Гетерогенді процесс деп реагенттері əр түрлі фазаларда болатын химиялық-технологиялық үрдістерді
айтады.
Гетерогенді катализде катализатор реакцияға түсетін заттардан бөлек фаза құрайды да, каталитикалық
процесс жүйенің бөліну шекарасында өтеді. Гетерогенді катализаторлар ретінде металдар мен олардың
оксидтері жəне т.б. пайдаланылады. Катализде микрогетерогенді катализ ерекше орын алады,онда
катализатор коллоидты немесе жоғары молекулалық күйде болады. Мысал ретінде, биокатализатор-
ферменттерінің əсерінен жүретін барлық биопроцестерді келтіруге болады.
Кез келген гетерогенді химиялық үрдіс 3 бірінен соң бірі кезектесіп жүретін сатыдан: • Фазалар айыру бетіне бастапқы реагенттердің диффузиялауы;
• Химиялық реакция;
• Реакция аймағынан түзілетін реакция өнімдерін диффузиялаудан тұрады.
Гетерогенді реакцияның жылдамдығы – фазалар айырымының аудан беті бірлігінде жəне кесімді уақытта
рекцияға түскен немесе реакция нəтижесінде түзілген заттардың мөлшерімен өлшенеді.
Гетерогенді деп екі немесе одан да көп фазалары бар жүйелерді айтады. Мысалы, екі фазалы жүйелер:
газ–сұйық (Г–С), газ–қатты дене (Г–Қ), сұйықтық–сұйықтық (араласпайтын) (С–С), сұйықтық–қатты дене
(С–Қ) жəне қатты дене– қатты дене (Қ–Қ).
Өндірістік тəжірибеде гомогендіге қарағанда, гетерогенді үрдістер көбірек тараған. Əдетте үрдістің
гетерогенді сатысы (масса өту) диффузиялық сипатқа ие болады, ал химиялық реакция газды немесе сұйық
ортада гомогенді өтеді. Бірақ бірқатар өндірістерде үрдістің жалпы жылдамдығын анықтайтын Г – С, Г – Қ, С
– Қ шекарасында гетерогенді реакциялар жүреді.
Химия өнеркəсібінде
Г-Қ жүйесінде каталитикалық емес үрдістер кең қолданылады. Оларға қатты
сорбенттерде газдардың абсорбциясы мен десорбциясы, қатты заттарды буландыру жəне буларын
конденсациялау, қатты отынның пиролизі, қатты материалды əртүрлі күйдіру түрлері жатады. Г-Қ жүйелері
үшін қатты материалдарды күйдіру жəне адсорбция үрдістерінн сипаты жақын.