Ф. Р. Жандаулетова, Ж. С. Абдимуратов экология және тұРАҚты даму



Pdf көрінісі
бет41/45
Дата07.03.2023
өлшемі1,22 Mb.
#171433
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45
Байланысты:
ЭжТД китап 9

 
8 Экологиялық мониторинг 
Экологиялық мониторинг – табиғи кұбылыстардың және антропогендік 
іс-әрекеттердің әсерінен коршаған орта жагдайының өзгеруін бақылау
бағалау, тексеру және болжау жүйелері. „Мониторинг" деген термин 
"монитор" - сақтандырушы, кадағалаушы деген латын сөзінен алынған. Бұл 
термин Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) қоршаған орта жөніндегі 
Стокгольм конференниясының алдында (1972 жыл, маусымда) "бақылау" 
ұғымын толықтыру ретінде пайда болды. 
Табиғи және антропогендік әсерлердің ерекшеліктері жеткілікті. 
Антропогендік әсердің деңгейін шектеуші көрсеткіш болып экологиялық 
шектеулі рауалы жүктеме саналады (ЭШРЖ), былайша айтқанда, бұл 
экожүйенің тұрақтылығы шегінен аспайтын адамның шаруашылық әpeкeтi. 
Бұл шектен асушылық экожүйенің тұрақтылығының бұзылуына және 
ыдырауына апарып соғады. Барлық экологиялық жүктемелердің жердегі 
бүкіл жиынтығы биосфераның шаруашылық сиымдылығы шегінен асып 
кеткенде ғана қayiпті ахуал, экологиялық дағдарыс басталып, ол бүкіл 
биосфераның азуына, коршаған ортаның адамның денсаулығы мен оның 
шаруашылығының тұрақтылығы үшін ауыр зардаптары болатындай болып 
өзгеруіне апарып соғады.


91 
Табиғи факторлардың әсерінен биосфера жағдайының үздіксіз өзгеруі 
қайтадан әдетте бастапқы жағдайға оралып отырады. Мысалы, ауа мен 
топырақтың температурасының, кысымының, ылғалдығының өзrepyi кейбір 
тұрақты орташа шамалар шегінде өтеді. Не болса да дағдыдағыдай, табиғи 
процестердің әсерінен аумақты экожүйелер өте баяу түрде өзгереді. Ceбeбi 
қоршаған ортаны өзгертетін сыртқы әсерді жоюға бағытталған экожүйенің 
өзіне тән тұрақтылық қабілеті бар.
Ғаламдық экожүйе коршаған ортаның тұрақтылығын антропогендік 
әсерлерге төтеп бере алатын жағдайға дейін, яғни тұрақтылық шегінен 
шықпағанға дейін сақтай алады. Биота мен коршаған орта өздерінің 
тұрақтылығын кез келген геологиялық кезеңдерде мыңдаған жылдар бойы 
өзгеріссіз сақтап отырды. 
Табиғи факторлармен салыстырғанда антропогендік факторлар 
биосфераның жағдайын аз уақыттың ішінде өзгерте алады. Осы процестердің 
өзгеруін бакылауды дүниежүзіндегі барлық экологиялық тұрғыдан қызмет 
атқаратын (гидрометеорологиялық, сейсмикалық, ионосферлық және 
басқалар) жүйелер жүргізеді. 
Биосфераның абиоталық кұрамының антропогендік өзгеруін және ocы 
өзгерістерге биоталардың жауабын, сонымен қатар антропогендік әсердің 
арқасында экожүйелерде болатын өзгерістерді өлшеуге, бағалауға, болжауға 
экологиялық мониторингтің ақпараттық жүйесі 
жасалды. 
Антропогенді әсерлердің экологиялық мониторингпен негізгі міндеттepi: 
- антропогендік әсер тигізетін көздерді бақылау; 
- антропогендік әсер факторларын бақылау; 
- антропогендік факторлардың әсерінен табиғи ортада жүретін 
процестерді және оның жағдайының өзгеруін бақылау; 
- табиғи ортаның физикалық жағдайын бағалау
- антропогендік факторлар әcepiнeн табиғи ортада болатын 
өзгерістерді болжау және болжамдалған табиғи ортаның жағдайын 
бағалау. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет