Технологиялық үдеріс жылдамдығын арттыру тәсілдері:
-əрекеттесуші заттар көлемін төмендету(қатты заттарды ұсақтау)
-температураны жоғарылату
-қысымды жоғарылату
-катализатор қосу
-концентрацияны арттыру
-реагенттерді сұйық гомогенді оратаға енгізу (гомогенді ортада реакция тез жүреді)
7. Шикізат базасы ұғымына анықтама беріңіз және химия өнеркәсібінің бастапқы заттарын көрсетіңіз.
Химиялық өнеркəсіпте шикізат ретінде 80-нен астам элементтер қоспасы пайдаланылады. Бұл элементтер
жер қыртысында біркелкі таралмаған, олар табиғаты, концентрациясы жəне географиялық орналасуы
бойынша əр түрлі болып келеді.
Элементтердің табиғатта таралуының сандық сипаттамаларына
кларк
алынаған.
Кларк
– жер қыртысының
1тоннасына келетін осы элементтің граммен немесе массалық процентпен алынған шамасы. Ең көп оттек, ең
аз сутек
Шикізат
– өндіріс өнімдерін өндіруге пайдаланатын табиғи заттар жəне жартылай өнімдер.
Шикізат – өндірістің экономикасын көрсететін, өндірілетін өнімнің технологиясы мен аппараттарының
таңдалуы мен сапасы тəуелді болып келетін өндірістің ең негізгі элементі.
Достарыңызбен бөлісу: