1. Химиялық технологияның негізгі ұғымдары мен анықтамаларын сипаттап, мысалдар келтіріңіз. Технология, химиялық технология, шикізат, реагент, мақсатты өнім, жанама өнімдер, қосымша материалдар, қалдықтар. Технология



Pdf көрінісі
бет48/69
Дата09.03.2023
өлшемі1,56 Mb.
#171546
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   69
Байланысты:
1. Õèìèÿëû òåõíîëîãèÿíû íåã³çã³ ûìäàðû ìåí àíûòàìàëàðûí ñèï

 
Технологиялық параметрлері
•Т= 400-500°С 
•P = 10-100 Мпа 
•Катализатор – темір 
•Промотор - Al₂O₃, K₂O, CaO 
Өндірістік жағдайда аммиак азот пен сутектен каталитикалық синтездеу арқылы өндіріледі: 
N 2 + 3H 2 → 2NH3 + Q. 
Затты алу процесі 500 ° C температурада жəне 350 атм қысымда жүзеге асырылады. Катализатор 
қолданылады.Алдынан шыққан аммиак салқындату арқылы алынады. Реакцияға түспеген азот пен сутек 
синтезге оралады. 
Зертханалық жағдайда аммиак негізінен аммоний хлориді мен сөндірілген əктен тұратын қоспаны əлсіз 
қыздыру арқылы алынады: 
2NH 4 Cl + Ca (OH) 2 → CaCl 2 + 2NH 3 + 2H 2 O. 
Кептіру үшін дайын қоспаны əк пен каустикалық сода қоспасы арқылы өткізеді. Құрғақ аммиакты ондағы 
металды натрийді ерітіп, кейіннен айдау арқылы алуға болады. 
Бұл токсикант. Тұншықтырғыш жəне нейротропты əсер етуі мүмкін, ингаляциямен улану өкпе ісінуіне жəне 
жүйке жүйесінің зақымдалуына əкелуі мүмкін зат ретінде жіктеледі. 
Аммиакты медицинада қолданылуы: 
* Жəндік,жылан шағуына қарсы лосьондар 
* Антисептикалық мақсатта 
* Тері аурулары(экземпа,дерматит) 
* Тыныс алуды қоздыру 
* Дезинфекция 
* Есінен тану кезінде (нашатырь) 
* Жедел көмек ретінде 
21. Метанол синтезінің физика-химиялық негіздері. Процестің технологиялық параметрлері. 
Метанолдың техникада және медицинада қолданылуы. 
Метил спирті
– көптеген өнімдерді алуға қолданылатын өте қажетті қосылыс. 
Метил спирті таза күйінде еріткіш ретінде жəне мотор отынына қоспа ретінде қолданылады. Молекулалық 
массасы – 32. Қайнау температурасы – 65,5 С, тығыздығы – р =793 кг/м3. Метанол буының ауамен 
қоспасының жарылу шегі – 5,5-36,5 %. 
Метанолы алудың негізгі екі тәсілі белгілі: 
1.Ағаш ұнтағын жəне лигнинді құрғақ айдау 
2. Құмырсқа қышқылының тұздарының термиялық ыдырауы жəне метанның катализатордың бетінде, не 
катализаторсыз қысым жағдайында толық емес тотығуы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   69




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет