87
ұсыныстарын әкімшілік шеңберде мемлекеттік тиімді басқарумен және сектор
аралық нығайту мәселелерімен тығыз байланыстыру болып табылады.
Қазақстан Республикасы әлемдік қоғамдастыққа толыққанды қатысушы
ретінде ХХІ ғасырға арналған күн тәртібінде (Рио-де-Жанейро, 1992 жыл)
және Мыңжылдық самиті (Нью-Йорк, 2000 жыл) мен Тұрақты даму жөніндегі
әлемдік саммит (2002 жыл, Йоханнесбург) декларацияларында қойылған
міндеттерді орындау жөнінде міндеттемелер қабылдады.
Қазақстан Республикасы тұрақты дамуға қол жеткізу бағытында
бірқатар шаралар қабылдады. Қазақстан БҰҰ -ның Тұрақты даму жөніндегі
комиссиясының, «Еуропа үшін қоршаған орта» және «Азия үшін қоршаған
орта мен тұрақты даму» процестерінің, тұрақты даму үшін Дүниежүзілік
кәсіпкерлер кеңесі өңірлік еуразиялық желісінің мүшесі және белсенді
қатысушысы болып табылады.
Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясы, 2015 жылға дейінгі
индустриялық-инновациялық даму стратегиясы, 2004-2015 жылдарға дейінгі
экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасы, Қазақстан Республикасының 2015
жылға дейінгі аумақтық даму стратегиясы қабылданды, Қазақстан
Республикасының тұрақты даму жөніндегі кеңесі және «Қазына» тұрақты
даму қоры АҚ құрылды.
Қазақстан
Республикасы
Еуразия
құрлығының
экологиялық
тұрақтылығын қамтамасыз етуде ерекше рөл атқарады. Еуропа мен Азия
арасында саяси, мәдени және экономикалық көпір бола отырып, Қазақстан
құрлықта ландшафтар мен экологиялық жүйелердің дамуында осы тектес
байланыстырушы қызмет атқарады. Қазақстан аумағының көлемі, климат
жағдайларының әр түрлілігі, өңірдің су теңгерімінің ерекшеліктері
Еуразияның күллі аумағындағы экологиялық жағдайды оның Қазақстандағы
тұрақтылығына айтарлықтай тәуелді етеді.
Достарыңызбен бөлісу: