1. Химиялық технологияның негізгі ұғымдары мен анықтамаларын сипаттап, мысалдар келтіріңіз. Технология, химиялық технология, шикізат, реагент, мақсатты өнім, жанама өнімдер, қосымша материалдар, қалдықтар. Технология



Pdf көрінісі
бет28/69
Дата09.03.2023
өлшемі1,56 Mb.
#171546
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   69
Байланысты:
1. Õèìèÿëû òåõíîëîãèÿíû íåã³çã³ ûìäàðû ìåí àíûòàìàëàðûí ñèï

Деионизация (ион алмасу)
- синтетикалық шайырлардың кейбір түрлерінің судағы катиондардың немесе 
аниондардың адсорбциясына жəне олардың салыстырмалы белсенділігіне байланысты басқа иондардың 
шығарылуына (алмасуына) негізделген ион алмасу процесі. 
Кері осмос.
Су жартылай өткізгіш мембрана арқылы əдеттегі осмотикалық диффузияға кері бағытта 
мəжбүрлі түрде өтеді. Əдетте, тесігінің мөлшері 0,1 – 1 нм болатын мембраналар қолданылады, олар 
органикалық қосылыстарды, бактериялар мен вирустарды ғана емес, сонымен қатар судағы барлық 
иондардың 90-99% ұстап қалады. 
13. Гомогенді химиялық процестерді сипаттап мысалдар келтіріңіз. Осы процесстерде қолданылатын 
реакторлар типтері. Гомофазалы химиялық процесстің жылдамдығына сипаттама беріп, формуласын 
жазыңыз. 
Əрекеттесуші заттардың (реагент) агрегаттық (фазалық) күйіне байланысты химия-технологиялық үрдістер 
гомогенді жəне гетерогенді болып бөлінеді. Бұл жерде каталитикалық емес, яғни катализаторларсыз өтетін 
үрдістер қарастырылады.
«Гомогенді» және «гетерогенді» реакциялар ұғымы «гомофазалы» және «гетерофазалы» үдерістер 
ұғымымен сәйкес келмейді.
 
Реакцияның гомогендігі жəне гетерогендігі белгілі бір дəрежеде, реакцияның қандай да бір фаза көлемінде 
немесе фазалардың бөліну бетінде жүру механизмін көрсетеді. Ал үдерістің гомо жəне гетерофазалылығы 
реакцияға қатысатын бөлшектердің фазалық құрамы туралы түсінік береді. 
Гомогенді 
деп бір текті ортада, яғни жүйенің бөлімдерін бірін бірінен бөлетін жанасу беттері жоқ сұйық 
немесе газ қоспаларында өтетін химиялық үрдістерді атайды. 
Гомогенді орталарда – газды жəне сұйық – көптеген үрдістер тізбек механизм бойынша өтеді: тотығу, 
полимерлену, көмірсутектерін галогендіру, элементтерден хлорсутегінің синтезі жəне басқалар. 
Реакторлар: 
Гомогенді реакторлардың көпшілігі – типті химиялық аппаратура, Г-Г фазалар үрдістер үшін камералық 
жəне құбырлы реакторлар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   69




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет