Өндірісте полиэтиленді үш түрлі әдіспен алады: 1. Комплексті төртхлорлы титан TiCl4, үшэтилалюминий Al(C2H5)3 катализаторы қатысында 0,5-0,8МПа
төмен қысымда 70-800С темпера- турада этиленді полимерлеп алады.
2. Хром, ванадий жəне т.б. катализатордың қатысуымен 130-1700С температурада 3,5-4,0МПа қысымда
еріткіш қатысуымен полимерлеп алады.
3. Жоғары қысымда (130-250МПа) 200-2700С температурада аз мөлшерде оттектің (0,005-0,05) немесе
сутектің асқын тотығының қатысуымен полимерленеді.
Қолданысына және ерекше белгілеріне қарай пластмассалар: 1.
Жалпы қолданыстағы пластмассалар – физика-механикалық жəне химиялық қасиеттеріне ерекше
көңіл бөлінбейтін материалдар.
2.
Жоғары мықтылықты пластмассалар - сығу мен бүгу кезінде мықтылықтың жоғары шегімен,
жоғары тозуға тұрақтылықпен, үйкелудің жоғары коэффициентімен сипатталады. Бұл мысалы, құбыр,
дөңгелек жасауда қолданады.
3.
Антикоррозиялық пластмассалар – суға, қышқылдарға, тұз ерітінділеріне жəне органикалық
еріткіштерге қатысты жоғары химиялық тұрақтылыққа ие болады.
4.
Мөлдір пластмассалар - жарық сəулелерін толқындардың кең диапазонында, көбінесе спектрдің
ультрафиолетті бөлігін, өткізеді, сол арқылы олар өздерінің оптикалық қасиеттері бойынша шыны мен
хрустальдің ең жақсы сорттарына жақындайды жəне сол қасиет бойынша силикат шынысынан
артықшылығын көрсетеді.
5.
Аязға тұрақты пластмассалар — төмен температурада майысқақтық қаситеттерін сақтайды.
6.
Жылуға тұрақты пластмассалар — температура жоғарылаған кезде жұмсармай тұру қабілетіне ие.
Мұндай пластмассалар өндіріс пен тұрмыстық жағдайларында кең қолданылады, бөлек жағдайларда
олар керамика мен металды алмастырады.
7.
Электроқшаулағыш пластмассалар — төмен диэлектрлік тұрақтымен, жоғары электр
тығыздығымен, жоғары көлемдік беттік кедергімен сипатталады. Оларды электртехникасындағы
сымдар мен электрқұрылғыларын оқшауландыру үшін қолданады.
8.