Гетеротізбекті полимерлер – көміртек-көміртек типті байланыстармен қатар көміртек-оттек, көміртек-азот
жəне т.б. байланыстардың болуы.
Бұл қосылыстарға табиғи каучуктен басқа барлық маңызды табиғи полимерлер (белоктар, полисахаридтер,
лигнин жəне т.б.), көптеген синтетикалық жолмен алынған полмерлер (полиамидтер, полиэфирлер,
полиуретандар жəне т.б.) жатады.
Элементорганикалық жоғары молекулалық қосылыстарға құрамында көміртек-элемент (титан, қалайы,
алюминий, бор, кремний жəне т.б.) химиялық байланысы бар қосылыстар жатады. Бұл топтың ішінде кең
тарағаны кремнийорганикалық полимерлер – негізгі тізбекті бейорганикалық атомдар, ал бүйір тізбекті
органикалық радикалдар құрайды.
Жоғары молекулалық қосылыстар жылудың әсеріне қатысты термопластикалық және термореактивті деп бөлінеді. Термопластикалық полимерлерге көп рет балқытқанда жəне салқындатқанда өзінің балқымалылығын жəне
ерігіштігін жоғалтпайтын қосылыстар жатады.
Термореактивті полимерлерге қыздырғанда кеңістіктік,
торлы құрылымдар түзетін жəне осы кезде балқитын немесе еритін қабілетін жоғалтатын қосылыстар болып
табылады.
Жоғары молекулалы қосылыстарды алудың негізгі әдістері: Поликонденсация деп қосымша заттар бөле жүретін төмен молекулалы қосылыстардан жоғары молекулалы
қосылыстардың түзілу реакциясын айтады. Поликонденсация əдісі бойынша полимер алу үшін əр түрлі
химиялық реакциялар қолданылады. Олар: этерификациялау, аминдеу, ароматикалық орынбасу жəне т.б.
Поликонденсация екі функционалдық топтардың əрекеттесуінен жүреді. Поликонденсация реакциясын
балқымада, ерітіндіде немесе екі фазаның бөліну шекарасында жүргізіледі. Барлық шығарылатын полимердің
1/4 бөлігі поликонденсация əдісімен алынады.
Полимеризация деп төмен молекулалы заттардың (мономерлердің) қосылып, жоғары молекулалы
қосылыстарды түзу реакциясын атайды. Реакция нəтижесінде қосалқы заттар бөлінбейді, ал алынған
полимердің құрамы мономерге сəйкес келеді.Полимеризация процесі кезінде мономерлерде қос байланыстар
үзіліп немесе циклдер ашылып, топтар арасында химиялық байланыстардың пайда болуынан
макромолекулалар түзіледі. Өндірілетін барлық полимердің ¾ бөлігі полимеризация əдісі арқылы алынады.