ҚАЗАҚСТАН РЕСПУЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ Қазақ ұлттық аграрлық университеті Су ресурстары және мелиорация кафедрасы №6 ДӘРІС тақырыбы: Төгінді сулармен суғару Дәріскер: Набиоллина.М.С. Алматы 2020 Дәріс мақсаты: студеттерді төгінді сулардың түрлерімен және оларға қойылатын талаптармен таныстыру Дәрісте қаралатын сұрақтар: - Дәрісте қаралатын сұрақтар:
1. Төгінді сумен суғарылатын дақылдар 2. Тұздану белгісін анықтау жолдары. 3. Мал қораларынынан шыққан төгінді сумен суғару мөлшерін анықтау .
Қазақстанның төгінді суларының ресурстары
Облыс
|
Төгінді сулардың көлемдері,
млн.м3/жыл
|
Суғару ауданы,
мың га
|
Ықтимал суғару ауданы, мың га
|
Ақмола
|
571
|
0,21
|
32
|
Ақтөбе
|
67
|
0,25
|
13
|
Алматы
|
847
|
12
|
60
|
Атырау
|
152
|
|
20
|
Шығыс Қазақстан
|
481
|
0,88
|
78
|
Батыс Қазақстан
|
41
|
0,12
|
28
|
Жамбыл
|
289
|
0,3
|
20
|
Қызылорда
|
202
|
|
32
|
Қарағанды
|
2023
|
0,09
|
100
|
Қостанай
|
424
|
1,61
|
77
|
Маңғышлақ
|
128
|
0,3
|
18
|
Павлодар
|
1275
|
0,73
|
65
|
Солтүстік Қазақстан
|
35
|
0,07
|
12
|
Оңтүстік Қазақстан
|
186
|
2
|
9
|
Жиыны:
|
6720
|
18,56
|
564
|
Жыл бойы әрекет ететін төгінді суларды пайдалана отырып суғару жүйесі
Төгінді сулармен суғарылатын өсімдіктер. Мұндай сулармен суғару барысында дақылдардың түрін тандай білу керек. Олар топырақтағы биохимиялық процесстерді жылдамдатып, соған себепкер болуы керек. Төгінді сулармен суғарылатын өсімдіктер. Мұндай сулармен суғару барысында дақылдардың түрін тандай білу керек. Олар топырақтағы биохимиялық процесстерді жылдамдатып, соған себепкер болуы керек. Ауыспалы егістіктегі өсімдіктердің түрлерін N 3236-85, 26.03.85 санитарлық ережесі бойынша қабылдауы қажет. Бұл ереже бойынша төгінді сумен бір және көпжылдық шөптерді, мал азығы, техникалық, дәнді, сүрлемдік дақылдарды және отырғызылған ағаштарды суғаруға болады. Ал көкөніс пен бау-бақшаны суғаруға болмайды. Дәнді дақылдарды /арпа, бидай/ төгінді сумен суғару көп таралмаған. Мұндай судағы азот әсерінен бұл дақылдардың сабаны өте көп, ал, дәні аз болады деген ұғым бар. Бірақ, бұл дақылдардың өнімі олардың сортына байланысты. ''Вселоподолянс-499" және "Харьков-4" бидай сорттарын төгінді сумей суғарғанда 3.6-3.7 т/га өнім берсе, Волга бойындағы "Безостая-1" және "Мирон-808" бидайы, «Оңтүстік» арпа сорттары суғарылмайтын егістікке қарағанда өнімді 4 есе көп берген. Дәнді дақылдарды /арпа, бидай/ төгінді сумен суғару көп таралмаған. Мұндай судағы азот әсерінен бұл дақылдардың сабаны өте көп, ал, дәні аз болады деген ұғым бар. Бірақ, бұл дақылдардың өнімі олардың сортына байланысты. ''Вселоподолянс-499" және "Харьков-4" бидай сорттарын төгінді сумей суғарғанда 3.6-3.7 т/га өнім берсе, Волга бойындағы "Безостая-1" және "Мирон-808" бидайы, «Оңтүстік» арпа сорттары суғарылмайтын егістікке қарағанда өнімді 4 есе көп берген.
Көрсеткіш
|
вариант
| | |
1- Өзен суымен суғару
|
2- Төгінді сумен суғару
|
Өнімділік, т/га
|
38,4
|
47,0
|
Шикі протеин, %
|
3,8
|
10,2
|
Май, %
|
1,87
|
1,72
|
Клетчатка, %
|
24,2
|
23,6
|
Күл, %
|
2,8
|
3,4
|
100 кг-дағы м.а.б. мөлшері, кг
|
20
|
22
|
Мал азық бірліктерінің өнімділігі, ц/га
|
75,4
|
103,4
|
1 м.а.б.-дегі қорытылатын протеиннің мөлшері, г
|
109
|
110,0
|
Қорытылатын протеиннің өнімі, га-да
|
0,82
|
0,114
|
Каротин, г/кг
|
13,1
|
12,8
|
Жалпы азот, %
|
0,89
|
0,97
|
Нитратты азот, %
|
0,89
|
0,97
|
Кальций, г/кг
|
1,15
|
1,23
|
Фосфор, г/кг
|
0,36
|
0,42
|
Дәндік жүгерінің химиялық құрамы көрсеткіштерінің өзгеруі
Топыраққа /тұздың тепе-тендігін сақтау үшін/ қанша мөлшерде төгінді су берген жағдайда оның тұздану белгісі пайда болатынын мына теңдеумен анықтайды: Топыраққа /тұздың тепе-тендігін сақтау үшін/ қанша мөлшерде төгінді су берген жағдайда оның тұздану белгісі пайда болатынын мына теңдеумен анықтайды: бұл жерде, Н - топырақтың ылғалданатын қабаты, м.; y - сол қабаттың орташа көлемдік массасы, т/м3; Sо - топырақтың ең теменгі тұздану көрсеткіші, S - топырақтағы егін еккен кездегі тұз мөлшері, %; К - төгіңді судағы тұз мөлшері, т/м3; А - қосымша көрсеткіш 10000 м2/га. Осы анықталған шаманы жылдық шамаға бөлсек, сол топырақтың бірнеше жылдан кейінгі тұздану мүмкіндігін табамыз: Осы анықталған шаманы жылдық шамаға бөлсек, сол топырақтың бірнеше жылдан кейінгі тұздану мүмкіндігін табамыз: Бұл мерзім өткен соң топырақтағы тұз мөлшері қайта анықталады. Егер ол 0.3%-дан көп болса, онда топырақ тұздалды деп есептелінеді. Бірақ көп жағдайда қаладан шыққан төгінді сумен суғарғанда тұз мөлшері барлық уақытта 0.3-тен кем тұрады. Өйткені қыс, күз айларында жауын-шашынның, қардың және күздік сулардың әсерінен тұз жуылып, шайылып, топырақтың төменгі қабатына сіңеді. Қазір ТМД елдерінде 350 мың гектар, ал Қазақстанда 20 мың гектар жер осындай сумен суғарылады. Әрине бұл өте аз. Қазір тек шаруашылық тұрмыстағы судың өзімен елімізде 400 мыңдай гектар жер суғаруға болады. Ол үшін ғылыми жағынан қарастырылған жұмыстарды дамытқан жөн. Сол тұрмыстық төгінді сумен республика бойынша жыл сайын 15 мың тонна азот, 9 мың тонна фосфор, 12 мың тонна калий тыңайтқыштары кетіп жатыр десе де болады. Егер оларды жер суғаруға жұмсасақ біраз тыңайтқыштар үнемделіп, пайдасы болар еді. Олар суда ерітінді түрде болғандықтан өсімдікке тез сініріледі. Бақылау сұрақтары: Бақылау сұрақтары: - Төгінді суларға қандай сулар жатады?
- Олардың түрлері және сапасына қойылатын талаптар
- Төгінді сулармен суғарудың ерекшеліктері қандай?
- 2. Суғару тәртібі мен тәсілдері.
- 3. Ауылшаруашылық дақылдарды төгінді сулармен суғаруға қойылатын тазалық-гигеналық талаптарды айтыңыз?
- 4. Суғару желісі дегеніміз не?
Қорытынды
Қорытындылай келе қазіргі таңда ең маңызды өзекті мәселелердің бірі қала аумағында қолданылған, өндірістік іc- әрекетінде пайдаланылған ақаба суларының тазартылу жолдары, олардың ауыз суды ластамау жолдары. Қала халқының өсуі, ондағы өндіріс орындары жұмыстарының қарқындап өсуінің нәтижесінде ақаба сулардың мөлшері артуда. Судың ластануы, түрлі су экожүйелерін бүлдірумен аяқталады. Негізгі су бассейндерінің ластануы – тазартылмаған ақаба суларды өзен-көлдерге жіберу. Егер де ақаба сулардың тазартуды жаңа технологияларын жандандырып, қолға алсақ ауыз сулардың ластануының салдарын алдын алатын едік.
Назарларыңызға рахмет
Пайдаланылған әдебиет көздері: Пайдаланылған әдебиет көздері: - 1. Зубаиров О., Тілеуқұлов А.Т. Суғару мелиорациясы (оқу құралы), 2014.
- 2. Мустафаев Ж., Қозыкеева Ә.Т. О.З., «Ауылшаруашылық мелиорациясының негізі». Алматы, 2014.
- 3. Суғару мелиорациясы және мелиоративтік жүйелерді жобалау пәнідері бойынша практикум (оқу құралы), 2014.
Достарыңызбен бөлісу: |