жай-
күйімен айқындалады.
Қоғам, табиғат және адам халықаралық университетінің (Дубна, Ресей)
өмір сүру сапасы индексі бойынша рейтинг көшбасшысы Норвегияның
коэффициенті – 3,83, Ресей – 1,57, Қытай – 0,34-ке тең болғанда, Қазақстан
1,17 коэффициентпен 78-ші орында тұр.
Қазақстанда халықтың денсаулық
жағдайы мен адамдардың өмір
сүруінің ұзақтығы басқа елдердің көрсеткіштерімен салыстырғанда елеулі
түрде артта қалып отыр. Осылайша, халықтың өмір сүруінің орташа ұзақтығы
2005 жылы 65,9 жасты құраса, ал Жапонияда бұл көрсеткіш 80 жасқа
жақындайды.
Мемлекеттің әлеуметтік және институционалдық мүмкіндіктері мен
халықаралық белсенділігін, халық денсаулығының экологиялық аспектілерін,
экологиялық күйзелістерді, экожүйенің жай-күйінің көрсеткіштерін қоса
алғанда Қазақстан Республикасы 63,8 индексімен 70-орында тұр, ал
көшбасшы
елдер Жаңа Зеландия, Швеция және Финляндияда бұл көрсеткіш
87-88 балға жеткен.
Қазақстан адам әлеуетінің даму индексі (АӘДИ) бойынша елдер
рейтингінде 80-ші орынға ие. Сонымен, 2024 жылға дейін Қазақстан
Республикасы өмір сүру сапасы деңгейі бойынша әлемдегі барынша бәсекеге
қабілетті және дамыған елдердің қатарында орнығу үшін ресурстарды
пайдалану
тиімділігін арттыру, өмір сүру жасын ұзарту, экологиялық
тұрақтылық индексінің өсуін қамтамасыз ету қажет.
Жүргізілген есептеулер әлемдегі бәсекеге қабілетті елдердің қатарынан
тұрақты орын алу үшін Қазақстан 2013 жылдан 2018 жылға дейінгі кезеңде
мынадай параметрлерге сәйкес келуге тиіс екенін көрсетеді:
- ҚПТ - кемінде 43 %;
- қорларды пайдалану жиынтығы - кемінде 246,86 ГВт;
- өндірілген жылдық жиынтық өнім - кемінде 113,1 ГВт.
Болжамға сәйкес, осы кезеңде дәл осындай өлшемдерге әлемдегі
неғұрлым бәсекеге қабілетті елу ел сәйкес келетін болады. 53%-ға
тең ҚПТ
кезінде «тұрақты даму» траекториясына шығу және жаңартуға келмейтін
табиғат байлықтары есебінен емес, неғұрлым тиімді, «озыңқы» технологиялар
есебінен экономиканың өсуі қамтамасыз етіледі.
Қазақстан Республикасы халқының саны тұрақты дамудың маңызды
өлшемі болып табылады. Халықтың тығыздығының төмен болуы (шекара
айтарлықтай созылған жағдайда) әрдайым мемлекеттің дамуындағы
тұрақсыздық факторы болып табылады.
Ел аумағының елеулі бөлігі шаруашылыққа игеру үшін қиын және
халықты Қазақстанның барлық өңірлеріне бірдей
орналастыру міндетін қою
мүмкін еместігіне қарамастан, халық санын белгілі бір деңгейде ұстап тұру
қажет,
сонымен
бірге
экономикалық
мүмкіндіктерді
өрістету,
қазақстандықтардың көршілес әлем ұлттарының арасында генетикалық және
84
мәдени
әлеуетін
сақтау,
өңірлер
арасындағы
атап
айтқанда,
инфрақұрылымның әлсіздігі мен демографиялық теңсіздікке байланысты
жағымсыз саралануды еңсеру қажет.
Халық санының неғұрлым оңтайлы мақсатты деңгейі 2024 жылға қарай
18 миллион тұрғынға қол жеткізу болып табылады. Ол үшін
табиғи өсім
көрсеткішін 1000 адамға шаққанда 12,68-ге (қазіргі кезде -8,0), өмір сүрудің
орташа ұзақтығын 73 жасқа дейін жеткізу, туу көрсеткішін 1000 адамға
шаққанда өмірге келетін кемінде 22 адам деңгейінде ұстап тұру талап етіледі.
Ерлердің және әйелдердің өмір сүруінің орташа ұзақтығындағы алшақтықты
7,5 жылға (қазіргі кезде - 11 жыл) азайту қажет.
Достарыңызбен бөлісу: