Жұмыс істеу қауіпсіздігі (безопасность) – қоршаған ортаға, қызметкерлерге жəнеқондырғыларға əкелетін
зиянды əрекеттерден жұмыс режимінің бұзылу ықтималдығы.
Автоматтандыру және механикаландыру дәрежесі ( степень автоматизации и механизации) - өндірісті
пайдаланудағы қол жұмысы мен ауыр еңбек үлесін анықтайды
Әлеуметтік көрсеткіштер – өндірісте жұмыс істеудің қолайлығын жəне оның қоршаған ортаға əсерін
сипаттайды.
Қызмет көрсетудің зиянсыздығы – газдану, шаң-тозаңдану, қатты дауыс деңгейі жəне т.б. талапқа сəйкес
нормада болуын санитарлық-гигиеналық тұрғыдан қадағалау.
Экологиялық қауіпсіздік өндірістің қоршаған ортаға жəне орналасқан аймақтың экологиялық жағдайына
əсер ету дəрежесін анықтайды.
5. Химия-технологиялық жүйе мен үдеріске анықтама беріңіз. Химия-фармацевтикалық технологияның негізгі үдерістерін жіктеңіз және мысалдармен көрсетіңіз. Жүйе - біртұтас жиынтық. Химиялық-технологиялық жүйе (ХТЖ) – бастапқы затты (шикізат) өнімге дейін өңдеуге арналған
аппараттардың, машиналардың, басқа қондырғылардың (элементтер) жəне материалдық, энергетикалық,
басқа ағыстардың (байланыстар) өзара біртұтас жиынтығын айтады.
ХТЖ-нің жалпы белгілері:
– химиялық өнім шығару;
– элементтің көп түрлілігі жəне олардың өзара байланысы;
– жүйенің жұмысын сипаттайтын параметрлер санының көптілігі;
– жүйе жұмысының өзара байланыстылығы мен күрделілігі;
– өндіріс үдерістерін басқаруды автоматтандыру дəрежесінің жоғарылығы;
– жүйенің элементтер арасындағы ақпараттарды басқару жəне тіркеу
Шикізат жəне материалдарды өнімдерге дейін өңдеу операциялары мен үдерістердің жиынтығын
технологиялық үдеріс деп атайды.
Шикізаттан дайын өнім алу мақсатында белгілі бір кезектесіп жүретін жəне бір-бірімен өзара байланысқан
үдерістердің жиынтығын