1. Химиялық технологияның негізгі ұғымдары мен анықтамаларын сипаттап, мысалдар келтіріңіз. Технология, химиялық технология, шикізат, реагент, мақсатты өнім, жанама өнімдер, қосымша материалдар, қалдықтар. Технология



Pdf көрінісі
бет57/69
Дата09.03.2023
өлшемі1,56 Mb.
#171546
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   69
Байланысты:
1. Õèìèÿëû òåõíîëîãèÿíû íåã³çã³ ûìäàðû ìåí àíûòàìàëàðûí ñèï

Медицинада ЖМҚ қолдану.

Медицина саласында полимерлік материалдардан медициналық аспаптар, арнаулы ыдыстар жəне 
дəрілік препараттарды ораушының түрлі көріністерін дайындауда қолданылады.

Хирургияда жүректің қақпақтарын, стоматологиялық протездер мен көз хрустальдарын жасауда 
қолданылады.

Капсулалы дəрілер фармацевтика тəжірибесінде кеңінен қолданылуда.

Дəрінің тыстары жоғары ерітілген полимерден дайындалады. Дəрілік препараттарды орауда 
пайдаланылады. 

Талшықтардан хирургиялық жіптер алынады. 
25. Пластикалық массалардың жіктелуіне сипаттама беріңіз. Пластикалық массалар өндірісі және 
технологиялық параметрлері. 
Пластикалық массалар өндірісі. 
Үлкен молекулалық массасы жəне өзіне тəн бірқатар қасиетті бар қосылыстарды 
жоғары молекулалық 
қосылыстар немесе полимерлер
деп атайды. Полимердің құрамынан бір немесе бірнеше құраушы 
буындарды алғанда немесе қосқанда физика-химиялық қасиеттер жиыны өзгермейді. 
Пластмассалар
, пластикалық материалдар — құрамында бұйымдарды дайындау кезінде созылғыштық 
немесе жоғары иілгіштік, пайдалану барысында шыны тəріздес немесе кристалдық қалпын сақтайтын 
полимер бар материалдар. Пластмассалар шыны тəрізді немесе кристалды, диэлектрикалық қасиеті жоғары, 
атмосфера əсеріне тұрақты, механикалық жағынан берік болады. 
Пластмассалардың құрамы.
Пластамассалар қарапайым (толтырылмаған) жəне күрделі (толтырылған) 
болып екіге бөлінеді. 
Қарапайым пластмассаны
тек бір ғана жоғары молекулалық қосылыстан – шайырдан алады, мысалы: 
полиэтиленен, полипропиленен, т.б. 
Күрделі пластмасса
– байланыстырғыш шайырдан толтырғыштардан, пластификаторлардан, 
тұрақтандырғыштардан, майлағыштардан, пигменттерден, бояулардан, қатайтушылардан құралған 
композициялық материалдар. Аталған компоненттердің əрқайсысы пластмассаға ерекше қасиет береді. 


Толтырғыштар –
пластмассаның беріктілік отқа, суға, ыстыққа төзімділік қасиеттерін жақсарту үшін 
қосатын зат. Сонымен қатар пластмассаның сыртқы түрін жақсартып, диэлектрикалық қасиетін 
жоғарылатады. Толтырғыш ретінде арзан органикалық жəне минералдық қосылыстар, көбіне: ағаш ұны, қара 
күйе, целлюлоза, тоқыма қалдықтары, шыны талшықтары, қағаз, асбест, графит, слюда қолданылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   69




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет