генетикалық мутация. Резистенттілік себептері: • шектен тыс антибиотиктерді пайдалану
• кейбір елдерде антибиотиктерді рецептсіз сату
• антибиотиктерді малдың тағамына жəне жуғыш заттарға қосу.
Пеницилин - алғашқы антибиотик . Ол ең əсерлі антибиотиктердің бірі. Пенициллин көптеген іріңді
бактерияларды қоса алғанда, бактериялардың көптеген түрін жояды. 1928 жылы өзінің «салақтығынан»,
Флеминг пенициллин преператының негізін қалады. Ол Петри кеселерінің көгеріп кеткен біреуінің ішіне
үңіліп, бактерия колонналарының мөлдір күйге енгенін байқайды. Соның арқасында ғылымға үлкен жаңалық
əкеліп, бактериялық денелерді бұзатын пенициллин белсенді затын ойлап табады. Бастапқыда ол өзі ашқан
жаңалықтың көмегімен дəрі жасауға болатынына аса сене қоймайды. Бірақ оның ісін Говард Флори мен
Эрнст Борис Чейн деген мамандар 1940 - 1941 жылдар аралығында жалғастырып, пенициллинді тазалау
əдісін тəжірибеге енгізді. Олар алғаш болып бактериялық инфекцияларға қарсы емдеу үшін қолданған.
29. Амин қышқылдарының өндірісін сипаттаңыз. Амин қышқылдарының жіктелуі және олардың негізгі қасиеттері. Олардың медицинада қолданылуы. Аминқышқылы – бір немесе бірнеше амин тобынан NH
2
тұратын карбонды қышқылдар, олар табиғатта кең
таралған. Олар табиғи ақуыздардың құрылымдық элементі болып табылады.
Табиғатта аминқышқылдардың 150-ден астам түрі бар. Олардың 20-сына жуығы ақуыздар түзілісінде аса
маңызды қызмет атқаратын мономер. Аминқышқылдары барлық ағзалардың зат алмасу процесіне қатысады.
Ақуыз құрамына кіретін
20 аминқышқылдарының
сегізі адам мен жануардың организмінде синтезделе
алмайды, сондықтан оларды
алмастырылмайтын аминқышқылдары деп аталады. Оған:
изолейцин; лизин; треонин; триптофан; валин;